Accessibility links

Софроний әкейді депортацияламау шешімі сенсацияға баланды


Софроний әкей. Алматы облысы, 24 шілде 2013 жыл.

Софроний әкей. Алматы облысы, 24 шілде 2013 жыл.

Алматы облыстық соты Іле аудандық сотының Ресей азаматы, миссионер Софронийді елден шығару туралы шешімін жойды. Құқық қорғаушылар мұны ақылға қонымды іс деп атады.

2 қазанда Алматы облыстық соты Софронийдің Іле аудандық сотының үкіміне қарсы жазған шағымын толық қанағаттандырып, оны Қазақстаннан шығару туралы аудандық сот шешімінің күшін жойды.

Қазақстандағы адам құқығы бюросы елде үлкен қайырымдылық істермен айналысқанына қарамастан, Софронийді депортациялау қаупі болғанын айтады. Құқық қорғаушылар істің дін өкілі пайдасына шешілуін «халықаралық ұйымдардың ықпалы» дейді.

«ДЕПОРТАЦИЯЛАУҒА БОЛМАЙДЫ»

Іле ауданы билігі «Софроний Қазақстанда заңсыз тұрып жатыр, ол басқаратын шіркеу жанындағы паналау орнында санитарлық нормалар бұзылған» деп санайды. Софроний мен жақтастары «бұл айыптаулар ойдан шығарылған» дейді. Софронийдің қарттар үйі. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 24 шілде 2013 жыл.

Софронийдің қарттар үйі. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 24 шілде 2013 жыл.

Ақыры пессимистердің болжамы шынға айналмай, депортациялау ісі Софроний әкейдің пайдасына шешілді.

Облыстық сот шешімі жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Егер облыстық сот Софронийдің шағымын қанағаттандырудан бас тартса, Іле аудандық сотының депортациялау туралы шешімі бірден күшіне енер еді.

– Сот отырысында төрағалық еткен Алматы облыстық соты төрағасы Тілектес Барпыбаев біздің шағымымызды толық қанағаттандырды. Шағымда Іле аудандық сотының Софронийді депортациялау туралы шешімінің күшін жоюды сұрағанбыз. Судья қаулының қорытынды бөлімін ғана оқыды, онда «Алматы облысы көші-қон полициясы бөлімінің өтініші қаралмайды және қанағаттандырылмайды» деп жазылған, – дейді адвокат Мадзигон.

Софроний әкейдің Алматы түбіндегі шіркеу жанынан ашқан паналау орнын Софроний әкей. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Софроний әкей. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

басқарғанына талай жыл болған. Ол ондаған бала мен қартқа баспана беріп паналатқан қауымның қызметін ұйымдастырды. Софроний облыстық соттың бүгінгі шешімін құдайдың әміріне балайды.

– Құдай соттың осы шешімі арқылы маған қарттар мен балаларға көбірек қамқорлық жасауды жүктеді, – дейді ол.

Алматы облысы Іле аудандық соты 29 шілдеде «Софроний әкей (Ресей азаматы, шын есімі – Петр Евтихеев) Қазақстаннан Ресейге 10 тәулік ішінде қайтарылсын» деген шешім шығарған. Көші-қон полициясы оны «әкімшілік заңды бұзған, елде тұруға рұқсат беретін ықтиярхаты жоқ» деп айыптаған. Алайда Софроний Іле аудандық сотының шешімі күшіне енгенше облыстық сотқа шағым түсіріп үлгерді. «Қазақстанда заңды тұрып жатырмын, жергілікті биліктің талабы негізсіз» дейді ол.

– Тіркеуде болғандықтан, қолымда ықтиярхат бар деуге болады. Ықтиярхаттың куәлігі ғана жоқ. Соттан құжаттарымды алған кезде ондай куәлік беруді сұрап, өтініш жазамын, – дейді Софроний.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР ҮШІН СЕНСАЦИЯ БОЛДЫ

Қазақстандағы адам құқығы бюросының директоры Роза Ақылбекова «билік әлдебір себеппен жақпай қалған Софронийді бұрын елден қайтсе де қууға Софронийдің паналау орнындағы қарттар мен мүгедектер. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 24 шілде 2013 жыл.

Софронийдің паналау орнындағы қарттар мен мүгедектер. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 24 шілде 2013 жыл.

тырысқандықтан» Алматы облыстық сотының бүгінгі шешімін «сенсациялық жаңалық» деп атайды.

– Мүмкін, билік бұл шешімді Софронийдің ісі жұртқа жария болып, қоғамдық пікір тудырып, оған араша түскендер көбейгендіктен қабылдаған болар, – дейді Роза Ақылбекова.

Оның айтуынша, биыл екінші рет қайталанып отырған мұндай жағдай кінәсіз айыпталушыларды қорғаушылардың үніне биліктің кейде құлақ асатынын көрсетеді. Ол үн әсіресе беделді халықаралық ұйымдар тарапынан шықса, тіпті еленеді. Роза Ақылбекова «алғашқы жағдай» деп Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тұратын атеист-блогер әрі құқық қорғаушы, «діни араздықты қоздырды» деп айыпталған Александр Харламовты қамаудан босату туралы сот шешімін атайды. Бірақ сот әлі жалғасып жатыр, оған тағылған ауыр айыптар алынған жоқ, Харламов түрмеге кесілуі мүмкін.

Бұдан бұрын Қазақстанның православ шіркеуінің басшылығы Алматы облыстық Софронийдің паналау орнындағы балалар. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Софронийдің паналау орнындағы балалар. Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

сотының төрағасына Софронийдің ісіне қатысты хат жолдаған болатын. Шіркеу соттың Софроний әкейді елден шығару шешімін оның Қазақстандағы шаруаларын шешкенше бір жылға шегере тұруды сұраған.

Бұл іс жайында интернетте Православ азаматтарының одағы, Православ сарапшыларының қауымдастығы, Православ әрекеті корпорациясы, «Христиандық ынтымақтастық» халықаралық қоры сияқты ұйымдардың мәлімдемесі тарады. Мәлімдемеде Іле аудандық сотының Софронийді елден шығару туралы шешімі сыналды.

Софроний әкей Алматы облысы Іле ауданының Түймебаев кентінде Сергий Радонежский ғибадатханасын басқарған. Сонымен бірге 113 бала және 120 қарт пен мүгедек паналайтын баспананың да басшысы болған. Қазір ол бұл қызметтерді ресми атқармайды, бірақ паналау орнын басқарады. Ол Қазақстанда 1991 жылдан бері тұрады.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG