Accessibility links

Автотұрақ ақысын жинаушылар көп сөзге жоқ


Алматыдағы көлік тұрақтарында ақша жинаушылар қай мекемеде жұмыс істейтіндерін айтудан қашқақтайды. Ал «Алматы паркинг» «қызметтік куәлігін көрсетпейтіндер – жалған парковшылар» дейді.

Алматы қаласының тұрғыны, көлік иесі Мейірхан жол бойындағы автотұрақтарда ақша жинап тұратын адамдардың кәсібі заңды не заңсыз екенін білмейді.

– Мен әр кезде әртүрлі ақша төлеймін. Біреулері 50 теңге алса, кейбіреулері 100 теңге сұрайды. Сосын осы күнге дейін бұлардың ақша алғаны туралы чек бергенін көрмеппін. Осылардың қаншалықты заңды жұмыс істейтінін қадағалап отырған біреулер бар ма? – дейді Мейірхан.

«Соңғы кездері оңды-солды ақша жинайтындар көбейіп бара жатыр» деп наразылық білдірген тұрғын:

– Жол бойына ақша жинаушыларды жайып жібергенше, арнайы орындар ашып, сол жерге терминал арқылы төлейтіндей қылып қоюға әбден болар еді, – деді.

«ҚАЙ МЕКЕМЕДЕ ІСТЕЙТІНІМДІ БІЛМЕЙМІН»

Азаттық тілшісі Алматы көшелеріндегі тұрақтарда ақша жинап тұратын азаматтармен тілдеспек болып, Абылайхан даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылысқан тұсына тақау жердегі көлік тұрағына барды. Әуелі жолықтырған Көлік тұрағы ақысын жинаушы Қанат. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

Көлік тұрағы ақысын жинаушы Қанат. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

адамымыз – өзін «Қанат» деп таныстырған, жасы 17-18 шамасындағы жігіт:

– Бұл жұмысқа тұрғаныма 10 күн ғана болды. Бізге әлі куәлік берген жоқ. Ана кісіден сұраңызшы, – деп жолдың келесі бетінде тұрған адамға сілтеді.

Өзі қызмет ететін мекемесінің атауын сұрап едік, Қанат оны да білмейтінін айтып, жол бойында тұрған көліктердің тасасына қарай ығыса жөнелді.

Азаттық тілшісі бұдан кейін тұрақтағы көлік иелерінен ақша жинап жүрген басқа адамның жанына барды. Аты-жөнін үш-төрт қайтара сұрағаннан кейін ғана «Дәулетпін» деген ол азамат та «Қызметтік куәлігіңіз бар ма?» деген сауалымызға жауап бермей қойды.

Осы кезде Қанат нұсқаған адам да қызметін тастап, жолдың бергі бетіне өтіп келген еді. Өзін «Сапарғали» деп таныстырған ол кісі жеті-сегіз жылдан бері көлік Тұрақ ақысын төлеген көлік иесіне беретін чек.

Тұрақ ақысын төлеген көлік иесіне беретін чек.

тұрағы ақысын жинаушы екенін айтты. Сапарғали да қай мекемеде жұмыс істейтінін, күндік жоспарлары қанша екенін айтудан жалтарды.

– Әкімшілікке барыңдар. Сол жерде бәрін айтып береді. Ал менің қызметтік куәлігім үйде қап қойыпты. Чекті ешкім бізден сұрамайды, сосын бермейміз, – деді Сапарғали.

Ол қалтасынан жеті-сегіз чекті ғана алып көрсетті. Көлігін тұраққа қойғаны үшін ақы төлейтін азаматтарға берілетін чектің неге мұнша аз екенін сұрап едік:

– Тұрақ иелері сағат сайын аралап таратып, түскен ақшаны жинап әкетіп отырады, – деп жауап берді Сапарғали.

«БАҒА – 50 ТЕҢГЕ, АЛ БІЗ 100 ТЕҢГЕ ДЕЙ САЛАМЫЗ»

Азаттық тілшісінің бұдан кейін барған жері «Алматы–2» теміржол вокзалы маңындағы көлік тұрағы болды. Әуелі жолыққан тұрақ ақысын жинаушы «Аты-жөніңіз кім?» деген сауалымызға «Менде нең бар?» деп, үстіндегі қызметтік Аты-жөнін айтудан бас тартқан тұрақ ақысын жинаушы. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

Аты-жөнін айтудан бас тартқан тұрақ ақысын жинаушы. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

күртесін шешіп қолына алды да, ағаш арасына қарай жылжи жөнелді. «Неге қаштыңыз? Әлде заңсыз ақша жинап жүрсіз бе?» деген сауалға «Біліп тұрсың ғой. Маған тиіспеші» деп дауыстады ағаш арасынан.

«Алматы–2» теміржол вокзалының маңындағы көлік тұрағы ақысын жинаушылар күнделікті жоспарлары әртүрлі екенін айтты. Вокзалға қарама қарсы тұрған Өзгеріс есімді азамат күніне 5 мың теңге өткізсе, вокзалдан сәл қашықтау тұрған Дәулет «бұл маңға машиналар көп тоқтамайтындықтан күніне кейде 500 теңге, кейде 300 теңге өткізетінін» айтты

Өзгерістің айтуынша, вокзал маңындағы тұраққа көлік қою құны – 50 теңге. Азаттық тілшісі осы күнге дейін осы тұраққа көлігін қойғаны үшін 100 теңгеден төлеп келгенін айтып еді:

– Енді 50 теңгемен жоспар өтей алмаймыз. Сондықтан еріксіз 100 теңге дей саламыз. Көлік иелерінің өздері де 100 теңге ұсынады, – деп жауап берді Өзгеріс.

«Күнделікті нәпақамызды осы жерден табамыз» деген Өзгерістің айтуынша, Автотұрақ ақысын жинаушы Дәулет. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

Автотұрақ ақысын жинаушы Дәулет. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

тұрақ ақысын жинаушылар мен жұмыс берушілердің арасында ешқандай келісімшарт жоқ.

– Біз «Алматы паркингіне» қараймыз ғой. Бірақ паркинг басшылығымен тікелей келісімшартқа отырмаймыз. Аудандық филиалдың жетекшісімен ауызша келісеміз де осында тұра береміз, – дейді Өзгеріс.

Ал Өзгерістің әріптесі Дәулет «Алматы паркинг» өзіне 20 мың теңге ғана айлық төлейтінін, сондықтан осы жерден қосымша табыс табатынын айтты.

«БЕЙДЖІ ЖОҚ БОЛСА, ЗАҢСЫЗ ЖҮРГЕН АДАМ»

Азаттық тілшісі қаладағы көлік тұрақтарында ақша жинаушы адамдардың қаншасының кәсібі заңды екенін білу үшін «Алматы паркинг» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына хабарласты. «Алматы паркинг» директорының орынбасары Ержан Бағашаровтың Азаттық тілшісіне жазбаша берген "Алматы-2" теміржол вокзалының алдында тұрған автотұрақ ақысын жинаушылар. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

"Алматы-2" теміржол вокзалының алдында тұрған автотұрақ ақысын жинаушылар. Алматы, 5 қараша 2013 жыл.

жауабына қарағанда, «кәсіпорын қарамағында 76 көлік тұрағы бар, олардың барлығы жол бойына орналасқан».

Ержан Бағашаров Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде «барлық қызметкерлер жұмысқа келісімшартпен қабылданатынын» айтты.

– Әрине, олардың жалақысы аз – 25-28 мың теңге көлемінде. Жұмысқа қабылданған әрбір қызметкерге аты-жөні жазылған бейдж беріледі. Ал егер автотұрақшының бейджі жоқ болса, ол – жалған, заңсыз істеп жүргендер. Ондайлардың бар екенін жасыра алмаймын. Тағы бір шыққаныңызда айтыңызшы, сізге еріп жүріп, заңсыз жүргендерді біз де көрейік, – деді «Алматы паркинг» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары Ержан Бағашаров.

Азаттық тілшісі көлік тұрағында жұмыс істейтін азаматтардың көбісінің «жұмысқа кіргенімізге бес-он күн болды, әлі бейджик алған жоқпыз» деген уәж айтатынын еске салып еді, Ержан Бағашаров «олардың барлығы – жалған парковшылар (тұрақ ақысын жинаушылар – ред.)» деп жауап берді.

«Алматы паркинг» кәсіпорны өкілінің айтуынша, «қазір Алматы қаласы әкімшілігі тендер өткізіліп, содан жеңген жеке кәсіпкерлер немесе мекемелер көлік тұрақтарын ұйымдастырып, арнайы төлем төлейтін құралдар қондырып жатыр». Алайда Ержан Бағашаров ол құралдардың қай маңдағы тұрақтарға орнатылғанын айтпады.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG