Accessibility links

Алматыда тегін Wi-Fі интернет аз


Ноутбукке қарап отырған жастар. (Көрнекі сурет)

Ноутбукке қарап отырған жастар. (Көрнекі сурет)

Алматыдағы қоғамдық орындардағы Wi-Fі (Wireless Fidelity – сымсыз ақпарат таратудың жоғары жылдамдығы тәсілі) интернет қызметіне халықтың көңілі толмайды. Вокзалдарда интернет жылдамдығы төмен, ал әуежайдағы Wi-Fі – ақылы. Кафе, мейрамханаларда интернет қолдану үшін 500 теңгеге тамақ алуыңыз керек.

АҚЫЛЫ ИНТЕРНЕТ – ЖЫЛДАМ, ТЕГІНІ - БАЯУ

Алматылық Ардақ Құлтай - интернетті жиі қолданатын адамдардың бірі. Жұмысы да соған тәуелді. Барлық ісін интернеттің көмегімен бітіретін ол Алматыдағы Wi-Fі желілерінің жұмысына разы емес.

– Алматы қаласындағы қоғамдық орындардың біразында Wi-Fі бар. Өзім ірі сауда орындарында, автовокзал және темір жол вокзалдарында Wi-Fі пайдаланамын. Алайда ғаламтор қызметінің сапасын жақсы немесе нашар дей алмаймын. Әйтеуір Интернет қолданушы Ардақ Құлтай. (Жеке мұрағаттан алынған сурет).

Интернет қолданушы Ардақ Құлтай. (Жеке мұрағаттан алынған сурет).

тегін болғасын, шүкір деп, әлеуметтік желілерге кіріп аламыз, – дейді.

«Алматы-1» және «Алматы-2» теміржол вокзалдарында да Wi-Fi интернет орнатылған. Бұл жерлерде интернетті тегін және ақылы түрде пайдалануға болады. Тегін интернеттің жылдамдығы төмен, ал сатып алсаңыз жылдамдық қосып береді.

– Ақылы интернетті қолдансаңыз жылдамдығы жақсы. 300 теңге арнайы пароль беріліп, бір сағат пайдалана аласыз. Ал тегін интернетті де пайдалануға болады. Бірақ ол ақылы интернеттей емес, – деді теміржол вокзалының қызметкерлері.

Алматыдағы автовокзалдардың тек біреуінде – «Сайранда» ғана Wi-Fі интернет бар. Бірақ студент Уәлихан Қосанбайдың айтуынша, «Сайран» автовокзалындағы Wi-Fі интернетінің жылдамдығымен ірі сайттарға кіре алмайсыз».

– Әлеуметтік желілер мен түрлі чаттарға кіруге болады. Ал ірі ақпараттың Студент Уәлихан Қосанбай. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Студент Уәлихан Қосанбай. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

порталдарға кіру мүмкін емес. «Сайранда» Wi-Fі бар деген аты ғана, жылдамдық жоқ және кейде жұмыс істемей қалады, – деді ол.

Автовокзал қызметкерлерінің айтуынша, ол жердегі интернеттің кейде жұмыс істемей қалатыны рас.

– Ол ауа райына байланысты. Әрі қоғамдық орын болғандықтан интернеттің жылдамдығы аса жоғары деп айта алмаймыз, – деді «Сайран» автовокзалының анықтама бөлімінің мамандары.

ӘУЕЖАЙДАҒЫ WI-FI

Алматы халықаралық әуежайында Wi-Fі – ақылы. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, интернеттің құны – жарты сағатына үш доллар (шамамен 500 теңге). Журналист Дина Ысқақтың айтуынша, «Алматы әуежайындағы Wi-Fі-ды қолдану мүмкін емес».

– Алматы әуежайында Wi-Fі атымен жоқ. Тегін тұрмақ, ақылысын таба алмайсыз. Қызметкерлерінен сұрасақ, «ақша төлеп пайдаланасыз» дейді. Ал ақшаны қайда төлеу керегін ешкім білмейді. Сырт елдерге жиі іссапарға шығып жүрмін. Бірақ Алматыдағы Wi-Fі қызметін қолданып көрмеппін. Қолдануға мүмкіндік те жоқ, – деді сұхбаттасымыз.

«ТАМАҚ АЛСАҢЫЗ, ИНТЕРНЕТ ТЕГІН»

Алматыдағы қырыққа жуық мейрамхана, кафелерде тегін Wi-Fі интернет бар. Бірақ тегін интернетті пайдаланудың өз талаптары бар. Мейрамханаларда Wi-Fі-ды Интернет клубта Азаттық сайтын оқып отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.

Интернет клубта Азаттық сайтын оқып отырған жігіт. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл.

ақысыз қолдану үшін кем дегенде 500 теңгеге тамақ алуыңыз керек. Кафелерде де талап сондай.

– Кафеде Wi-Fі – тегін. Бірақ тамаққа, сусынға тапсырыс берген келушілерге ғана интернетке кіру паролін береміз, – деді Алматыдағы кафелердің бірінің қызметкері Анна.

Алматыда «Mega» және «Рамстор» сауда орталықтарында ғана Wi-Fі жылдамдығы жоғары және қолдануы тегін. Ал қалалық және аудандық әкімдіктерде Wi-Fі жоқ.

Заңгер Болат Байбосыновтың ойынша, «кафелер мен мейрамханаларда «бізде Wi-Fi бар» деген жарнамалар ілініп тұрады. Ал қоғамдық орындар мен вокзалдар да ондай хабарлама жоқ. Жұртшылық сымсыз интернеттің бар екенін біле бермейді».

– Вокзал, бекеттердің қызметкерлері халық арнайы сұрап, іздеп бармаса бар екенін айтпайды. Негізі автовокзалдар мен вокзалдарда Wi-Fi бар екенінен хабар беретін ақпарат ілінуі керек. Әрі ол көрнекі жерде тұрғаны дұрыс. Бұдан бөлек, халықтың өзі вокзал, әуежайлардың анықтама қызметінен Wi-Fi бар ма, жоқ па – сол жайлы толық сұрап алғаны жөн. Бізде Wi-Fi туралы заң жоқ. Сонда да халық тегін интернет болса, қолдануға құқығы бар, – деді Азаттық тілшісімен сөйлескен заңгер.

Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.

(Бұл мақаланы әзірлеуге Нұрмахан Ахметов те үлес қосты)
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG