Accessibility links

Бала өліміне қатысты талап-арыз қабылданбады


Саян Хайыровтың жұбайы Шынар Бисенбаева. Алматы, 27 қаңтар 2014 жыл.

Саян Хайыровтың жұбайы Шынар Бисенбаева. Алматы, 27 қаңтар 2014 жыл.

Сот Шынар Бисенбаеваның Алматы маңында болған арнайы операция кезінде қаза тапқан баласының өліміне қатысты құзырлы ведомстволарға қарсы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот «прокуратура арнайы жасақ операция кезінде заңды әрекет етті деп таныды» деген уәжбен екі баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтінішті орындаудан да бас тартты.

Қаңтардың 27-сі күні Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Мұхтар Әміров Шынар Бисенбаеваның баласы мен тағы бір баланың өліміне қатысты Алматы қаласы ішкі істер департаменті (ІІД) мен ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Алматы қалалық департаменті және ҰҚК «Арыстан» арнайы жасағына қарсы талап-арызын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты. Шынар Бисенбаева мен «терроризм» бабы бойынша айыпталып, сотталған Саян Хайыровтың 10 жасар ұлы Ислам Мақсұт 2012 жылдың 17 тамызында Алматы маңындағы Бағанашыл кентіндегі үйлердің біріне бекінген бір топ қарулы адамға қарсы арнайы операция кезінде қаза тапқан. Ресми дерек бойынша, операция кезінде қаза тапқан 13 адамның екеуі – кішкентай балалар, 10 жасар Ислам мен 7 жасар Ахметбек Қожанов.

Шынар Бисенбаева өз ұлы мен әке-шешесі жоқ екінші баланың өліміне байланысты да талап-арыз берген. Бисенбаеваның айтуынша, ол бала әкесімен бірге қаза тапқан, ал баланың анасы бір жасар сәбиімен бірге бұдан сәл ертерек – Алматы маңындағы Таусамалы кентіндегі жеке меншік үйлердің біріндегі жарылыста қаза тапқан.

БІР КҮНДЕ - ЕКІ СОТ

Шынар Бисенбаева соттан моральдық зиянның өтемақысы ретінде жауапкерлерден 20 миллион теңге (130 мың долларға жуық) өндіріп беруді сұраған.

Судья «Алматы қаласы прокуратурасының арнайы операция кезінде құзырлы органдар заңды әрекет еткен деп тануы талап-арызды қанағаттандырудан бас Шынар Бисенбаеваның күйеуіне әкелген сәлемдемесі. Алматы, 27 қаңтар 2014 жыл.

Шынар Бисенбаеваның күйеуіне әкелген сәлемдемесі. Алматы, 27 қаңтар 2014 жыл.

тартуға негіз болды» деп түсіндіреді. Сот шешімі Шынар Бисенбаева мен оның адвокаты Жандос Бұлқайырдың қатысуынсыз жарияланды. Бұл кезде екеуі Саян Хайыровтың «терроризм» бабы бойынша үкімге қарсы апелляциялық шағымы қаралған Алматы қалалық сотында болған.

Шынар Бисенбаева Бисенбаева «сотқа келсе жүздесіп, азық-түлік берейін» деген үмітпен күйеуінің сотына қатысуды жөн көрген. Оның үстіне өз талап-арызы бойынша сот шешімінен үміт күтпеген. Оның айтуынша, Алмалы аудандық сотының судьясы Мұхтар Әминов процесс кезінде оның барлық өтініштерін орындаудан бас тартқан.

Сот талап-арызын қанағаттандырудан бас тартқанын естіген Шынар Бисенбаева таңданған жоқ. Ол «Соттың әділетсіздігіне тағы да көзім жетті» дейді. Былтыр қараша айында күйеуі Саян Хайыров «терроризм» бабы бойынша айыпталып, 11 жылға сотталған кезде де ол осылай деп мәлімдеген.

«Алмалы аудандық сотының шешіміне қарсы шағым бересіз бе?» деген сұраққа Шынар Бисенбаева «Адвокатпен ақылдасуым керек» деп жауап берді. Бірақ ол «Қазір бөтен қалада жүрмін, оның үстіне жұмыс істемеймін, ал күйеуім – түрмеде» деп, адвокатқа төлейтін ақшасы жоғын сездірді.

ҚОРШАУДАҒЫ ҮЙДЕГІ ЕКІ ТАПАНША

Соттың алдыңғы отыстарында өткен тараптар жарыссөзінде Шынар Бисенбаева арнайы операция кезінде 10 жасар ұлының өліміне құзырлы органдарды, атап айтқанда ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағын кінәлі деп білетінін қайталаған. Солдан оңға: Танар Әбішева, Сәуле Қойшыбаева және Дариға Қыжырова. Алматы, 21 қаңтар 2014 жыл.

Солдан оңға: Танар Әбішева, Сәуле Қойшыбаева және Дариға Қыжырова. Алматы, 21 қаңтар 2014 жыл.

Оның айтуынша, арнайы жасақ қоршауға алған үйде екі бала барын біле тұра, оларды құтқару үшін ешқандай амал жасамаған

Ол арнайы операция өткізу кезінде кішкентай баласының қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғау жөнінде де өтініш берген.

Алматы қаласы ІІД өкілі Айгүл Имашева «тиісті жауапкер ІІД емес» деп мәлімдегенімен, соттан Шынар Бисенбаеваның талап-арызын қанағаттандырмауды сұрады.

ҰҚК және Алматы қалалық ҰҚК департаменті өкілдері Танар Әбішева мен Сәуле Қойшыбаева да соттан Шынар Бисенбаеваның талап-арызын қанағаттандырмауды сұрады.

Алматы қаласы прокуратурасы арнайы операцияны заңды деп танығанын айтқан прокурор Дариға Қыжырова да осындай өтініш жасады.

Шынар Бисенбаеваның адвокаты Жандос Бұлқайыр прокурордың бұл позициясын «ерсі» санайды. Жандос Бұлқайыр «Прокурор заңның орындалуын Адвокат Жандос Бұлқайыр. Алматы, 27 қаңтар 2014 жыл.

Адвокат Жандос Бұлқайыр. Алматы, 27 қаңтар 2014 жыл.

қадағалап, заң бұзылған жағдайда бірінші болып дабыл қағып, қылмыстық іс қозғауға күш салуы тиіс емес пе?» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қоршауға алынған үйде 11 ер адаммен бірге балалар барын білгенімен, оларды құтқару үшін ешбір амал қолданбаған арнайы операция өткізген органдар екі баланың өліміне кінәлі екені даусыз.

– Көзден жас ағызатын газдың көмегімен бәрін үйден шығуға мәжбүрлесе, жетіп жатыр еді. Сонда балалар да тірі қалар еді, – дейді Жандос Бұлқайыр.

Адвокаттың айтуынша, Бағанашыл кентіндегі үйге бекінген «қарулы» топта атыс қаруынан екі Макаров тапаншасы ғана болғаны тергеу кезінде анықталған.

– Екеуін өлтіруді бірдеңе етіп ақтайық десең, әлгі екі тапанша дәл осы кішкентай екі баланың қолында болды дегенді елестету мүмкін емес. Сондықтан арнайы жасаққа қарсы «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы тиіс, – дейді Жандос Бұлқайыр.

Талапкер мен оның адвокатының бұл дәйектеріне ҰҚК өкілі Танар Әбішева Алмалы аудандық сотының судьясы Мұхтар Әміров. Алматы, 27 қаңтар 2014 жыл.

Алмалы аудандық сотының судьясы Мұхтар Әміров. Алматы, 27 қаңтар 2014 жыл.

«баласының өліміне ең әуелі әке-шешесі жауапты» деп жауап берді.

Қазір Шынар Бисенбаева Алматыдағы таныстарының үйінде тұрып жатыр. Ал күйеуі Саян Хайыров тергеу абақтысында отыр. Әзірше сәлем-сауқат беруге шектеу жоқ болғандықтан, Шынар күйеуін азық-түлікпен болсын қолдауға тырысады. Қыздары Айшет Оралдағы туыстарының қолында мектепте оқиды.

Көп ұзамай «террористік топты құрып, басқарған» және басқа да ауыр айыптар бойынша Саян Хайыровты колонияға жіберуі мүмкін.

Билік бұл топты 2012 жылы Алматы маңында болған шулы істерге, атап айтқанда Таусамалы кентіндегі тұрғын үйдегі жарылыс пен Іле Алатау ұлттық паркіндегі жаппай кісі қырғынына қатысы болған деп санайды. Биліктің болжамынша, 2012 жылдың тамыз айында Алматы түбіндегі Бағанашыл кентінде жүргізілген арнайы операция кезінде осы топтың екі басшысынан (бірі – Саян Хайыров) басқасының көзі жойылған. Саян Хайыров пен адвокаты «ауыр айыптар ойдан шығарылған, ал іс жүзінде оны діни себеппен қудалайды» деп есептейді.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG