Accessibility links

Ақтөбеде хиджаб киген 8 студент университетке кіре алмай жүр


Перизат Молдашева - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті сырттай оқу бөлімінің студенті. Ақтөбе, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Перизат Молдашева - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті сырттай оқу бөлімінің студенті. Ақтөбе, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Ақтөбе университетінің 8 студенті дүйсенбіден бері сабаққа қатыса алмады. Себебі университет басшылары хиджаб киіп жүрген қыздардан «орамалды мойындарын орамай, артқа қарай байлап келуін» талап еткен.


Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің кіре берісіндегі бөлмеден әрі аса алмай жүрген 8 студент әр факультетте, әр курста оқиды. Болашақ дизайнер Тілектес Шегебаева – 4-курс студенті. Ал қаржыгер болуды қалаған Зере Байтасова 2-курста оқиды. Араларында сырттай бөлімде білім алып жүргендер де бар.

«ЕШКІМГЕ ЗИЯНЫ ЖОҚ» ҚЫЗДАР

– Мен бұрын күндізгі бөлімде оқитынмын. Кейін сырттай оқу бөліміне ауыстым. Оқуым жақсы. Болашағымды ойлап, білім алғым келеді. Бірақ күзет бөліміндегі апайлар «Орамалыңды шеш. Сосын келерсің» деп, мені университетке кіргізбей қойды, – дейді сырттай оқу бөлімінің студенті Перизат Молдашева.

Университет вахтері Нұрсәуле Саматқызы оқу бөлімінен ауызша нұсқау алғанын айтады. Оның айтуынша, оқу бөліміндегілер «орамал таққан қыздарды ғимаратқа кіргізбе» деп бұйырыпты.

Университет алдында тұрған студенттер өздерінің бұған дейін де жіті бақылауда болғандарын сөз етті.

– Оқытушылар үзіліс кезінде топтасып отыратын діндар қыздардың сыртынан тың тыңдап, «тараңдар, өзге студенттерге үгіт-насихат жасап жүрмеңдер» деп үнемі аңдиды, – дейді дәріске кіре алмай жүрген Әзиза Әділова - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 1-курс студенті. Ақтөбе, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Әзиза Әділова - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 1-курс студенті. Ақтөбе, 7 желтоқсан 2011 жыл.

қыздардың бірі, туризм бөлімінің 2-курс студенті Марал Жансағатова.

Хиджаб киген студенттердің хиджаб кимейтін құрбылары әңгімеге араласып, 8 қыздың мінез-құлықтарынан оғаш ештеңе байқамағандарын айтты.

– Мен Айдананың (сабаққа кіре алмай жүрген студенттердің бірі Айдана Дәукешованың - ред.) группаласымын. Бұлардың киіп жүргендері хиджап емес, орамал ғой. Онда не тұр? Бұл қыздардың ешкімге зияны жоқ. Өздерімен өздері, – дейді 1-курс студенті Әзиза Әділова.

«ІШКІ МӘСЕЛЕ»

Хиджабқа бола университетке кіре алмаған студенттер адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Ақтөбе филиалына барып шағымданыпты. Сәрсенбі күні ол ұйымның заңгері, өзі де діни көзқарасы үшін қызметінен қуылған экс-судья Ағызбек Төлегенов университетке келді.

– Мен университет ректоры Халел Құсайыновпен кездестім. Ол кісі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдағы соңғы өзгерістер мен оқу орнының ішкі тәртібіне сүйеніп отыр. Мен «ішкі тәртіптеріңіз ата заңға қайшы келеді» деп едім, ол менімен келіспейтінін айтты, – дейді Ағызбек Төлегенов.

Хиджаб дауы шешімін таппаса, студент қыздар сотқа шағымданбақ Заңгер Ағызбек Төлегенов. Ақтөбе, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Заңгер Ағызбек Төлегенов. Ақтөбе, 7 желтоқсан 2011 жыл.

ниеттері барын айтады. «Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Ақтөбе филиалы оларға қолдау көрсетуге дайын» дейді Ағызбек Төлегенов.

Азаттық тілшісі 8 студенттің дәріске қатыспау себебін сұрап, Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры Баян Орынбаеваға барған еді.

– Біз алдымен студенттермен тағы бір мәрте сөйлесіп алуымыз керек. Бұл – біздің ішкі мәселеміз! – деген проректор Азаттық тілшісінен «ғимаратты босатуын» сұрады.

ШАРИҒАТ ПЕН КОНСТИТУЦИЯ

Хиджаб киген қыздар университет басшыларының «орамалды мойындарыңа орамай, артқа қарай байлап келіңдер» деген талабы «шариғатқа ғана емес, Қазақстан конституциясына да қарсы» деп санайды.

– Бізге «орамалды артқа қарай тағыңдар» деп айтады. Бірақ біздің дінімізде Мұхаммед пайғамбарымыз айтқан: «Мүмін әйелдерге айт. Әуретті жерлерін жауып жүрсін» деген. Әйелдің мойны да – ұятты жері. Құранда солай делінген, – дейді 1-курс студенті Зере Байтасова.

Азаттықтың тілшісі осы оқиғаға орай Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәліп Дәуренбековтің пікірін сұраған еді. Бас имам: «Маңызды Нұрсәуле Құрбанайыс - Ақтөбедегі орталық "Нұрғасыр" мешітінің баспасөз хатшысы. Ақтөбе, 7 желтоқсан 2011 жыл.

Нұрсәуле Құрбанайыс - Ақтөбедегі орталық "Нұрғасыр" мешітінің баспасөз хатшысы. Ақтөбе, 7 желтоқсан 2011 жыл.

мәселелерді шешіп жатырмын» деп, баспасөз хатшысына сілтеді.

Ал «Нұрғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы Нұрсәуле Құрбанайыс былай дейді:

– Орамалға байланысты біздің пікірімізді білмек болсаңыз, біз оған қатысты комментарий бере алмаймыз. Себебі Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан мемлекеттік мекеменің ішкі, сыртқы жұмыстарына араласуға біздің құқымыз жоқ. Зайырлы мемлекеттің азаматы ең алдымен заңға бағынуы керек. Құран Кәрімді жалау етуге болмайды. Біз ислам мемлекеті емеспіз. Иран, Араб, Пәкістан мемлекетінде ислам, шариғат бірінші орында шығар. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан біріншіден заңға бағынуымыз керек.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG