Accessibility links

Әблязовтың әйелінің депортациясы реакция тудырды


Мұхтар Әблязовтың жұбайы Алма Шалабаева қызы Алуамен.

Мұхтар Әблязовтың жұбайы Алма Шалабаева қызы Алуамен.

Италия үкіметі Мұхтар Әблязовтың жұбайы мен қызын депортациялау туралы шешімнің күшін жоятынын жариялады. Мұны Қазақстан жағы өзінше жорыды.

Италия премьер-министрі 12 шілде күні Алма Шалабаева мен оның қызы Алуаны Қазақстанға депортациялау шешімінің күшін жоятындығын айтқаны белгілі. Италия премьер-министрі Энрико Летта «әу бастан әдеттен тыс жағдайдың толық эпизодтарын үкіметке хабарламау айтарлықтай қателік болды» деген.

Осыған орай Қазақстан сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеде «Алма Шалабаева және оның қызын депортациялау туралы шешімінің күшін жоюы, біздің ойымызша, италияндық биліктің оларға осы елге келешекте қайта кіруге рұқсат бергені деп саналады» делінген. Бұл мәлімдемеде депортация туралы шешім Италияның «ішкі мәселесі» екендігі айтылған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қазір «Алма Шалабаева мен оның қызы Алматы қаласында Шалабаеваның әке-шешесімен бірге тұрып жатыр. Шалабаева қамауға немесе үй қамауына алынбаған».

«Әблязов мырза бірқатар шетелдік заңнамадан жалтарып жүр. Дегенмен, Шалабаева Әблязов жасаған қылмыстарға қатысты айыпталып отырған жоқ және оның іс-әрекеттері үшін қуғынға ұшырамайды» делінген мәлімдемеде.

​Мәлімдемеде «Мұхтар Әблязовтың ісі» деген тақырыпшамен оған тағылған айыптарға түсінік берілген. Оның Қазақстан, Ресей, Украина және Ұлыбритания заңдары талаптарынан жалтарып жүргендігі айтылған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Әблязов Италияда болуы мүмкін деп жорамалдайды.

Биыл мамырдың соңында қуғындағы қазақ оппозициялық саясаткері, банкир Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева кәмелетке толмаған қызы Алуамен бірге Италиядан Қазақстанға депортацияланған еді. Алматыға жеткізілген соң полиция Алма Шалабаевадан қаладан ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.

Қазақстан бас прокуратурасы Алма Шалабаеваның Италияда «Оңтүстік Африка республикасының жалған төлқұжатымен жүргені анықталғаны» туралы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваның паспорты. Фотокөшірме Австрияның «Курьер» газетінің сайтынан алынды. 3 маусым 2013 жыл

Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваның паспорты. Фотокөшірме Австрияның «Курьер» газетінің сайтынан алынды. 3 маусым 2013 жыл

мәлімдеме жасаған. Сонымен бірге прокуратура бұған дейін Қазақстанда Алма Шалабаева мен қызына Қазақстан азаматтығы туралы құжатты заңсыз жасау фактісі анықталып, Алма Шалабаеваның ол іске қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын хабарлаған еді.

«БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныс тепкен. Кейінірек Ұлыбритания оған саяси баспана берген еді. Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.

2012 жылғы ақпанда Лондон соты Мұхтар Әблязовті «сотты құрметтемегені» үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім еткен еді. Онымен келіспеген Әблязов наурызда апелляциялық шағым жазған. Қараша айында Ұлыбританияның апелляциялық соты ақпанда шығарылған шешімді күшінде қалдырған.

Бұған дейін Мұхтар Әблязовқа қарсы Ресейдің заң орындары да қылмыстық іс қозғап, 2010 жылы Мәскеу соты оны тұтқынға алу туралы сырттай үкім еткен еді. Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Ол соңғы жылдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды. Қазір бизнесменнің қайда екені белгісіз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG