Accessibility links

Алматылық оқушылар жазда қайда демалады?


1-сынып оқушысы Хадия Тұрсын. Алматы, 11 маусым 2014 жыл.

1-сынып оқушысы Хадия Тұрсын. Алматы, 11 маусым 2014 жыл.

Алматы түбіндегі балалар лагеріндегі 10 күндік демалыс бағасы - ең төменгі үш жалақы шамасында. Ата-аналар балалардың жазғы каникулына қанша ақша жұмсайтынын айтып берді.

ЛАГЕРЬДЕ ДЕМАЛАТЫН БАЛАЛАР

Алматы қаласында тұратын 1-сынып оқушысы Хадия Тұрсынның ата-анасы биыл «Связист» балалар лагеріне 20 күндік жолдама сатып алған. Хадияның әке-шешесінің айтуынша, жолдама құны - 92 мың теңге (500 долларға жуық).

"Қызымыз бірінші сыныпты үздік бітірді. «Бағдарламасы жақсы, тәрбиешілер жұмыс істейді» дегенді естіп, «Связист» лагеріне жолдама сатып алдық. Бірінші рет бара жатырмыз. Жолдама сатып алуға күйеуімнің жарты жалақысы кетті. Бірақ амал қанша, баланы демалдыру керек қой" дейді Хадияның анасы Бажена Дәуренбекова.

Ата-аналарға дұрыстау сауықтыру лагерін табуға туристік компаниялар да көмектеседі. Мысалы, «Семь небес» туристік агенттігі Светлана Куницаға баласын Түрген шатқалы маңындағы әсем жердегі «Тау Жанашар» балалар лагеріне жіберуді ұсыныпты.

"Лагерь – ауасы таза тау шатқалында, форель шаруашылығы жанында. 14 күндік жолдаманы 75 мың теңгеге сатып алдық. Лагерь ойымыздан шығады деп үміттенеміз" дейді Светлана Куницина Азаттық тілшісіне.

Орналасқан жері мен көрсететін қызмет түріне қарай әр лагерьдің бағасы да әр түрлі. Мысалы, Бекболат Омаровтың ата-анасы 10 күндік жолдамаға 60 мың теңге (330 долларға жуық) төлеген. Ол маусым айының аяғында «Эдельвейс» лагерінде демалады.

ӨЗ БЕТІМЕН ДЕМАЛАТЫН БАЛАЛАР

Алматылық жасөспірім балалар Егор Бородин, Илья Балашов және Андрей Гункин экстремалды демалысты жақсы көреді. Олар айына үш-төрт рет табиғат аясына шығып, тау велоспортымен шұғылданады.

"Қазір бізде каникул. Ауладағы турникке тартыламын, боулингке барамын, 9-сынып оқушылары Илья Болашов (сол жақта), Егор Бородин (ортада) және Андрей Гункин. Алматы, 12 маусым 2014 жыл.

9-сынып оқушылары Илья Болашов (сол жақта), Егор Бородин (ортада) және Андрей Гункин. Алматы, 12 маусым 2014 жыл.

достарыммен ойнаймын. Лагерьге барғым келмейді - көңілсіз. Тау велоспорты сияқты экстрим-демалысты ұнатамын" дейді Егор Бородин.

Егор серуенге шығу үшін ақшаны әке-шешесінен алады. Бір сапарына 5 мың теңге (30 доллар шамасында) жұмсайды. Айына кейде бес рет тауға шығып қайтады.

Илья Балашов кітап оқығанды жақсы көрмейтінін әрі компьютерлік ойындармен де әуестігі жоғын айтады. Ол «бір орында ұзақ отыра алмайтын ұшқалақпын» дейді. Жазғы каникулды кешкі сағат 11-ге дейін достарымен бірге далада жүреді.

"Әке-шешем қазір каникул екенін түсініп, балалармен аулада кешкі 11-ге дейін отырсақ та ұрыспайды. Басқалар сияқты ақша жұмсайтын құрбым да жоқ. Алматының таулары әдемі. Достарыммен бірге тауға жорыққа жиі шығып тұрамыз. Тамақ, сусын әзірлеп алып, велосипедпен шығып кетеміз. Осы демалыста 10 адам болып шықпақпыз. Велосипедпен барамыз" дейді Илья Балашов.

Ал Андрей Гункин достары сияқты емес, әлем классиктері шығармаларын оқығанды жақсы көреді. Оның кітапханасында Пушкин, Лермонтов, Шекспирдің кітаптары көп. Балалардың айтуынша, ата-аналары оларды тауға қорықпай жібереді, кейде көлікпен жеткізіп салады. Алматылық тоғызыншы сынып оқушылары «әке-шешеміз ұсақ-түйек шығынымызға күн сайын 500 теңге береді» дейді.

АУЛАДАҒЫ ЛАГЕРЬ

«Арман» демалыс орталығы директоры Магдалина Таксиди өз ауласында 10-14 жастағы балаларға арналған лагерь ашқан. Оның айтуынша, балалар күн сайын әр түрлі қызықты істермен айналысады. Мысалы, жуырда орталық демалыс паркіне барып, шабылған шөпті жинауға көмектеспек.

Қазір Алматыда 27 балаларды сауықтыру лагері мен үш скаут лагері жұмыс істейді. Жазда жоғары сынып оқушыларды еңбекке баулу үшін алматылық мұғалімдер түрлі жөндеу жұмыстарымен айналысатын, оқу-өндірістік және экологиялық бригадалар ұйымдастырады.
  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

XS
SM
MD
LG