Accessibility links

Adam bol журналының апелляциялық шағымын қарау


Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы ADAMDAR компаниясының шағымын ішінара қанағаттандырып, оның иелігіндегі Adam bol журналынан өндіріп алынатын өтемақы сомасын 500 мың теңгеге (2,7 мың доллар) дейін азайтты. Бұған дейін Алматының Медеу аудандық соты басылымда өзі жайлы жарияланған мақалаға шағым айтып сотқа жүгінген Алматы орталық мешітінің наиб-имамы Ерсін Әміренің талап-арызын қанағаттандырып, оның пайдасына ADAMDAR компаниясынан моралдық өтем ретінде 2,5 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарған. Видео авторы – Қазис Тоғызбаев. Алматы, 27 қазан 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG