Accessibility links

Жарылыстан мерт болған мүгедек жігіт енді жүре бастаған еді


Роман Поздняков тұрған үйдің есігі. Алматы, 21 наурыз 2014 жыл.

Роман Поздняков тұрған үйдің есігі. Алматы, 21 наурыз 2014 жыл.

Жуырда жарылыстан қаза тапқан жас жігіт Алматы қаласына жерленді. Арбаға таңылған мүгедектің әскери гранатаны қайдан алғанын әзірше ешкім білмейді.

Алматы қаласындағы Орбита-4 шағын ауданында тұратын 28 жастағы мүгедек, наурыздың 19-ында пәтеріндегі әскери граната жарылысынан мерт болған Роман Поздняков өткен аптаның соңында жерленді.

Қазір әйнегі сынған терезе қайта жөнделген. Жарылыстан кейін пәтер есігіне жапсырылған қағаз жолағының қазір ізі де жоқ.

АНАСЫ

Марқұм болған жігіттің анасы Марина Позднякова пәтерден шыға бере «ішке кіріңіз деп айтпаймын» дегендей, есікті жауып, тіпті денесімен қалқалап тұра қалды. Азаттық тілшісі ол кісімен подъездің бірінші қабатындағы баспалдақ жанында тұрып әңгімелесті.

19 наурыз күні жарылыс болған сәтте Марина Позднякова көрші бөлмеде отырған. 50 жастағы әйел жарылыстан зардап шекпеген, мерт болған мүгедек баласының гранатаны қайдан алғанын білмейді.

Оның айтуынша, бес жылдай бұрын баласы ислам дінін қабылдаған. Мұсылман достары Романды «Рамазан» деп атап кеткен. Бірақ оны православие Роман Поздняковтың анасы Марина Позднякова. Алматы, 24 наурыз 2014 жыл.

Роман Поздняковтың анасы Марина Позднякова. Алматы, 24 наурыз 2014 жыл.

дәстүрімен жерлеген. Бұған түсіністікпен қараған мұсылман достары марқұмның туыстарына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектескен.

Марина Позднякованың айтуынша, ұлының мұсылман достары баласын емдетуге де көмектескен. Өткен жазда Романды достарының көмегімен Қытайға апарып емдетіп әкелген соң жігіттің қолы икемге келіп, жазылып-бүгіле бастаған.

Роман Поздняковтың интернет-күнделігінде анасымен бірге келе жатқан сәті көрсетілген видеосы бар. Оны былтыр Қытайда емделіп келген соң өздігінен жүре бастаған кезде түсіріпті.

15 жасында төбелес кезінде пышақ тиіп ауыр жараланғаннан кейін Роман мүгедек арбасына таңылған.

Анасының айтуынша, Роман бірте-бірте сүйемелдеумен жүре алатын халге жеткен. Марина Позднякова баласына қамқор болған достарына алғыс айтады. Олар мүгедек жігітті мешітке ғана емес, спорт жабдықтарымен жаттықтыру үшін спорт алаңына да апарып жүрген.

КӨРШІЛЕРІ

«Роман Поздняков гранатаны қайдан алған, ол қалай жарылды?» деген сұрақтар көршілерін де мазалайды. Олар Романды ақжарқын әрі сабырлы жігіт ретінде сипаттайды. Көршілерінің айтуынша, достары оны мүгедектерге арналған Роман Поздняков тұрған үй. Алматы, 21 наурыз 2014 жыл.

Роман Поздняков тұрған үй. Алматы, 21 наурыз 2014 жыл.

арбаға отырғызып, Орбита-3 шағын ауданындағы мешітке жұма намазға апарып жүрген.

Осы подъездің екінші қабатында тұратын Шәкір деген көршісі граната жарылған кезде пәтерінде болған.

- Қатты дүмпу болып, бүкіл үйдің қабырғалары дірілдеп кетті, - дейді 55 жастағы Шәкір Азаттық тілшісіне.

Марина Позднякованың пәтеріне жұрттан бұрын жеткен ол жарылыстан есеңгіреп, құты қашқан әйелді көрген.

- Ол дірілдеп, қалшылдап ештеңе айта алмады, - дейді көршісі.

Жарылыс кешкі сағат 7-ден кейін болғандықтан, бөлме іші қараңғы еді. Ал төбедегі шам жарылыстан қирап қалған. Бірақ Шәкірдің айтуынша, ол көк түтіннің арасынан пәтердің ішінде шашылып жатқан, тіпті қабырғаға дейін жабысып қалған адам денесінің бөлшектерін көрген. Жарылыс дүмпуінен кейін далаға жүгіріп шыққан тұрғындар не болғанын білмекке тырысыпты. Бірақ көп ұзамай полиция келіп, подъезді қоршап, пәтерге ешкімді кіргізбеген.

ПОЛИЦИЯ

Алматы қаласы Бостандық ауданы Орбита-4 шағын ауданындағы учаскелік инспектор, капитан Саид Ералиев те Азаттық тілшісінің «Роман Поздняков Роман Поздняковтың үйі тұрған аумақты қарауылдайтын полиция көлігі. Алматы, 21 наурыз 2014 жыл.

Роман Поздняковтың үйі тұрған аумақты қарауылдайтын полиция көлігі. Алматы, 21 наурыз 2014 жыл.

гранатаны қайдан алған және қолында қалай жарылған?» деген сауалына жауап бермеді.

Полицейдің түсіндіруінше, учаскелік инспекторлар қылмыстық істерді тексермейді. Граната жарылып, Роман Поздняков мерт болған кеште учаскелік инспекторлар оқиға болған жерді ғана қоршауға алған, ал тергеу амалдарын Алматы қаласы ішкі істер департаменті (ІІД) тергеушілері жүргізеді.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі бастығы, майор Салтанат Әзірбек те Азаттық тілшісіне бұл іс бойынша ештеңе айтпады. Жарылыстан қаза тапқан мүгедек жігіттің туыстары мен достарының енді тергеу қорытындысын күтуден басқа амалы жоқ.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG