Accessibility links

Тұрғындар көмек сұрайды, әкімдер заңға жүгінеді


ЕҚЫҰ саммиті кезінде журналистер отыратын жердегі нетбук. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

ЕҚЫҰ саммиті кезінде журналистер отыратын жердегі нетбук. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Бұған дейін үкіметтік блог-платформадағы 16 министр мен 13 агенттік басшысы блогтарының біразына шолу жасаған едік. Бүгін үш әкімнің – Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің блогтарын оқыдық.


Бір ерекшелігі – жауап беру жылдамдығы жағынан әкімдер министрлерге қарағанда шапшаңдау болып шықты. Жауапсыз қалған сұрақтар сирек. Әкімдерге орта есеппен күніне 3-6 сұрақ түседі.

МҰСАХАНОВ МЕДРЕСЕ САЛУҒА КӨМЕКТЕСЕ АЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ

«Алла разылығы үшін Әлжан Ана Медреселерін салып бітіруге жәрдем етуіңізді өтінеміз! Сізге видеоссылкасын салып отырмыз» деген жазба түсіпті Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың блогына наурыздың 12-сі күні.

Ал сілтемедегі бейнероликтен 2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының атындағы «Әлжан ана» медресесінің құрылысы басталғанын, соған қазір материалдық көмек, мамандар керек екенін білдік.

Әкім бұл сауалға орай «облыс әкімдігі бюджеттік мекеме болғандықтан, заңға сәйкес діни ғимараттардың құрылысына қаржы бөлуге және құрылысқа демеуші болуға құқығы жоқ» екенін, «демеушілік жасауға ниет білдірген жеке меншік мекемелер мен кәсіпорындар табылмағанын» жазады.

Наурыздың 17-сі күні Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны, көп балалы ана Ләйла Жотабаева 2000 жылдан бері жер алу кезегінде тұрғанын, баспанаға жете алмай жүргенін жазыпты.

– Кезегім 85-ші, не артқа, не алдыға жылжымайды. Қала әкіміне кірсем: «Жоғарғы жақ рұқсат берсе, біз жер береміз» деп шығарып салма жауап береді. «Халыққа Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың блогы. 20 наурыз 2012 жыл.

Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың блогы. 20 наурыз 2012 жыл.

жер бер» деген сөзді премьер-министр К.Мәсімовтің аузынан естідім. Ал жер жоқ дегенге сенейік десек, қала аумағынан салынып жатқан үйлер өте көп. Бұларды кімдер, қайдан алып салып жатқанын білмеймін. «Көп балалы анаға үлкен қамқорлық жасаймыз» деген президенттің сөзіне сене уақыт өткізіп келемін. Осыны айта отырып, алдағы уақытта сізге жер береді деп сенім артамын! – деп жазады Ләйла Жотабаева.

Әкім Аңсар Мұсаханов «жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайын алаңдардың болмауына байланысты жер учаскелерін бере алмайтынын», кезегі келгенде өтінішін қарастыратынын айтыпты.

Алматы облысы Райымбек ауданының азаматы «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша ауылға барғанын, бірақ жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады.

– Ауылдық мектептерде басым бөлігі зейнеткерлер жұмыс істейді. Жалақысымен қатар зейнетақысын да алады. Сонда біз сияқты жастардың жайы не болмақ? Жарты жыл уақыт болды – жұмысқа алатын емес. Жаңа жылдан кейін зейнеткерлер кетеді деген аудан әкімінің қаулысы шыққан. Бірақ қарт ұстаздар бұған құлақ асар емес. Біз қайда барып жұмыс істейміз? Не басымызда баспана жоқ! Бізге қолдау көрсетуіңізді сұраймыз! – дейді хат иесі.

Бұған жауап жазған әкім Аңсар Мұсаханов Райымбек ауданында биылғы оқу жылында 2146 мұғалім жұмыс істейтінін, оның 53-і зейнеткер екенін айтыпты.

– 2011-2012 оқу жылында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 65 жас маман жұмысқа қабылданды. Жалпы ұстаздардың 53-і - зейнеткер ұстаз. Зейнеткер ұстаздар Қазақстан Республикасы «Еңбек Кодексінің» 240-бабының 2-тармағы бойынша кәсібилігі мен еңбекке қабілеттігі ескеріле отырып, маман қажетті жерлерде ғана жұмыс жасайды, – дейді Алматы облысының әкімі.

Облыс әкімінің блогында мектептердің ауыр жағдайы, денсаулық сақтау басқармаларындағы жемқорлық фактілер, жолдың нашарлығы, ауыз су мәселесі туралы сұрақтар өте көп.

ЕСІМОВ: «12 МЫҢ ГЕКТАР БОС ЖЕР ЖОҚ»

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің блогына наурыз айында Кочербаев Амангелді есімді азамат хат жазып:

– Алматы қаласы, Бостандық ауданының Тимирязов–Әуезов көшелері қиылысынан бос жер көрдім. Осы жерлерді алып, мен өзімнің шағын дүкенімді ашқым келеді. Осы жерді мен қалай ала аламын? – деп сұрапты.

Ал әкім «жеке тұрғын үй үшін жер сұрап, өтініш жазған 100 мыңнан астам адамның Алматы қаласы әкімшілігі сайтындағы "Әкімге сауал" парағы. 20 наурыз 2012 жыл.

Алматы қаласы әкімшілігі сайтындағы "Әкімге сауал" парағы. 20 наурыз 2012 жыл.

сұранысын қанағаттандыру үшін 12 мың гектар бос жер керек екенін, мұндай жер қала аумағында жоқ екенін» айтады.

Әкім осы жауабын наурыздың 13-і күні түскен сауалға да қайталап айтыпты. Ол сұрақ мынандай: «Cәлеметсіз бе, құрметті Ахметжан Смағұлұлы! Менің сізге қояр сауалым. Қазақстанның азаматы ретінде Қазақстанның әр азаматына тиісті 0,8 соток жер берілуі тиіс деп естідім. Осы мәлімет рас па? Рас болса қандай жолдары бар?»

19 жастағы Азат Нұрсұлтан Азатұлы есімді азамат «Метроқұрылыс» мекемесінде күзетші қызметін атқарып жүріп, 2011 жылы 14 қазанда өндірістік апатқа ұшырағанын, мекеменің көмек беруден бас тартқанын айтады.

– Екі аяғымды мотовоз мыжып, екі аяғымды кесіп ауруханада жатырмын. Мекеме мойындамай, бар кінәні өзіме аударып, аурухананың ақшасын төлемей, тіпті маған, отбасыма қоқан-лоқы жасап, метроның ашылуына байланысты оқиғаны мән-жайсыз жауып тастамақ. Енді менің не істеуім керек? – деп сұрайды ол.

Әкім Ахметжан Есімов хат иесі Нұрсұлтанның «мемлекеттен бір реттік материалдық көмек ала алатынын, ол үшін жергілікті арнайы бөлімге хабарласуы керек екенін» жазады.

ТАСМАҒАМБЕТОВ: «...КҮТУ ҚАЖЕТ!»

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің блогындағы жазбалалардың басым бөлігі де баспана мен жер мәселесіне арналған.

Байжанова Бақытгүл Кәрібайқызы есімді көп балалы ана бес жастағы баласының мүгедек екенін айтып, Иманғали Тасмағамбетовтің баспана алуға көмектесуін өтініпті:

– ...Үйде тек жолдасым жұмыс істейді.Тапқан ақшасы баланың қымбат дәрісі мен пәтер ақшасынан артылмайды. Өзім осы балаға қарайлап, жұмыс істемеймін. 2007 Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің блогы. 20 наурыз 2012 жыл.

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің блогы. 20 наурыз 2012 жыл.

жылы март айынан мемлекеттік бюджет қызметкері санаты бойынша кезек қатарында тұрмын. Кезек күтіп әбден шаршадық. Сізден өтініп сұрайтыным – бізге баспана алуға көмектессеңіз екен.

Бұған жауап берген әкім оның кезекте 2349-адам болып тұрғанын, қазір төрт жыл бұрын тіркелген адамдарға баспана беріп жатқанын жазады.

– Мүгедек баланы тәрбиелеу оңай емес, түсінемін. Сондықтан біз жыл сайын қайырымдылық акциясын өткіземіз. Онда құрылыс компаниялары мүгедектер отбасына немесе мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға пәтер сыйлайды. Бірақ бұл акция барысында компаниялар кімге көмек көрсететінін өздері таңдайды, әкімдік жағдайы ауыр отбасылар жөнінде толық ақпарат қана береді. Алдағы уақытта компаниялардың бірі сіздің отбасыға да демеушілік көрсетуі ықтимал. Күту қажет, – деп жауап жазады әкім Тасмағамбетов.

Өмірбаев Нұрлан Өмірсерікұлы есімді азамат Астанадағы №47 маршрут жүргізушісінің жолда «телефонмен сөйлескенмен қоймай, жол ережесін сан мәрте бұзып, халыққа дөрекілік көрсеткенін, ескерту айтқандарды балағаттағанын» жазып, әкімге шағымданған екен. Әкім оған:

– Сіздің жазған хатыңыздың негізінде біз қызметтік тексеріс жүргіздік. Нәтижесінде Н.Кемал жолаушылар тасымалдау ережелерін өрескел бұзғандығы үшін Астана қаласында осы салада бұдан әрі жұмыс істеу құқығынсыз жұмыстан шығарылды, – деп жауап беріпті.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG