Accessibility links

«Желтоқсан ызғары әлі күнге жүрегімді жылатып, санамды сыздатады»


Мәскеудің шешіміне наразы қазақ жастары Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға жиналып тұр. Желтоқсан, 1986 жыл. Алматының орталық мемлекеттік мұрағатындағы сурет.

Мәскеудің шешіміне наразы қазақ жастары Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға жиналып тұр. Желтоқсан, 1986 жыл. Алматының орталық мемлекеттік мұрағатындағы сурет.

Әлима Сұлтанғалиева 24 жыл бұрын Қыздар педагогикалық институтының студенті еді. 1986 жылғы желтоқсанында Лениннің «әр ұлттың өз көсемі болуы керек» деген сөзін ұстанып шыққан қазақ жастарымен бірге алаңда болған Әлима өз естелігімен бөліседі.


Сарапшылардың бірқатары Қазақстандағы 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасы – Совет одағында болған елдердің тәуелсіздігіне алғашқы қадамы және социалистік лагердің тарауына алып келген ұлттар мен ұлыстардың еркіндікке ұмтылысының бастамасы болды деген пікірді ұстанады.

Әлима Сұлтанғалиеваның айтуынша, қоғамда болып жатқан оқиғалардан тысқары қалмай, оның өрбуінен хабардар болып отырған жастарды 1986 жылы желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан басшысы Дінмұхаммед Қонаевтың орнына сырттан республика жұртшылығына беймәлім Геннадий Колбиннің әкелінуі бейжай қалдыра алмаған.

Әлима Сұлтанғалиева алаңға келісімен қоршауға алып тұрған құқық қызметкерлерінің арасынан өтіп, жастарға қосылғанын айтады. Алаңға жиналған жастар «Менің қазақстаным» әнін шырқап, бірлік, ынтымақтастық танытып тұрды дейді ол.

Әлима алаңдағы жастар арасынан түсіндіру жұмыстарын жүргізуге алып кеткен 10-12 адамдық делегация мүшелерінінің сол күйі оралмағанын еске алады.

Әлима Сұлтанғалиеваның естелігін толықтай «Уақыт бедері» айдарынан тыңдай аласыздар:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG