Accessibility links

«Сириядағы қазақтар» туралы қауесет қайта жанданды


Ақтөбе облысы Темір ауданындағы мешіттердің бірі. 14 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы мешіттердің бірі. 14 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбелік БАҚ «Сирияда соғысып жүр» деп сипаттаған адамдардың туыстары «балаларымыз Египетте діни білім алып жатыр» дейді. Билік өкілі оларды Қазақстанда дін оқуға шақырды.

Ақтөбе облысындағы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) «Темір ауданының сегіз тұрғыны Сирияға соғысуға кеткен» деген ақпарат таратқан еді. Осы хабардан кейін Азаттық тілшісі ол адамдардың екеуінің – ерлі-зайыпты Әсем Қырқымбаева мен Әсет Амангелдиевтердің туыстарымен сөйлесті.

Әсемнің анасы, Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің тұрғыны Дәукен Қырқымбаеваның айтуынша, қызы мен күйеу баласы 8 айлық нәрестелерін алып, Египетке діни білім алуға кеткен.

– Менің қызым мен күйеу балам Сирияда емес. Жұрт босқа даурығып жүр. Қызыммен Skype арқылы сөйлесіп тұрамын. Айтуларынша, тұрақтары –Египеттің Александрия қаласы. Соңғы рет сөйлескенімізде «Мама, алаңдама. Біз мұнда білім алу үшін ғана келгенбіз» деді, – дейді Дәукен Қырқымбаева.

«ОЛАР БІЛІМ ІЗДЕП КЕТТІ»

Туыстары «Мысырда жүр» деп сипаттап отырған Әсем Қырқымбаева мен Әсет Амангелдиев шетелге биыл жазда туристік жолдамамен кеткен. Дін жолын ұстанатын ерлі-зайыптылар жоспарларын туыстарына да ашып айтпаған. Әсемнің ағасы Қайрат Қырқымбаев олардың үн-түнсіз кетіп қалғандарына ренжіп, қарындасымен күні кешеге дейін сөйлеспегенін айтады.
Олар мініп жүрген көліктерін сатып, білім іздеп кетті.

– Күйеу балам қарашаның 12-сі күні қоңырау шалып «алаңдамаңдар» деді. Олар мініп жүрген көліктерін сатып, білім іздеп кетті, – деді Қайрат Қырқымбаев Азаттық тілшісіне телефонмен берген сұқбатында.

Әсемнің анасы Дәукен Қырқымбаева қызының Египетте тұрып жатқан жерін – «үш бөлмелі, бар жағдайы жасалған пәтерін Skype арқылы көрсеткенін, олардың көңіл күйлері де, жағдайлары да жақсы» екенін айтады.

Анасының сөзінше, қызы жыл соңына дейін Қазақстанға қайтып келуі тиіс.

«АЛДЫ 2011 ЖЫЛЫ, СОҢЫ БИЫЛ ЖАЗДА КЕТКЕН»

Азаттық тілшісі Темір ауданынан Таяу Шығыс елдеріне кеткен азаматтар жайлы дерек сұрап, ауданның бас имамы Нұредин Баймырзаевқа хабарласты. Бірақ ол қызметке екі күн бұрын ғана тағайындалып, көші-қон шаруасымен жүргенін, сондықтан толымды жауап бере алмайтынын хабарлады.

Темір ауданында Нұредин Баймырзаевқа дейін бас имам болған Қанат Мырзабеков осы ауданның бірнеше тұрғыны бала-шағасымен бірге Египетте Ақтөбе облысы Темір ауданының бас имамы болған Қанат Мырзабеков. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.

Ақтөбе облысы Темір ауданының бас имамы болған Қанат Мырзабеков. Ақтөбе, 21 ақпан 2012 жыл.

жүргенін растады. Оның сөзінше, бір адам Кеңесту ауылынан, өзгелері аудан орталығы Шұбарқұдық кентінен кеткен.

– Олардың барлығы мешіттің жолдамасынсыз өз беттерінше діни білімдерін жетілдіруге кеткен. Туыстарының айтуынша, тыныш бір аудандағы казармада тұрып жатыр. Ағайындарымен хабарласып тұрады екен. Ешқайсысының аузынан «Сирияға жиһадқа бардық» деген сөз шықпаған. Олардың алды елден 2011 жылы, соңы биыл жазда кетіп қалыпты, – дейді Қанат Мырзабеков.

Ол шетелге кеткен азаматтардың жақындарының үйлеріне барып, туыстарын елге қайтуға үгіттеуге шақырғандарын айтады.

– Діни білімді Қазақстанның аумағындағы медреселер мен Алматыдағы «Нұр» университетінен де алуға болады, – дейді Темір ауданының бұрынғы бас имамы Қанат Мырзабеков.

ТЕМІРДЕН КЕТКЕН – ОН АДАМ

«Сегіз отбасы бала-шағасымен Сирияда жүр» деген хабар тараған бойда сол адамдардың туыстарын аралап шыққан адамның бірі – Темір аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Шахмардан Есжанов. Ол да «Темірден кеткен "Сирияға барған қазақстандық жиһадшылар" екенін айтқан азаматтар. (YouTube видеосынан алынған скриншот). Көрнекі сурет.

"Сирияға барған қазақстандық жиһадшылар" екенін айтқан азаматтар. (YouTube видеосынан алынған скриншот). Көрнекі сурет.

адамдар бала-шағасымен Египетте жүр» деген пікірді қостап, «олар Сирияда жүр деген сөз – әншейін қауесет» дейді.

– Ерлі-зайыпты Әсем Қырқымбаева мен Әсет Амангелдиев [жас баласымен] Египеттің Александрия қаласында жүр. Ал басқа жеті адам – бойдақ жігіттер. Олар туыстарына Каирдегі «Әл-Азхар» университетіне оқуға кеткендерін, сол қаланың тыныш бір ауданындағы казармада тұратынын айтқан, – дейді Темір аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Шахмардан Есжанов.

Шахмардан Есжанов та Темір ауданынан кеткен азаматтардың туыстарына: «Жақындарыңды елге шақырыңдар. Араб елдерінде тыныштық жоқ. Елге келсе, Қазақстандағы діни оқу орындарында тегін оқытуға көмектесеміз» дегенін айтты.

«Сирияда жүрген қазақ жиһадшылары» туралы мәлімет биыл қазан айының ортасында YouTube-те жарияланған бір видеодан кейін тараған еді. Ол видеодағы қазақша және орысша сөйлеген азаматтар өздерін «жиһад жасау үшін бала-шағамызбен бірге Қазақстаннан Сирияға келдік» деп мәлімдеген. Кейін Азаттық ол видеодағы бірнеше ер адам мен жас балалардың расымен қазақстандықтар екенін анықтаған.
XS
SM
MD
LG