Accessibility links

Белсенді көлігін дұрыс қоймайтындармен күресіп жүр


"Я паркуюсь как осел" веб сайтының скриншоты. Алматы, 10 тамыз 2012 жыл.

"Я паркуюсь как осел" веб сайтының скриншоты. Алматы, 10 тамыз 2012 жыл.

Ашылғанына бір жыл болған «Я паркуюсь как осел» сайтында көшеге дұрыс қойылмаған мың жарым көліктің суреті ілінген. Енді бұл сайтқа жол полициясы да қызыға бастады.

Мамандығы программист Роман Слегин 10 жылдан бері көлік жүргізеді. «Алайда машинасы адамынан аз емес Алматыда көлікті дұрыс қою – үлкен проблема, мұны әрбір көлік жүргізушісі біледі» дейді ол.

ҮЛКЕН ҚАЛАНЫҢ ҮЛКЕН ПРОБЛЕМАСЫ

– Автокөлігін қалай болса солай қоя салатын жүргізушілер жағдайды ушықтырады. Біреулер машинасын жолдың бойына тастап кетсе, енді бірі тұрақта тұрған көлікті «жауып» тастайды. Сосын қаншама уақытыңды жоғалтып, шыға алмай тұрасың. Бұл жағдай бірнеше рет басымнан өтті. Ал соңғы кездері ауладағы балалар ойнайтын жерді меншіктеп алғандар көбейді, – дейді Роман Слегин.

«Көліктерін есекше қоятындардан шаршағанын» айтқан сұқбаттасымыз олармен өзінше күреспек болыпты.

– Бір жыл бұрын сайт ашу туралы ой келді. Негізгі жұмысты біз емес, сайтымызға тіркелген қолданушылар жасайды. Олар дұрыс қойылмаған көліктерді суретке түсіріп, нақты тұрған мекен-жайын көрсетіп, біздің поштамызға жібереді. Біз тек Роман Слегин - Oselparking.kz сайтының жетекшілерінің бірі. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Роман Слегин - Oselparking.kz сайтының жетекшілерінің бірі. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

олардың Phototshop бағдарламасы арқылы жасалмаған шынайы фото екендігін анықтаған соң сайтқа ілеміз. Біз тек техникалық қамтамасыз етумен айналысамыз. Командамызда үш адам бар, – деді Роман Слегин.

БІРЛЕСКЕН РЕЙД

Роман Слегиннің ойынша, «көлігін дұрыс қоймайтындар не ережені білмейді, не өзгелерді сыйламайды». «Соңғысымен күресу нәтижесіз» деген сұқбаттасымыз «ережені білмейтіндерді тәртіпке шақыруға болады» деп есептейді.

– Жуырда Алматы қаласының жол полициясынан біздің сайтпен бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсыныс түсті. Олар бізге келіп түскен суреттердің жалған емес, шынайы екендігін анықтау жұмыстарын жақсартуды ұсынды. Себебі біздегі ақпарат арқылы олар бірнеше мәрте көзге түскен немесе ережені өрескел бұзған көлік иелерін әкімшілік жауапқа тартпақшы. Енді бізге келіп түскен суреттерге қоса оның тұрған жерін, нақты мекен-жайын, суретке түсіргендегі дәл уақытын көрсету талап етіледі, – деді сұхбаттасымыз.

Алматы қаласы жол полициясы басқармасының үгіт-насихат бөлімінің бастығы Жол полициясы инспекторы. Көрнекті сурет. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

Жол полициясы инспекторы. Көрнекті сурет. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

Еркін Өтегенов осы күнге дейін бір рейд өткізіп үлгергендерін айтты.

– Жақында бірлескен рейд өткіздік. Ол бойынша бірнеше көлік иесіне қатысты хаттама толтырылды. Ал иесі жоқ көліктердің мемлекеттік номерлерін шешіп әкеттік. Әрине, біз сайтқа ілінген барлық көліктерге айыппұл салмаймыз. Көлікті дұрыс қою ережесін айқын бұзған көліктерді көрген соң біздің қызметкерлер оқиға орнына барады. Егер ол факт анықталса, әкімшілік жазаға тартамыз, – деді тамыздың 9-ында Азаттыққа түсініктеме берген полиция өкілі.

Жол полициясының 13 тамыз күні өткізген осындай рейдіне де «Я паркуюсь как осел» сайты өкілдері қатысты.

«Я паркуюсь как осел» сайты мен Алматы қаласы жол полициясының біріккен рейдін мына жерден көре аласыз:


«ПОЛИЦИЯ ӨЗ ІСІМЕН ӨЗІ АЙНАЛЫССЫН»

Бұл жобаға қатысты Алматылық көлік жүргізушілері түрлі пікір айтады. Көбі «көлікті дұрыс қою қажет» дегенімен, сайтқа ілінген суреттердің шынайылығына күмәнмен қарайды.

– Жалпы, идея – жақсы. Мен қолдаймын. Мүмкін, осы арқылы жүргізушілердің мәдениетін көтеретін шығармыз, – дейді бір жүргізуші.

Ал Азамат есімді жүргізушінің ойынша, «қазір суретті редакторлайтын Phototshop Алматы көшесіндегі автокөліктер. (Көрнекі сурет)

Алматы көшесіндегі автокөліктер. (Көрнекі сурет)

бағдарламасының мүмкіндігі мол – көліктің номерлерін, түсін өзгертіп жасауға болады».

– Оданда жол полициясы өз ісімен өзі айналыссын, айыппұлды өздері ұстап алған жүргізушілерге салғаны жөн, – дейді Азамат.

Алмас деген жүргізушінің ойынша, «жол ережесін бұзбасаң, саған ешкім тиіспейді, одан қорқатын несі бар».

– Сайтқа дәл сол жол полициясының [ереже бұзған] көліктерін салып, өздерін әшкерелеу қажет, – дейді ол.

Азаттыққа пікір білдірген жүргізушілердің дені көлікті дұрыс қоймау көбіне амалсыздан туындайтынын, Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыда паркинг мәселесі шешілмегенін, тіпті жаңа салынып жатқан тұрғын үйлер мен ірі сауда орталықтарында да тұрақ мәселесіне көп көңіл бөлінбегенін айтты.

– Алматыда күн сайын сауда орталықтары мен көп қабатты үйлер салынып жатыр, алайда көбінесе тұрғындар мен келушілердің көліктерін қайда қоятынына мән берілмейді. Мәселен, азық-түлік салып алып, арбамен көлігіңе барайын десең, көлік түгілі арба жүретін жол таба алмай қаласың, – дейді Амир Аманжолов есімді тұрғын.

Оның пікірінше, «қала әкімшілігі айыпұл салып, тұрғындардың қалтасын қағудан бұрын қоғамдық және ақылы паркинг мәселесін шешуі тиіс».
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG