Accessibility links

Канализация иісінен тұншыққан Көксай ауылы


Кәріз суынан пайда болған көл. Алматы облысы Қарасай ауданы Көлсай ауылы, 18 шілде 2012 жыл.

Кәріз суынан пайда болған көл. Алматы облысы Қарасай ауданы Көлсай ауылы, 18 шілде 2012 жыл.

Алматы облысы Қарасай ауданы Теректі ауылының көп қабатты үйлерінен ағып шығатын кәріз (канализация) суы Көксай ауылын жарып өтіп, Ақсай өзеніне құйып жатыр.

Көп қабатты үйлерден шығатын кәріз суы жеке көлшікке айналыпты. Айналасына атты кісі көрінбейтін қою да биік қоға өскен бұл көлшіктен шыққан жағымсыз иіс алыстан білініп тұр.

«Кәріз суының иісінен демалу мүмкін емес» дейді Көлсай ауылы тұрғындары.

ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН КӨЛ

Ал көлшікке жақын ескі су арнасы бар екен. Ауыл тұрғындары «Бұл канал Совет Одағының тұсында бау-бақшаға су жеткізу үшін қазылған, тау суын осы каналға бұру арқылы алқаптағы бау-бақшаны суаратын» дейді.

– Совет Одағының кезінде мына Теректі ауылының канализациясы орталықтандырылған аудандық канализацияға барып қосылатын. Тәуелсіздік алғаннан кейін қараусыз қалды. Трубалардың барлығы тозды. Бітелді. Су басқа Кәріз суының көлшіктен бөлініп, арыққа қосылып жатқан жері. Алматы облысы Қарасай ауданы, 18 шілде 2012 жыл.

Кәріз суының көлшіктен бөлініп, арыққа қосылып жатқан жері. Алматы облысы Қарасай ауданы, 18 шілде 2012 жыл.

жақтан шықты. Міне, біртіндеп-біртіндеп мынандай көл пайда болды, – деді Көксай ауылының тұрғыны Бақыт есімді азамат.

Бақыттың айтуынша, кәріз суы «жырының» жалғасқанына сегіз жыл болыпты.

– Мен мына каналдың бойында тұрамын. Ана көл толған кезде, міне, мына жерден су ағып, каналға қосылады, – деп, Азаттық тілшісін кәріз суының каналға қосылып жатқан жеріне ертіп барды.

Су арнасын қоға басып кеткендіктен ол жерде арықтың бар-жоғын айыру мүмкін емес екен. Арнадан шыққан иіс те қоғаның арасына кіруге мүмкіндік бермейді.

«КӘРІЗ СУЫ КАНАЛ АРҚЫЛЫ ҚАПШАҒАЙҒА ҚҰЯДЫ»

– Күн ыстықта иіс аса қатты біліне бермейді. Бұның саситын кездері – күн салқындаған кешкі, түнгі уақыттарда. Әсіресе жел шыққан күндері үйден аттап Ақсай өзені. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылы, 18 шілде 2012 жыл.

Ақсай өзені. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылы, 18 шілде 2012 жыл.

шығудың өзі мұң, – деді Көксай ауылының тағы бір тұрғыны Медеу.

Ол ауыл әкімшілігіне бір емес бірнеше рет шағымданғандарын айтты.

Медеудің сөзіне қарағанда, «ауыл әкімі канализацияны жөндетуге уәде берген – бірақ әлі орындалған жоқ».

– Қазір күн ыстық. Үйде онсыз да ауа жоқ. Ал түнде иіс кіреді деп есік-терезені тұмшалап аламыз. Мына су қысы-жазы осылай сасып жатады, – деді Бақыт.

Ол «каналдың суы Ақсай өзеніне құятынын, ал өзен Қапшағай көліне қосылып жатқанын» айтты.

Бақыт арықтың өзенге құяр сағасын да көрсетпек болған еді. Алайда жабайы қамыстан ол жерге жету мүмкін болмады.

«АҚША БӨЛІНДІ – ЕНДІ ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ҒАНА ҚАЛДЫ»

Азаттық тілшісі Көксай ауылы орналасқан Іргелі ауылдық округінің әкімі Мақсат Жапаровқа жолығып, бұл мәселенің себебін сұрады.

– Теректі ауылының көп қабатты үйлерінің канализациясы полифильтрацияға келіп Іргелі ауылдық округінің әкімі Мақсат Жапаров. Алматы облысы Қарасай ауданы, 18 шілде 2012 жыл.

Іргелі ауылдық округінің әкімі Мақсат Жапаров. Алматы облысы Қарасай ауданы, 18 шілде 2012 жыл.

ағады. Олар енді әбден ескірген. Сондықтан ол су аздап-аздап келіп, біздің арық арқылы Көксай ауылымен өтеді. Соның иісі шығып жатыр. Бұл мәселенің көтерілгеніне біраз жыл болды. Бірақ тек биыл ғана қарастырылып, 82 миллион теңге көзделіп отыр. Бұйыртса ол канализацияны Алматы канализациясына қосып, полифильтрациясын жөндейді, – деп жауап берді әкім.

Әкімнің айтуынша, «ақша бөлініп те қойған, тек тендер өткізу ғана қалды».

Іргелі ауылдық округінің әкімі Мақсат Жапаровтың айтқанынан тағы бір түсінгеніміз – «канализация суы ауыл арасымен өткенімен, өзенге жетпей жерге сіңіп кетеді» екен.

«СОЛ КІСІНІҢ АРҚАСЫНДА...»

Әкіммен жолығуға барғанымызда оның қарсы алдында отырған ауыл ақсақалдары алқасының төрағасы Смағұл Садықұлы әуелі «Бұл мәселе биыл да бітпеді. Ауыл ақсалдары кеңесінің төрағасы Смағұл Садықұлы. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылы, 18 шілде 2012 жыл.

Ауыл ақсалдары кеңесінің төрағасы Смағұл Садықұлы. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылы, 18 шілде 2012 жыл.

Талайдан бері көтеріп, шеше алмай келе жатырмыз» деп наразы болып отырған еді.

Бірақ Мақсат Жапаровтың «ақша бөлініп те қойған, тек тендер өткізу ғана қалды» деген сөзінен кейін:

– Кездесуде ауданның жаңа әкімі келіп, сол кісінің алдына бұл мәселе қойылған. Сол кісінің еңбегінің арқасында қаланың трассасына қосылу жобасы бекітіліп, ақшасы келді. Енді соны жасайтын адамды ғана іздеп отыр, – дей келе. – Шындығында Теректінің күллі канализациясы Көксай ауылының басында, ашық аспан астында жатыр, – деп сөзін түйіндеді Смағұл Садықұлы.

Бұдан соң Теректі ауылы орналасқан Ақсай ауылдық округінің әкімі Жанар Оразәлиеваны тауып алдық. Бірақ ол кісі:

– Мен әкімдік қызметке бүгін ғана келдім. Сондықтан бұл мәселеден хабарсызбын. Кейін нақтылап, өздеріңізге айтармын, – деп шығарып салды.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG