Accessibility links

Жыл он екі ай автобус күтетін кәсіп иелері


Аялдамадағы диспетчер. Алматы, 26 қараша 2012 жыл.

Аялдамадағы диспетчер. Алматы, 26 қараша 2012 жыл.

Жол бойындағы аялдамаларда автобустардың жүру жиілігін реттеп тұратын диспетчерлер «жұмыс ауыр болғанымен, табыс жақсы» екенін айтады.

«КҮНДІК ТАБЫС – 6 МЫҢ ТЕҢГЕ»

Диспетчер келіншек Асылзат Алматы облысы Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде тұрады. Ол тоғыз жылдан бері осы кенттегі автобус аялдамасында диспетчерлік қызмет атқарады екен.

– Кенже балам туғанына сегіз ай толғанда осы жұмысқа шыққан едім. Қазір ұлым төртінші сыныпта оқып жүр, – деді Асылзат.

Ол «бұдан басқа жұмысты істегісі де келмейтінін» айтады.

– Жасым 40-тан асқанда басқа қандай жұмысқа жарауым мүмкін. Мүмкін, еден жууға алатын шығар. Бірақ оның жалақысымен үйімдегі төрт баланы қалай асыраймын, – дейді диспетчер.

Таңғы сағат жетіде өзіне бекітілген аялдамаға келетін Асылзат кешкі сағат беске Аялдамада тұрған автобус. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.

Аялдамада тұрған автобус. Алматы, 28 ақпан 2012 жыл.

дейін сол орында тапжылмай отырады. «Аялдама» деген аты болмаса, ол жерде нақты орнатылған арнайы орын жоқ.

– Қыста жақын маңдағы дүкендердің біріне кіріп, ара-арасында жылынып аламын. Ал, жазда көлеңке қуалап кетеміз, – деді Асылзат.

Оның айтуынша, «бұл жұмысқа маршрут бригадирлерімен келісіп тұруға болады, ал аялдама тұрғызу олардың құзіретіне кірмейді».

– Қазір автобус көп, план орындау үшін барлығы жанталасады. Бірін-бірі қуалап, клиентке таласады. Сондықтан өзімізге бекітілген автобустардың жүру кестесін реттеп, уақыт аралығын сақтауды қадағалап отырамыз, – деді диспетчер.

Асылзаттың иелігінде он екі автобус бар екен. «Осыдан тоғыз жыл бұрын әр автобусқа 50 теңгеден алғанын» есіне түсірген диспетчер «қазір күндік еңбекақы 6 мың теңгеден айналатынын» айтты.

«МАМАНДЫҒЫМ – МҰҒАЛІМ, КӘСІБІМ – ДИСПЕТЧЕР»

Азаттық тілшісі сөйлескен енді бір диспетчер Динара жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында Алматы қаласындағы Фурманов пен Гоголь көшелерінің қиылысындағы ашық аялдама тұрады.

Динараның әуелгі мамандығы – «бастауыш сыныптың мұғалімі».

– Алматы қалалық педагогикалық колледжін бітіргенмін. Бірақ мектептегі жұмыстан Қалалық автобус жолаушылары. Алматы, 22 қараша 2012 жыл.

Қалалық автобус жолаушылары. Алматы, 22 қараша 2012 жыл.

гөрі өзіме осы ыңғайлы. «Өмір бойы диспетчер болып өтемін» деп ойламаймын. Өйткені қазір осы қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде сыртай оқып жүрмін, – деді ол сөз арасында.

Динараның кішкентай қызы бар екен. Ол – ата-анасының қолында.

– Әке-шешеме көмектесуім керек. Оқуымның ақысын төлеу қажет. Сол секілді шығындардың бәрін өтеуге мектептен алатын ақша жетпейді, – дейді Динара.

Өзінің айтуынша, диспетчер болып жүргеніне – төрт жыл.

– Жазда ештеңе емес, қыста, әсіресе аязды боранды күндері қиын. Барар жер таппай кетесің. Сонда да шыдауға тура келеді. Өйткені қолымнан басқа жұмыс істеу келмейді, – дейді Динара.

«ТОҚЫЛДАҚ»

Азаттыққа қызметі жайлы айтуға келісім берген үшінші кейіпкер Абай көшесінің бойындағы аялдамалардың бірінде тұрады. 52 жастағы кейіпкеріміз өзін жай ғана «Жанна тәте» деп атауымызды өтінді.

– Бетімізге «диспетчер» дегенімен, сыртымыздан «тоқылдақ» деп жүр ғой. Оған Аялдамадағы диспетчер. Алматы, 26 қараша 2012 жыл.

Аялдамадағы диспетчер. Алматы, 26 қараша 2012 жыл.

несіне шамданайық. Онсыз да ұзақты күн тоқылдап, қай автобустың қай уақытта кеткенін жеткізіп тұрамыз, – дейді күліп.

Ол кісі Алматыға Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданынан келген екен. Бұрын аудандық мекемелердің бірінде есепші болып қызмет атқарғанын айтты.

– Екі ұл, үш қызым бар. Балаларымның барлығы да аяқтанып кетті, өздерімен өздері. Шал екеуміз қала шетінде пәтерде тұрамыз. Зейнет жасына әлі жеткен жоқпын. Өзіңді өзің асырауың керек қой. Сосын осы жұмысқа шықтым, – дейді Жанна тәте.

Жанна тәтенің жолдасы мен екі ұлы да 65-бағытты автобуста жүргізуші болып істейді екен. Иелігінде 40 автобус бар екенін айтқан диспетчер:

– Бізге еңбекақыны шопырлар төлейді ғой. Әрқайсысынан күніне 100-150 теңгеден ғана аламыз. 200 теңге беретіндер аз, – деді сөз арасында.

Жанна тәтенің айтқанынан тағы бір түсінгеніміз – аялдамада тұратын диспетчерлер валидатор орнатылған автобустарға қызмет көрсетпейді.

– Ондай автобуста елдің бәрі жолақысын валидаторға төлейді. Ал бізге шопыр өз қалтасынан ақша төлемейді ғой, – деді диспетчер.

Бұл мақаланы автордың Facebook-тегі парақшасында да талқылай аласыз.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG