Accessibility links

Жобаны Назарбаев құптаған соң дау қайта қызды


Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Көкжайлау" жобасымен танысып тұр. Алматы, 1 қаңтар 2014 жыл.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Көкжайлау" жобасымен танысып тұр. Алматы, 1 қаңтар 2014 жыл.

2014 жылдың алғашқы күні ескі дау қайта қозды. 1 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев екі жылға созылған талас тудырған «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты жобасымен танысты. Жұрт суретте Назарбаевтың жанында тұрған тұлғалардың арасынан жобаға қатысушыларды «таба бастады».

Іле Алатауы бөктеріндегі табиғи қорықта сәні келіскен «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу жобасы туралы 2011 жылдың соңында басталған дау 2013 жылы қыза түсті. Енді бақылаушылар 2014 жылдың алғашқы күні «Президент Назарбаевтың құптауына ие болуға тырысқан кім? деген сауал төңірегінде болжам жасап жатыр. Экологиялық белсенділер тау бөктеріндегі табиғи қорықта курорт тұрғызылса, Алматы қаласы таза ауадан мүлде қағылады деп қауіптенеді.

Пікірталасқа өткен жылдың ортасында қосылған кейбір оппозициялық саясаткерлер мегажобаны жемқорлықпен байланыстырған. Жоба бойынша курортты ауылдарда қонақүй, мейрамхана және курортты аймаққа тән басқа да құрылыстар салынып, 185 гектар жерге 63 шақырым тау шаңғысы трассасы төселіп, 16 аспалы жол тартылмақ. Курорт күніне 10 мың 200 шаңғышыны қабылдайды деп жоспарланған. Жобаны іске асыруға қазынадан 455 миллион доллар, ал жеке инвесторлардан шамамен 900 миллион доллар шығады.

НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ КІМДЕР?

Енді ескі дауды Қазақстан басшысының «жеке пікірі» қоздыра түскен сияқты. Назарбаев «Жаңа тау шаңғысы курорты жобасы бүкіл еліміз үшін маңызды. Алматы мен облыста туризмді дамыту арқылы қосымша 100 мыңға жуық жұмыс Көкжайлаудғы құрылыс жұмыстары жайын баяндайтын құжат. Алматы, 9 қазан 2013 жыл.

Көкжайлаудғы құрылыс жұмыстары жайын баяндайтын құжат. Алматы, 9 қазан 2013 жыл.

орнын ашуға болады. Қаланың қарқынды дамуы тауларымызды тиімді пайдалануға байланысты. Еуропа елдерінің тұрғындары қысқы спорт түрлерін бала кезінен үйренеді. Тау шаңғысы курортына келетін турист жылы жақтардағы елдер мен теңізге саяхаттайтын туристке қарағанда 6 есе көп кіріс әкеледі» дейді.

Ресми жаңалықпен бірге жарияланған фотосуретте «Қазкоммерцбанк» акционерлерінің бірі, банкир Нұржан Субханбердиннің ел президентінің жанында тұруы жұрттың жобаға қатысатын қаржы институты туралы болжам-жорамалдарын қоздырып жіберді.

Бұл жаңалық интернетте қызу талқыға түсті. Жаңалықты қайталап басқан түрлі ақпарат құралдарында да, әлеуметтік желілерде де комментарийлер қаптап кетті. Әсіресе индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалидің Facebook желісіндегі парағында қызу талас туды. Бүгінге дейін онда ел президентінің пікірі туралы жаңалыққа қатысты 500-ден аса комментарий жарияланған.

Олардың ішінде белгілі оппозициялық саясаткер Серікжан Мәмбеталиннің Оппозициялық саясаткер Серікжан Мәмбеталин. Алматы, 26 қараша 2013 жыл.

Оппозициялық саясаткер Серікжан Мәмбеталин. Алматы, 26 қараша 2013 жыл.

«Президент ештеңеден хабарсыз. Әкелген қағазға қол қоя салады. Ал мұны айналасындағылар пайдаланып жүр. Дұрыс ақпарат бермейді. Көкжайлауды қорғаушылардың талап-арызын қабылдамай қойды. Құрылыстың тиімділігін дәлелдейтіндей бір айғақ жоқ. Бұл жоба «Қазком» («Қазкоммерцбанк») мен құрылыс компанияларына ғана керек. Президент ауысқан кезде Субханбердин мен Жұмашев осы авантюрасы үшін жауап береді» деген сөзі бар.

Facebook әлеуметтік желісіндегі қызу таласты бәсеңдетуге тырысқан «Көкжайлау» компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Бекжан Ыдырысов «Көкжайлау тау шаңғысы жобасына қатысты: «Қызық, мұндағы жұрт жоқ дүниені талқылап жатыр. Жоба әлі дайын емес! Қайда не салынатынын ешкім білмейді, жоба енді ғана жасала бастады! Одан кейін мемлекеттік сараптама жобаның норма (СНИП) мен заңға сәйкестігі туралы ұйғарым жасайды» деп жазады.

Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен «Зеленое спасение» экологиялық Көкжайлау жаз кезінде. Алматы, 20 шілде 2012 жыл.

Көкжайлау жаз кезінде. Алматы, 20 шілде 2012 жыл.

қоғамының өкілі Светлана Спатарь жұрт талқылап жатқан жаңалыққа қатысты мынадай комментарий берді:

– Президенттің бұл мәлімдемесі күтпеген жаңалық болған жоқ. Біріншіден, оның жобадан хабардар екені және оны құптайтыны осыдан екі жыл бұрын түсінікті болған. Екіншіден, мұндай жоба мемлекет тарапынан мақұлдау процедурасынан өтсе, экологиялық сараптама жүргізіліп, қоршаған ортаға әсері тексеріледі. Содан кейін тағы бір қоғамдық тыңдау өтуі тиіс. Кейін тағы бір мемлекеттік экологиялық сараптама мен мемлекеттік сараптамадан өтеді. Яғни «шешім қабылданып, мәселе шешіліп қойды» деп айта алмаймыз. Иә, президент көріп шықты. Бірақ соңғы байламды мемлекеттік экологиялық сараптама айтады.

ДИАЛОГҚА ҮМІТ АРТУ

«Көкжайлау» тау шаңғысы курортына қатысты пікірталасқа өткен жылдың ортасынан бері оппозициялық саясаткер Петр Своик те белсенді қатысып жүр. Оның пікірінше, жоба бойынша саяси шешім қабылданып қойған, енді қолдан Оппозициялық саясаткер Петр Своик. Алматы, 24 сәуір 2013 жыл.

Оппозициялық саясаткер Петр Своик. Алматы, 24 сәуір 2013 жыл.

келетіні – жобаны жақтаушылар мен қарсыластар арасында диалог орнату ғана. Биыл қаңтардың 4-інде ол «Көкжайлау» қоғамдық эксперттік кеңесін құру туралы бастама көтергендердің мәлімдемесінің жобасын Facebook желісінде жариялады.

Кеңестің мақсатын мәтіндегі сөйлемдердің бірімен тұжырымдауға болады: «Жұртшылық қолдамайтын шешімдердің іске асуына пікір, уәж, ұсыныс алмасу арқылы жол бермеу мүмкін болмаса да, оның кері әсерін барынша азайтуға болады».

Мәтін соңында «Көкжайлауды қорғайық» қозғалысының бірқатар белсенділері мен бірнеше алматылық тұрғынның аты-жөні тұр. Олардың көбі (мысалы, экологиялық белсенді Мэлс Елеусізов) Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салуға қарсы шыққан. Қол қойғандардың тізімінде «Зеленое спасение» экологиялық қоғамы өкілдерінің аты-жөндері жоқ. Азаттық тілшісі мұның себебін қоғам өкілі Светлана Спатарьдан сұрады.

– Біз құрылыс жобасын талқылауға келіспейміз. Біз ұлттық бақ аумағында қандай да болсын құрылыс бастауға қарсымыз. Сондықтан әлгі кеңеске кірудің Көкжайлаудағы құрылыс жұмыстары. Алматы, 9 қазан 2013 жыл.

Көкжайлаудағы құрылыс жұмыстары. Алматы, 9 қазан 2013 жыл.

мәні жоқ деп. Нені талқыламақпыз? Шыршалардың қалай кесілетінін бе әлде жолдың қалай салынатынын ба? – дейді Светлана Спатарь.

Алматылықтардың көбі тау шаңғысы курорты салынса, Көкжайлау шатқалының табиғаты бұзылады деп алаңдайды. Оның үстіне, жоба қарсыластары жобаны экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп есептейді.

«Көкжайлау» тау шаңғысы курорты жобасының жақтастары мен қарсыластары былтыр бір жыл бойы өздерін қолдайтын жандардан қол жинап, қатарын толықтыруға тырысты. 2013 жылдың соңына қарай Көкжайлауда курорт салуға қарсы ашық хатқа қол қойғандар саны 9 мыңнан асты. Ал «бір жылға жетпейтін уақыт ішінде 10 мың қол жинадық» деп мәлімдеген жобаны жақтаушылардың қатары көбінесе Алматы университеттерінің студенттері, мүгедектер мен интернационалист жауынгерлер есебінен толыққан. Тау шаңғысы курортына қарсы ашық хат интернетте жарияланса, жобаны қолдаушылардың қойған қолын бір топ адамнан басқа ешкім көрмеген. Олар оппоненттерінің «қол қойғандардың тізімін көрсек» деген өтінішін орындаудан бас тартты. Былтыр жазда бір топ алматылық белсенді БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Орхун конвенциясын орындау жөніндегі комитетіне «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу жобасына қатысты шағым жолдады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG