Accessibility links

Сириялық консулдың үйінде шыққан өрт тексеріліп жатыр


Сирия елшілігіне қарасты өртеніп кеткен ғимарат. Алматы облысы, 17 шілде 2012 жыл.

Сирия елшілігіне қарасты өртеніп кеткен ғимарат. Алматы облысы, 17 шілде 2012 жыл.

Ресми өкіл өртенген үй «дипломатиялық өкілдік ғимараты емес» екенін, ал Сирияның Қазақстандағы құрметті консулы «қазір тергеу жүріп жатқанын» айтты.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айдос Оңғаровтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, Сирия консулдығында өрт шыққаны туралы хабар 9 шілде күні сағат 14.50-де түскен. Оның айтуынша, 160 шаршы метр жер жанған, өртті біреу әдейі қойған.

Жергілікті ақпарат құралдары шілденің 9-ы күні болған өрт туралы тек бүгін хабарлай бастады.

Алматы облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық кодекстің 187-бабы ("бөтен біреудің мүлкін қасақана құрту немесе бүлдіру") бойынша іс қозғаған.

«ӘЛІ АРЫЗ ТҮСКЕН ЖОҚ»

Ақпаратқа қарағанда, Алматы облысы Қарасай ауданы Ақжар ауылындағы өртенген ғимарат - Сирия дипломаттарының демалыс үйі. Бұдан бұрын бұл ғимаратта Сирия елшілігі орналасқан.

«Елшіліктің ауысуына байланысты ғимарат дипломаттардың кеңсесі, әрі демалыс үйіне айналған» деді полиция өкілдері.

Шілденің 17-сі күні оқиға орнына барған Азаттық тілшісі ол жерде полиция қызметкерлерінің жүргенін көрді. Тергеушілер көршілерден жауап алып жатты.

Азаттыққа түсініктеме берген Қарасай аудандық ішкі істер басқармасы Каменка

Полиция өкілі Ғалия Тоқмырзина өртенген үйдің алдында тұр. Алматы облысы, 17 шілде 2012 жыл.

Полиция өкілі Ғалия Тоқмырзина өртенген үйдің алдында тұр. Алматы облысы, 17 шілде 2012 жыл.

полиция бөлімшесінің тергеушісі, подполковник Ғалия Тоқмырзина «әзірге көршілерден алынған жауаптар нәтиже бермеді» деді.

- Оқиға шілденің 9-ы күні болған. Алайда әлі күнге шейін арыз түскен жоқ. Сондықтан біз әзірге болған оқиғаға қатысты келіп, тексеру жүргізіп, жәбірленушілермен сөйлесіп жатырмыз, - деді тергеуші.

Ал учаскелік полицей «көршілердің бірі үйдің сыртқы қоршауынан секіріп түскен бір жігітті көргенін айтты» деп, тілшілерге қақпаға өрмелеген аяқтың ізін де көрсетті.

Өзін консулдың көмекшісі әрі бауырымын деп таныстырған Мұхаммет Даррей есімді азамат өртенген үйдің ішін аралатып көрсетті. Екі қабатты ғимараттың

Мұхаммед Даррей өртенген үйді көрсетіп тұр. Алматы облысы, 17 шілде 2012 жыл.

Мұхаммед Даррей өртенген үйді көрсетіп тұр. Алматы облысы, 17 шілде 2012 жыл.

үстіндегі мансардасы түгел өртеніпті. Ал екінші қабаттың қабырғалары қалғанымен, іші түгелдей жанып кеткен. Мұхаммет екінші қабаттағы жатын бөлмеде қанға ұқсас дақтар бар екендігін айтып, тілшілерге көрсетті.

Мұхаметтің сөзінше, «бұл - консулдың жеке үйі, сондықтан бұл жерге күзет қойылмаған».

ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҢ БОЛЖАМЫ

Өртенген үйде тергеушілермен бірге жүрген құрметті консулдың өзі журналистерге қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

- Бұл туралы көп айтылды. Оқиға туралы қайта-қайта еске ала бермей-ақ қояйық.

Өртенген үйдің ауласында тұрған полицей. Алматы облысы, 17 шілде 2012 жыл.

Өртенген үйдің ауласында тұрған полицей. Алматы облысы, 17 шілде 2012 жыл.

Тергеу жүріп жатыр, сондықтан уақыт берейік, - деп қысқа қайырды Сирияның Қазақстандағы құрметті консулы Самир Дерех Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін қазақстандық телеарналардың біріне сұқбат берген Самир Дерех "өрт әдейі ұйымдастырылған" деген болжам айтқан. Оның ойынша, белгісіз біреулер ғимаратқа жанғыш зат құйылған бөтелке лақтырған. Самир Дерех бұл істің саяси астары бар деп санайды.

- Біздегі басты проблема - Сириядағы радикалды діни топтардың қарсылығы. Олардың қолынан кез-келген әрекет келуі мүмкін. Өртке де солардың қатысы бар. Себебі ешбір құнды дүние қолды болмаған. Бүгін от салса, ертең адам өлтіруі де мүмкін, - деді Самир Дерех.

МИНИСТРЛІК ӨКІЛІНІҢ СӨЗІ

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров 17 шілде күні осы оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстан мен Сирия арасындағы дипломатиялық міндетті Сирия араб республикасының Ресейдегі елшілігі атқарады, ал Алматыда өртенген үй - дипломатиялық өкілдік ғимараты емес.

- Алматыда екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға міндетті құрметті консулдың үйі болған. Бұл оқиғаға байланысты Сирия тарапынан ешқандай түсініктеме айтылған жоқ, - деді Ілияс Омаров.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG