Accessibility links

Ата-аналар: «Сирияға кеткен жастар бұдан көп»


"Қазақстаннан Сирияға аттанған жиһадшымыз" деушілер. Суреті қызыл шеңбермен қоршалған адамның аты-жөні - Мақсат Аймаханов.

"Қазақстаннан Сирияға аттанған жиһадшымыз" деушілер. Суреті қызыл шеңбермен қоршалған адамның аты-жөні - Мақсат Аймаханов.

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында және Кеңгір ауылында тұратын он шақты ата-ана Азаттық тілшісіне шетке кетіп оралмаған балаларының жайын айтып алаң білдірді. Тілші «Сириядан тірі оралғандардың» да туыстарымен кездесті.

Қазан айының соңында Жезқазған мен Сәтбаев қалаларына және Кеңгір ауылына барған Азаттық тілшісі «Сирияға жиһадқа кеткен қазақ жастары» туралы интернетте жарияланған видео кейіпкерлерінің кейбірінің туған-туыстарымен, басқа да таныстарымен жолыққан еді.

Жезқазған мен Сәтбаев қаласы тұрғындарының айтуынша, видеода көрінбеген, бірақ «Сирияда жүрген» жастар одан да көп. Олардың кейбірінің ата-аналары Азаттық тілшісімен ашық сөйлессе, енді бірі «баласының қауіпсіздігі үшін» аты-жөнін айтқысы келмеді.

Азаттық тілшісімен сөйлескен «жиһадшылардың» туыстары «үкімет біреулердің арбауына түсіп қалған балаларымызды қалай да елге қайтарса» деп өтініш айтады. Арасында құзырлы орындардан күдер үзіп, енді кімге шағынарын білмей отырғандары да бар.

«СИРИЯҒА КЕТКІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП»

Жергілікті жастардан «Сирияға жиһадқа кетті» деп сипатталатындардың арасында «Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір ауылының төрт жігіті бар» деген хабарды естіген Азаттық тілшісі бұл сыбыстың анық-қанығына жеткісі келген. Ауыл әкімдігінің қызметкерлері «ондай хабар естімегенін» айтса, учаскелік инспекторы ақпарат беруден бас тартты. «Баласынан айырылып отырған ата-ананың» үйін ауыл имамы ғана нұсқап жіберді.

Бұрын совхоз болған шағын ауыл Жезқазған-Сәтбаев асфальт жолынан 2-3 шақырым ғана қиыста жатса да, орталықтан шалғайдағы кей елдімекендер Дәніхановтардың үйі.Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір ауылы. 29 қазан 2013 жыл.

Дәніхановтардың үйі.Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір ауылы. 29 қазан 2013 жыл.

секілді жүдеу көрінеді. Сылағы түсіп, аңғал-саңғалы шыққан советтік типтегі қос қабатты он шақты үйі көзге шалынады. Жергілікті тұрғындардың жөн сілтеуімен ауыл шетіндегі көшенің соңында тұрған Мұхамбетқали Дәніхановтың үйін күн бата таптық.

Азаттық тілшісі барғанда намаз оқып жатқан Мұхамбетқали Дәніханов пен әйелі Ботагөз Жапсарбаева «үлкен ұлдары Ержан Сирияға жиһадқа кеткендердің ішінде жүр ме» деп қауіптенеді. Олардың айуынша, 1986 жылғы Ержан Дәніханов көршілес Сәтбаев қаласында тұрып, шахтада жұмыс істеген. Биыл ақпан айының жартысынан ауа ешкімге айтпай Алматыға кеткен. Келіні Жұлдыз «жора-жолдастарымен қыдыруға кетті» деген соң әуел баста көп іздемеген.

– Сәуір айының басында келініміз Жұлдызды Ержан Алматыға шақыртып алды. Кейін «Арабияда діни білім алып жатыр екен. Еліміз ондайға қарсы болғандықтан айтуға болмайды» деген хабар естідік. Содан біртіндеп әкімшілікке, мешітке "Сирияға аттанған Қазақстандық жиһадшылар" екенін айтқан адамдар. (Көрнекі сурет)

"Сирияға аттанған Қазақстандық жиһадшылар" екенін айтқан адамдар. (Көрнекі сурет)

шақырып «Балаларың Сирияға кетті ме?» деп сұрай бастады. Ақыры жұрт құлақтанды. Теледидарда көрсетілген видеода балам да, немерелерім де жоқ. Таяуда келін ұл туыпты деп естідік. Кіші немереміз 4 жасқа толды, үлкен немереміз Айша биыл 1-сыныпқа бару керек еді, – дейді анасы Ботагөз.

Ата-анасының сөзіне қарағанда, Ержан анда-санда өзі хабарласады. Бірақ жағдайының жақсы екенінен өзге қайда, не істеп жүргенін айтпайды. Кейде Түркиядамын дейтін көрінеді. Отбасында бәрі де намаз оқығандықтан араларында дінге байланысты кикілжің, бөтен сөз болмаған. Сыртқа кетерінің алдында келіндері Жұлдыз университетті үздік тәмамдап, Сәтбаев қаласындағы колледжде оқытушы болған.

Ержанның інісі Айдостың айтуына қарағанда, Ержан грэпплинг бойынша (жекпе-жектің бір-түрі – ред.) біршама жетістіктерге жеткен. «Айт кезінде намазхандар арасында өтетін күрестен» Жезқазған мен Сәтбаев қалалары бойынша үнемі 1-орын алып жүрген.

– «Мұсылмандар Сирияға көмектесіңдер» деген ұрандарды балалар естіген ғой. Сөйтіп бірін-бірі азғырып кеткен шығар. Кеткені кетіп үлгерді. Қалғандарын ҰҚК алып қап жатыр, – дейді Мұхамбетқали Дәніханов.

Ержан Дәніхановтың ата-анасы Азаттық тілшісі арқылы балаларын қайтаруға барлық тараптан көмек сұрайтындарын айтты.

«ДИПЛОМ АЛУҒА КЕЛМЕГЕН»

Азаттық тілшісімен осыған дейін Жезқазған қаласының тұрғыны «баласы Сирияға жиһадқа кеткендер туралы» видеода көрінген Ешмұқан Аймаханов та ұлы "Сирияға кеткен" Мақсат Аймахановтың әкесі Ешмұрат Аймаханов. Жезқазған, 24 қазан 2013 жыл.

"Сирияға кеткен" Мақсат Аймахановтың әкесі Ешмұрат Аймаханов. Жезқазған, 24 қазан 2013 жыл.

Мақсаттың бір күнде ешкімге тіс жармай әйелін үш баласымен тастап кеткенін, қайда екенін біле алмағанын айтқан еді.

Жезқазған қаласындағы жалғыз мешіттің наиб-имамы Айтжан Қошқаров жамағайыным деп сипаттаған «бір үйден кеткен ағайынды Еркебұлан, Еркемұрат және Жасұлан Сәрсенбектер туралы айтып, Азаттық олардың ата-анасымен тілдескен еді. Ағайынды үшеудің үлкені Еркебұлан Сирияда қайтыс болған деп айтылады. Ал қалған екеуі интернетте жарияланған видеода көрінген.

Жезқазған қаласындағы мешітке келіп жүрген жастар «Сирияға кетуі мүмкін» деген жезқазғандықтар арасында Теймур Балакишиев есімді жігіт бар екенін айтқан болатын. Азаттық тілшісімен сөйлескен Жезқазғандағы 13-орта мектептің мұғалімі (аты-жөнін жарияламауды өтінді – ред.) Теймурдың бір кездегі сынып Теймур Балакишиев (оң жақта) пен белгісіз жігіт ISIS ұйымының туын ұстап тұр. (Теймур Балакишиевтің "Мой мир" әлеуметтік желісі парағындағы сурет).

Теймур Балакишиев (оң жақта) пен белгісіз жігіт ISIS ұйымының туын ұстап тұр. (Теймур Балакишиевтің "Мой мир" әлеуметтік желісі парағындағы сурет).

жетекшісі оны «грек-рим күресімен шұғылданған өте қайырымды, кішіпейіл бала» деп сипаттайды.

Теймур Балакишиев 9-сыныптан кейін Қарағандыдағы спорт мектебіне оқуға түскен. Кейін Жезқазғандағы лицейге ауысқан. 6-лицей оқытушыларының сөзіне қарағанда «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқыған Теймур биыл жазда дипломын алуға келмей қалған.

Азаттық тілшісі Теймур Балакишиевтің Жезқазған қаласындағы кафелердің бірінде жұмыс істейтін анасымен де тілдесті. Баласы жөнінде құлықсыз сөйлескен ол Теймурдың қайда екенін толық білмейтінге ұқсайды. «Египетке оқуға кеттім деген. Өзі солай деген соң сенеміз» деп жауап берді ол. Теймур интернетте жарияланған видеода көрінбеген.

«АМАЛ ҚАРАСТЫРУ»

Жезқазған қаласы тұрғындарының айтуынша, «салафи жолын ұстанатын адамдар» көршілес Сәтбаев қаласында көп. Олардың кейбірін «Сирияға барып, қайта оралған» деп санайтындар да бар. Сәтбаев қаласына барған Азаттық тілшісіне жергілікті мешіт имамы Бақдәулет «Сириядан қайта оралған екі Жезқазған қаласының мешітіндегі уағыз. 23 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Жезқазған қаласының мешітіндегі уағыз. 23 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

жігітпен» өзін қала әкімдігі кездестіргенін хабарлаған. Бірақ қала әкімі Әнуар Омар Азаттыққа «Сириядан келгендер» туралы мәліметі жоқтығын айтты.

Бірақ Сәтбаев қаласының баласы Сирияға кеткеніне сенетін бір тұрғынымен кездесудің сәті түсті. Баласының да, өзінің де аты-жөнін атамауды өтінген тұрғынның сөзінше, өзі секілді төрт ата-ана бірнеше айдан бері тиісті орындарға өтініш жасағанымен, баласын қайтарып алудан күдер үзе бастаған.

Балалары Сирияға кетуі мүмкін деп қауіптенетін сәтбаевтық үш ата-ана «баламызға кесірі тиюі мүмкін» деп, Азаттық тілшісімен кездесуден бас тартты. Із-түзсіз кеткен сондай бір жігіттің ата-анасы «балаларды қайтаруға көмектесетін жан таппай отырғанын» айтып қана қойды.

Кейбір ата-аналардың сөзіне қарағанда, Сәтбаев қаласында «Сирияға барып, қайта оралған» жастар бар. Туған-туыстары Түркияға дейін барып, түрлі жолдар арқылы оларды Сириядан кері алып шыққан деп сипатталады. Бірақ әке-шешелері оларды ешкіммен сөйлестірмейді.

– Егер сол жастар қалай, қандай жолмен оралғанын айтып берсе, бәлкім, біз де бір амалын қарастырар ма едік, – деді аты-жөнін атағысы келмеген ата-аналардың бірі.

«СИРИЯДАН ОРАЛҒАНДАР»

Азаттық тілшісі Сәтбаев қаласының таксистері арқылы «Сириядан қайта оралған» деп айтылатын тұрғындардың бірінің үйіне де барды. Есік алдында сиыр сойып жатқан төрт ағайындының бірі інісінің «шетелге барып қайтқанын» растады. Оның сөзіне қарағанда, інісі қазір шахтада ел қатарлы жұмыс істеп жатыр.

– Бұл істі жария еткенді қаламаймыз. «Балам Сирияға кеткендердің ішінде жүр» деген ата-аналар бірнеше рет үйге келген. «Аман-есен жұмыс істеп жатырмын, "Сирияға аттанған ағайынды жиһадшылар" - Жасұлан Сәрсенбек (қызыл шеңберде) пен Еркемұрат Сәрсенбек (жасыл шеңберде).

"Сирияға аттанған ағайынды жиһадшылар" - Жасұлан Сәрсенбек (қызыл шеңберде) пен Еркемұрат Сәрсенбек (жасыл шеңберде).

ешкім тиіскен жоқ» деген сөзіңді видеоға түсіріп, интернетке салайық» деп мен де айттым. Бірақ Сирияда жүргендер сол сөзіне сеніп қап қайта оралса, оларды мұнда бәрібір соттайды. Інім екі арада өтірікші боламын деп қауіптенеді. Қазір ешкіммен араласпайды, – дейді «Сирияға барып қайтқан жігіттің» аты-жөнін айтпаған ағасы.

Азаттықтың «Сирияға барған жиһадшылар» туралы сауалына Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бейнежазбадағы адамдарды анықтау және олардың шетелге шығу себептерін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан республикасы «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңына сәйкес тексеру материалдары жария етуге жатпайды» деген жазбаша жауап жіберді.

«Жиһадшылардың» бұған дейін Азаттыққа сұхбат берген жақындары да «туыстарымыз алданып, біреулердің арбауына түсіп қалды» дескен. Олар Қазақстан билігінен туыстарын «аман-есен елге қайтаруды» сұрап, өтініш жазған. Соңғы аптада «Сирияға кеткен жиһадшыларды» Қазақстанға қайтару мәселесі жиі көтеріле бастады. Кейбіреулер «келген соң оларға амнистия жариялау қажет» дейді, ал заңгерлер «жиһадшылардың» бәрібір жауапқа тартылатынын айтады.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG