Accessibility links

Көкжайлауға қатысты дау тауда өтті


Көкжайлау беткейі. Алматы, 18 ақпан 2013 жыл.

Көкжайлау беткейі. Алматы, 18 ақпан 2013 жыл.

«Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу жобасына қатысты жұрт көптен күткен қоғамдық тыңдау өтетін күн де, орын да ауыстырылды. Залдың көп бөлігін ұйықтап отырған студенттер толтырды.

«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ерекше қорғалатын аумақтарын «Көкжайлау» тау шаңғы курортына қажет жер қорына ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесі» деген атауы ұзын дискуссия ақпанның 25-і күні Алматының қарапайым тұрғындарының жетуі қиын жерде өтті.

Бұл құжат әлемдік деңгейдегі курортқа айналып, ел экономикасына пайда әкеледі деп жоспарланған, Алматыдан 20 шақырым жердегі ұлттық табиғи қорықтың орта тұсынан тау шаңғысы курортын салу жобасын іске асырудың екінші кезеңінде әзірленді. Талай айға созылған дау кезінде жобаның қарсыластары «бұл – миллиардтаған ақшаны жымқырудың кезекті амалы, курорт салынса, Алматы қаласы таза ауадан айырылады» деп мәлімдеді.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЫҢДАУҒА «ҚАТЫСҚАН» СТУДЕНТТЕР

Әлдебір «техникалық себептерге» байланысты қоғамдық тыңдау өтетін күнді ақпанның 18-інен 25-іне, өтетін жерін шаңғы трамплинінен «Шымбұлақ» тау Тыңдауға келген студенттер. Алматы, 25 ақпан 2014 жыл.

Тыңдауға келген студенттер. Алматы, 25 ақпан 2014 жыл.

шаңғысы базасына ауыстырды. Тыңдауға қатысушылар сағат 9 сағат 30 минуттан қалмай тіркеуге үлгеруі тиіс деп хабарланды. Ал қала орталығынан «Шымбұлақ» базасына дейін 20 шақырым, оның соңғы 7 шақырымына қоғамдық көлік жүрмейді.

Тыңдау өткен ғимараттың жанында бір топ полицей кезекшілікте тұрды. Тыңдауға «Біз курорт салуды қолдаймыз» деп жазуы бар футболканы курткасының сыртынан киген ондаған студент қыз-жігіт шақырылыпты. Тыңдауға келген студенттердің арасында қыздар педагогикалық университетінің студенттері де бар. Олардың оқытушысы Азаттық тілшісіне «студенттерді сабақтан босатты» деп хабарлады.

Зерігіп немесе ұйықтап отырған студенттердың фотосуреттері интернетте санаулы сағатта пайда болды. Facebook желісінде жарияланған кейбір Қалалық әкімшілік өкілі Бақытжан Жоламанов. Алматы, 25 ақпан 2014 жыл.

Қалалық әкімшілік өкілі Бақытжан Жоламанов. Алматы, 25 ақпан 2014 жыл.

комментарийлерде тыңдауға қатысқан студенттерді Украинаның жаңа саяси лексиконынан алынған «титушкалар» (атқарушы биліктің акцияларына қатысушы өкілдері) деген терминмен атаған.

Азаттық тілшісінің «Тыңдау өткізу үшін неліктен «Шымбұлақ» сияқты қаладан шалғай жер таңдалған?» деген сұрағына туризм басқармасының бастығы Бақытжан Жоламанов «Тыңдауды ұлттық табиғи парк аумағында өткізуді ұйғардық» деп жауап берді.

Жер шалғайлығы мен қолайсыз уақытқа қарамастан, тыңдауға 300-дей адам жиналды. Нақты тіркелгендердің саны – 220, бірақ тіркеу аяқталған соң тағы ондаған адам келді. Үш сағатқа созылған тыңдауда ашуын тежей алмағандар көп болды. Сұрақ қойғысы келген немесе өз пікірін айтқысы келгендердің көптігі сонша, залдағы екі микрофон алдында кезек жиналып қалды.

22 МЫҢ 641 АҒАШ

Қазір Алматы шекарасы аумағына еніп кеткен Көкжайлау шатқалы әлі Іле Алатауы ұлттық паркі құрамында. Енді құрылысқа бөлінген территорияны қосалқы жер қорына аудару процесі басталған.

Аумағы 1002 гектар болатын жерді ұлттық табиғи парк құрамынан шығарудың техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) жасалған. Оның 216 гектары ТЭН жобасын таныстырған Наталья Огарь. Алматы, 25 ақпан 2014 жыл.

ТЭН жобасын таныстырған Наталья Огарь. Алматы, 25 ақпан 2014 жыл.

құрылысқа берілмек. ТЭН авторларының айтуынша, Көкжайлауды қосалқы жер қорына ауыстыруға заңды негіз бар. Ал экологиялық жағына қатысты «Бұл жоба бойынша жүргізілген жұмыстар дәйекті негіздеуге немесе дұрыс шешім қабылдау үшін расталған анық деректер жеткіліксіз екенін көрсетті» (91-бет) деп ұйғарым жасалған.

Техникалық-экономикалық негіздемеде құрылыс аймағында қалатын 22 мың 641 ағаш бар деп көрсетілген. Құрылыс жүру үшін оталатын ағаштардың орнына 58 мың 907 ағаш егіледі. Бірақ ол ағаштар нақты қай жерге егілетіні айтылмаған.

Жарыссөз кезінде кейбіреулер бюджеттің 22 миллион теңге ақшасы жұмсалған ТЭН «шала-шарпы жасалған әрі жобаның қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау туралы осындай шала құжатқа сүйенген» деп мәлімдеді.

УӘЖ

Техникалық-экономикалық негіздемеге жасалған тәуелсіз үш сараптамада Көкжайлауды ұлттық табиғи парк аумағынан шығару жоспары қатты сыналған. Тыңдау өтерден бірер күн бұрын бұл сараптамалар «Көкжайлауды қорғайық» азаматтық қозғалысы сайтында жарияланды.

Туризм басқармасының бастығы Бақытжан Жоламанов олармен таныспаған екен. Жобаның қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау бойынша бір жыл бұрын өткен тыңдауда ол «жобаны іске асыру барысында жұртшылық пікірі барынша ескеріледі» деп уәде еткен. Ол бір жылдан кейін «жобаға қарсы 50 адамның түрін көруден және бір сарынды сұрақтарға жауап беруден мезі болғанын» мәлімдеді.

Көкжайлауды қосалқы жер қорына ауыстыру мәселесіне қатысты жобаның Азаматтық белсенді Серікжан Мәмбеталин. Алматы облысы, 5 сәуір 2013 жыл.

Азаматтық белсенді Серікжан Мәмбеталин. Алматы облысы, 5 сәуір 2013 жыл.

қарсыластары «қазіргі қолданыстағы заңдар тау шаңғысы курортын ұлттық табиғи парк аумағында тұрғызуға рұқсат беретіндіктен оны ауыстырудың қажеті жоқ, кейін мына жерді жекешелендіріп алмақ» деген уәж келтіреді.

Азаматтық белсенді Серікжан Мәмбеталин «Бұл жоба Алматының ең қымбат 30 гектардай жерін саудалау үшін жасалып отыр. Бірақ ең қызығы, мұны халыққа төлетпек. Бұл жобаға мемлекет мүлде мұқтаж емес. Ақша – халықтікі, жер – халықтыкі, ал ол жерге кім ие болатыны түсініксіз. Бұл жобаны референдумға салу керек» дейді.

Ал оппозициялық саясаткер Петр Своик «бюджеттің 450 миллион доллары жұмсалатын жоба кейін (ТЭН-ге сәйкес) неліктен 160 миллион долларға сатылуы тиіс екенін» түсінбейтінін мәлімдеді.

«Зеленое спасение» экологиялық қоғамының өкілі Сергей Куратов қоғамдық «Зеленое спасение» экологиялық қоғамының өкілі Сергей Куратов. Алматы, 11 қаңтар 2013 жыл.

«Зеленое спасение» экологиялық қоғамының өкілі Сергей Куратов. Алматы, 11 қаңтар 2013 жыл.

тыңдауды заңсыз деп танып, Көкжайлау территориясын қосалқы жер қорына аударуды тоқтатуды талап етті.

Азаттық тілшісі туризм басқармасы бастығы Бақытжан Жоламановтан жерді қорға ауыстыру туралы сын-пікірлерге қатысты комментарий беруін өтінді. Ол болашақта жерді жекешелендіруі мүмкін екенін растайды, «бірақ курорт салынған соң ғана солай етеді» дейді. Оның айтуынша, құрылыс салынған жер ғана жекешелендіріледі. Билік өкілі «жалға берілген жерге инвестор ақшасын салмайды» деген уәж айтады.

Ол айтқан екінші уәж – егер тау шаңғысы курорты орналасатын территорияны ұлттық паркте қалдырса, ол жердегі өсімдіктер мен жануарларды бір орманшы ғана қориды. Одан көп адам жалдауға ақша жоқ. «Ал курортты ұлттық парктен шығарсақ, осы үлкен кедергі жойылады» дейді Бақытжан Жоламанов.

Көкжайлауды қосалқы жер қорына ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Енді үкімет жерді қосалқы жерлер қорына ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын бұл құжат мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтіп, бүкіл министрлік, ведомствола мақұлдауы тиіс.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG