Accessibility links

Ұлттық банк төрағасы ауысқаннан не өзгереді?


AzattyqLIVE хабарында қаржыгер Марлен Қайырленов (оң жақта) пен журналист Айнұр Әлімова. Алматы, 4 қараша 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында қаржыгер Марлен Қайырленов (оң жақта) пен журналист Айнұр Әлімова. Алматы, 4 қараша 2015 жыл.

Ұлттық банк төрағасы қызметіне Данияр Ақышев тағайындалған соң нарықта не өзгеріс болады? AzattyqLIVE хабарының қонағы қаржыгер Марлен Қайырленов осы мәселе жайлы сұрақтарға жауап берді.

Дүйсенбі күні ұлттық банк төрағасы қызметін екі жылдан астам уақыт атқарған Қайрат Келімбетов отставкаға кетіп, оның орнына Данияр Ақышев тағайындалды.

Ақышевтің кандидатурасын ұсынған ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржы секторындағы "нашар көрсеткіштер" жайлы - ұлттық банк пен теңгеге сенім азайғаны туралы, экономиканы несиелендіру көлемі қысқарғаны жайлы айтқан.

AzattyqLIVE хабарына қатысқан қаржыгер, «Ұлағат Консалтинг» компаниясының жетекшісі Марлен Қайырленов "Теңгеге сенім арта ма? Ұлттық банктің ендігі әрекеті қандай болмақ? Банктің жаңа төрағасын қандай іс күтіп тұр?" деген сауалдарға жауап берді.

XS
SM
MD
LG