Accessibility links

Наурызбай ауданы: эвакуация орталығын 8 адам паналады


Алматыдағы 176 мектептің алды
Алматыдағы 176 мектептің алды

Наурызбай ауданындағы эвакуация орталығы орналасқан 176-мектепте 23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні тек сегіз адам болған. Бұл туралы орталықта жүрген Азаттық тілшісіне әкімдік өкілдері айтқан.

Эвакуация орталығындағы әкімдік өкілдерінің айтуынша, 23 шілдеде сегіз адам келіп, екі сағат отырып кейін кетіп қалған.

Орталық өкілдері тұрғындардың көбі қаладағы туысқандары мен таныстарының үйіне түнеуге кеткенін де айтқан.

23 шілде күні түнде Алматының Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген. Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, сел жүріп, үш ауданда үйлер мен нысандар зардап шекті. Сел жүрген аймақтан 1000-ға жуық адам эвакуацияланды. Адам қазасы туралы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG