Accessibility links

Тағы бір өзбек босқыны экстрадицияланатын болды


Мутабар Сулаймонова - өзбек босқыны Тұрсынбай Сулаймоновтың зайыбы. Алматы, 20 желтоқсан 2010 жыл.

Мутабар Сулаймонова - өзбек босқыны Тұрсынбай Сулаймоновтың зайыбы. Алматы, 20 желтоқсан 2010 жыл.

Желтоқсанның 20-ы күні Алматы соты өзбек босқындарының тағы бірі – Тұрсынбай Сулаймоновты Отанына экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Туыстары босқынды Өзбекстан билігі азаптайды деп, оны еліне қайтармауды сұрап отыр.




Босқын мәртебесін сұраған өзбек азаматтарының ісі Алматының Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.

Тамыз айында Алматы бойынша көші-қон департаменті босқын мәртебесіне беруді сұраған 29 өзбек азаматының діни ұйымдарға қатысы бар деген айыппен күдіктілер санатында екенін алға тартып, олардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан болатын.

Департамент бұл шешім «Босқындар туралы» заңдағы 12-ші бабына сәйкес қабылданғанын айтты. Осыған дейін бұл шешімге наразы өзбекстандық азаматтар мен
Алмалы аудандық сотының судьясы Шолпанай Үмбетәлиева. Алматы, 20 желтоқсан 2010 жыл.
олардың туыстары осы шешімнің күшін жоюды сұрап сотқа арыз түсірген еді.

Сот отырысына өзбек азаматтарының жақындары мен туған-туыстары да келді. Шағымы қаралған азаматтардың әйелдеріне сөз берілген кезде олар қамауда жатқан күйеулерінің ешқандай діни ұйымдарға қатысы болмағанын, өз елдерінде күштік құрылымдар мен арнайы қызметтер тыныштық бермеген соң, өзге елдерге кетуге мәжбүр болғандарын айтты.

Олар Өзбекстанның күштік құрылымдары елде қалған бұл азаматтардың отбасы мен туыстарына да қысым көрсеткенін айтып шағымданды.

Өзбек босқыны Халтураев Ғалымжанның әйелі Нарқоббилова Фируза қамауда жатқан жақындарын өз елдерінде азаптаулар күтіп тұрғанын айтып, бұларға босқын мәртебесін беруді сұрады.

Сот отырысына келген Алматы қалалық көші-қон полициясының оралмандар және босқындар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Күлсүн Ысқақова өзбек азаматтарының халықаралық дәрежеде тыйым салынған діни ұйым өкілдерімен байланысы бар екенін айтты. Ол бұл жайттардың осы азаматтардан алынған өтініштер мен сұқбаттар, сонымен қатар жиын-отырыстар кезіндегі әңгімелерден анықталғанын жеткізіп, көші-қон департаменті шығарған шешімді күшінде қалдыруды өтінді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG