Accessibility links

«Қорғас ісі» соты азаптау жайлы шағымдармен аяқталып келеді


«Қорғас ісі» бойынша соттағы 45 айыпталушының үшеуі. Алматы, 11 наурыз 2014 жыл.

«Қорғас ісі» бойынша соттағы 45 айыпталушының үшеуі. Алматы, 11 наурыз 2014 жыл.

Жемқорлыққа қарсы ең ірі қылмыстық іс материалдарымен танысу аяқталды. Бірақ «Қорғас ісі» бойынша сотталушылар алдын ала тергеу кезіндегі қысым мен азаптаулар туралы тағы мәлімдей бастады.

Сотталушылар саны жағынан Қазақстан тарихындағы ең ауқымды сот процесі аяқталуға тақап қалды, қазір жарыссөздер жүріп жатыр. Былтыр маусымда басталған сот процесінде «Қорғас» кеден бекетінде жемқорлық пен алаяқтық әрекеттермен айналысқан деп айыпталған 45 адамның ісі қаралып жатыр. Олардың ішінде ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен кеденнің бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер бар. 42 адам уақытша қамау тергеу абақтысында отыр, ал үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхат бойынша босатылған.

Прокуратураның мәлімдеуінше, Қытаймен шекарадағы «Қорғас» кеден бекетінде көп жыл әрекет етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топ Қазақстан мен Қырғызстан базарларына жеткізілетін бүкіл контрабандалық тауарды бақылап отырған.

Прокурорлар негізгі екі айыпталушы - Талғат Қайырбаев пен Бақыт Отарбаевты, ҰҚК-нің бұрынғы шенді қызметкерлері Талғат Жақаев пен Ирлан Әбдірахманов және «Қорғас ісіне» байланысты айыпталушы Талғат Қайырбаев (сол жақта) сот залында. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

«Қорғас ісіне» байланысты айыпталушы Талғат Қайырбаев (сол жақта) сот залында. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

Бақытбек Құрманалиевті 12 жылға соттап, олардың жаза мерзімін қатаң тәртіптегі колонияда өтеуін сұрайды. Алматы облысы кеден департаментінің бұрынғы бастығы Құрманбек Артықбаевты прокурорлар 13 жылға түрмеге кесуді сұрайды.

Бірақ соттың соңғы сатысында сотталушылар мен олардың адвокаттары «Қорғас ісі» материалдарындағы қайшылықтар туралы қайтадан айта бастады. Олардың мәлімдеуінше, тергеу кезінде айыпталушыларға қысым көрсетілген. «Азаптауға ұшырадық» деген де шағымдар бар.

АЗАПТАУҒА ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ СУДЬЯ ЖАУАБЫ

Өткен аптаның соңындағы сот отырысында прокурор кейбір сотталушылардың, атап айтқанда кәсіпкерлер Руслан Сыдықов пен Виктор Кимнің алдын ала тергеу кезінде берген түсініктерін қайта жариялауды сұрады. Сотталушылардың адвокаттары процестің соңғы апталарында мұндай эпизодтар жиі қайталанғанын айтады. Айыптаушы тарап өз өтінішіне қатысты «бұл процедура сотталушылардың алдын ала тергеу амалдары мен сот процесінің алғашқы кезеңінде берген түсініктері арасындағы қайшылықтарды анықтау үшін қажет» деп түсіндірді.

«Қорғас ісіне» қатысты айыпталушылар үзіліс кезінде туыстарымен сөйлесіп тұр. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

«Қорғас ісіне» қатысты айыпталушылар үзіліс кезінде туыстарымен сөйлесіп тұр. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

Прокурордың бұл өтінішіне сотталушы Руслан Сыдықов қарсылық білдірді. Ол алдын ала тергеу кезінде «күшпен мойындатқан» түсініктерінен бас тартатынын мәлімдеді. Сыдықов тергеу кезінде полицейлердің ұрып-соққаны жайлы, бүйрегіне үш операция жасатқаны туралы сот процесі басталған кезде ресми арыз бергені туралы ескертті.

Руслан Сыдықовтан мұндай арыз түскенін судья Советхан Сәкенов растады. Бірақ оның айтуынша, Сыдықовтың шағымында көрсетілген жайттар тексеру кезінде расталмаған, сондықтан сотталушы шағымданған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ деп табылған.

Іске қатысты кезекті эпизодтарды тексеру барысында прокурордың Руслан Сыдықовты қайта тергеу туралы өтініші бойынша судья оны тергеуге тырысты. Бірақ сотталушы Сыдықов алдын ала тергеу кезіндегі «күшпен мойындатқан» түсініктерінен бас тартқаны туралы мәлімдеме жасағанын айтып, «Сіз мені тыңдағыңыз келмейді!» деп судьяға айғай салды.

ТҮСІНІКТЕР ШЫТЫРМАНЫ

Адвокаттар «сотталушылардың құқығы көп бұзылды» деп мәлімдейді. Мысалы, ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Талғат Жақаевтың адвокаты Татьяна Ковылкинаның айтуынша, сот процесі басталған кезде сотталушылар «Алматының басқа тергеу абақтысында қамауда отырғанда соңымыздан заңсыз жасырын тыңдау ұйымдастырылды» деп судьяға шағымданған.

Оның айтуынша, сотта куәгерлердің көбі тергеу кезіндегі қысымға шыдамай берген ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Талғат Жақаевтың адвокаты Татьяна Ковылкина. Алматы, 11 наурыз 2014 жыл.

ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Талғат Жақаевтың адвокаты Татьяна Ковылкина. Алматы, 11 наурыз 2014 жыл.

алғашқы түсініктерінен бас тартатынын мәлімдеген. Бірақ кейін олар бұл мәлімдемелерінен айнып, бұрынғы түсініктеріне қайта оралған. Татьяна Ковылкинаның болжамынша, полицейлер мен прокурорлар сот процесі кезінде де қысым көрсеткен соң, куәгерлер алғашқы түсініктеріне қайта оралуға мәжбүр болған.

Қытайдан келетін жүктерді «күтіп алып, шығарып салып тұрған» деп айыпталған кәсіпкер Төрехан Кәрімбаевтың адвокаты Шәріп Өтешев те Татьяна Ковылкинаның бұл болжамын қолдайды. Адвокаттың айтуынша, Кәрімбаев өзінің кінәсіз екенін тергеу басталғаннан бері мәлімдеп келеді. Бірақ тергеу кезінде Кәрімбаевқа қарсы берген түсініктерінен сотта бас тартқан куәгерлер прокурорлардың қысымынан кейін алғашқы түсініктеріне қайта оралған.

Адвокат Шәріп Өтешев куәгерлердің сөздеріндегі қайшылықтарды: «Куәгерлердің көбі «Қорғас ісі» бойынша алғашында негізгі айыпталушылар қатарында болған. Бірақ кейін қылмыстық кодекстің «істеген Айыпталушы Төрехан Кәрімбаевтың адвокаты Шәріп Өтешев. Алматы, 11 наурыз 2014 жыл.

Айыпталушы Төрехан Кәрімбаевтың адвокаты Шәріп Өтешев. Алматы, 11 наурыз 2014 жыл.

қылмысына қатты өкіну және тергеу амалдарына көмектесу» бабы бойынша, қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, куәгерлер қатарына ауыстырылған. Сондықтан олар тергеушілер мен прокурорларға мүлде тәуелді болып қалды» деп түсіндіреді.

«Қорғас ісі» бойынша тергеу амалдары екі жылға созылды. Тоғыз ай бұрын басталған сот процесі де аяқталып қалды. «Қорғас» – Қазақстан мен Қытай шекарасындағы негізгі кедендік бекеттердің бірі. Автомобиль жолы арқылы Қазақстан, Қырғызстан және Ресейге Қытайдан жеткізілетін жүктің үлкен бөлігі осы бекет арқылы өтеді.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG