Accessibility links

Алатау ауданындағы жер мен үй дауы қайта шықты


Айсұлу Құнақынованың үйі және оның қасындағы газ өтетін жерге қойылған белгі. Алматы қаласы, Алатау ауданы, 15 мамыр 2012 жыл.
Айсұлу Құнақынованың үйі және оның қасындағы газ өтетін жерге қойылған белгі. Алматы қаласы, Алатау ауданы, 15 мамыр 2012 жыл.

Алатау ауданының әкімшілігі «қызыл сызықтың» үстіне сәйкес келген 175 үйдің иесіне «Момышұлы көшесінің бойынан бір бөлмелі пәтер немесе Қарасу ауылынан 6 сотық жер береміз. Ол үшін алдымен үйлеріңді бұзып, орынын тазалаңдар» деген талап қойып отыр. Алайда тұрғындар әкімдіктің уәдесіне сенбейтінін айтады.

Үйі жоғары қуатты электр сымына жақын екенін айтқан Сарахан Нұрбаева Алатау ауданына қарасты Құрылысшы ықшам ауданында тұрады. Бес баласы бар. Үлкен ұлы мен келіні - туа бітті керең. Төрт бөлмелі үйдің үш жағынан есік шығарып, бір бөлмесінде - ұлы мен келіні, екінші бөлмесінде - қызы мен күйеу баласы, ал қалған екі бөлмесінде өзі, күйеуі және үш баласы тұрып жатыр екен.

«ҮЙІҢДІ БҰЗЫП, ОРНЫН ТАЗАЛА»

- Менің есігім бұрын алдыңғы жаққа қарап тұратын еді. Кейін әкімшіліктің өз адамдары келіп «Сіз есігіңізді ар жақтан шығарсаңыз, қызыл сызыққа жатпайды» деп екі мәрте суретке түсірткізген. Сосын мен есікті үйдің келесі жағынан шығарып, сегіз сотық жерді картаға түсірткізгеніме екі жыл болған еді. Кеше аяқ астынан маған да «отказной» келіпті. Ауламды басқа біреуге сатып жіберген де, тек үйімнің аумағы ғана қалған екен, - дейді Сарахан Нұрбаева.
Алатау ауданының тұрғыны Сарахан Нұрымбаева. Алматы, 15 мамыр 2012 жыл.
Алатау ауданының тұрғыны Сарахан Нұрымбаева. Алматы, 15 мамыр 2012 жыл.

Ол «енді бір бөлмелі пәтер алса сыймайтынын, ал жер алса, тез арада үй салуға қаражатының жоқ екенін» айтты.

Аудан тұрғындарының сөзіне қарағанда, әкімшілік ғимаратының ішінде орналасқан нотариусқа әкімдік қызметкерлері үйі «қызыл сызыққа» (электр, байланыс желілері, газ құбыры, жол, т.б. объектілер аумағын белгілейтін линияға - ред.) сәйкес келген тұрғындардың атынан өтініш дайындатқан.

- Онда: «Мен ... Алатау ауданы Қарасу ауылынан алты сотық жер алу үшін өзімнің заңсыз басып алған жерімді босатып беруге келісемін. Менің мекен-жайым - Алматы, Алатау ауданы, «Құрылысшы» шағын ауданы, нөмірі белгісіз жер телімі. Заңсыз басып алған жердегі тұрғын-жайымды қыркүйектің біріне дейін босатып, үй орын тазартамын» деп жазылған, - дейді тұрғындар.

Тұрғындар «әкімдіктегілер «осыған қол қоймасаң, жер телімі мен үйден құр
"Құрылысшы" шағын ауданының тұрғыны Гүлмира Қазыбекова. Алматы қаласы Алатау ауданы, 15 мамыр 2012 жыл.
"Құрылысшы" шағын ауданының тұрғыны Гүлмира Қазыбекова. Алматы қаласы Алатау ауданы, 15 мамыр 2012 жыл.
қаласың» деп қол қойдырып алғанын» айтады.

Енді оларды алаңдатып отырғаны - осы өтініштің басына адамдардың тұрақты тіркелген жерінің (пропискасын) тұрақты мекені етіп көрсетілуі.

Мәселен, бұл өтініштердің бірінде «Азаматша Гүлмира Қазыбекова. Туған жылы - 04.08.1980. Туған жері - Қызылорда. Тұрақты тұратын жері - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы» деп жазылған.

АЛТЫ СОТЫҚ ЖЕР НЕМЕСЕ БІР БӨЛМЕЛІ ПӘТЕР

Өтініш тек орыс тілінде басылған екен.

– Жұрттың бәрі бірдей орыс тілін білмейді. Маған келіп жатқан адамдардың көпшілігі жер немесе үй береміз деген соң алданып қол қоя салғандарын айтады, - дейді "Шаңырақ" қоғамдық қорының жетекшісі Роза Нүсіпова.

Роза Нүсіпованың айтуынша, өтініштің қазақшасын талап еткендерге әкімдіктегілер «Қазақша
Алатау ауданы әкімшілігі дайындаған өтініш. Алматы, 4 мамыр 2012 жыл.
Алатау ауданы әкімшілігі дайындаған өтініш. Алматы, 4 мамыр 2012 жыл.
болмайды» деп жауап берген. Кейін «Тек оралмандарға қазақша аударып береміз» депті.

- Басында түсініспеушілік туындаған соң, әкімдік қызметкерлері «өтінішті өзгертеміз» деген. Кейін «өзгертпейміз және басқа нотариусқа барып әуре болмаңдар» деп ескертті, - дейді ауыл тұрғындары.

Тұрғындар «Егер ертең біз үйлерімізді өз қолымызбен құлатып, орнын тазалап бергеннен кейін, сендердің тұрақты тұратын жерлерің басқа жақта екен деп, уәделерінен тайқып шықпай ма» деген қорқыныштарын айтты.

Алатау ауданы әкімінің орынбасары Құрманбек Асановқа хабарласқанымызда «Бұл сұрақтарға менің көмекшім Файзолла Жадыраев жауап береді. Соған хабарласыңыздар», - деген еді. Алайда Файзолла Жадыраев телефонын ұзақты күн көтермеді.

«ГАЗ» БЕН «ЖАР»

– Менің төрт қыз бір ұлым бар. Көп балалы әйелмін. Кезінде мына үйді қара лайдан тұрғыздық. Енді «Қарасу ауылынан берілген алты сотық жерге өздерің үй тұрғызып ал. Оған шамаң келмесе, берілетін бір бөлмелі пәтер ал» деп отыр. Ал менің үйім шындығында газға да, жарға да жатпайды. Осыған дейін келіп өлшеген жігіттердің барлығы «Сіздікі екеуіне де жатпайды, қаласыз» деген болатын, - дейді Алатау ауданының тағы бір тұрғыны Айсұлу Құнақынова.

Азаттық тілшісі Айсұлу Құнақынованың үйі мен жардың ара қашықтығын және газ белгісі қойылған екі ортаны да өлшеп көрді. Артық-кемі жоқ он қадамнан екен.
Ал тұрғындар «Осы жерлерді өлшеген адамдардың өзі сегіз метрден асса рұхсат беріледі деген болатын» дейді.
Алатау ауданының тұрғыны Айсұлу Құнақынова. Алматы, 15 мамыр 2012 жыл.
Алатау ауданының тұрғыны Айсұлу Құнақынова. Алматы, 15 мамыр 2012 жыл.

Азаттық тілшісіне өзін Салтанат деп таныстырған әкімшілік өкілі:

- Біз қазір тек жоғары кернеулі электр сымы мен газға жақын орналасқан үйлерді ғана көшірмекпіз. Ол үшін тұрғындарға тегін бір бөлмелі үй, болмаса, алты сотық жер беріледі, - деді.

Алайда "Құрылысшы" шағын ауданының тұрғыны Гүлмира Қазыбекова:

- Маған «отказной» жарға жақын деп келген болатын. Енді мыналар «жарға емес, газға жақынсың» деп көшіргелі жатыр, - деп, өзінің ештеңені түсіне алмай тұрғанын айтты.

Осы орайда өзін «Кезінде заңсыз жер басып алғандардың жерін заңдастырумен айналыстым» деп таныстырған осы әкімдіктің Қанат есімді қызметкері «Газбен үйдің арасы 20 метр болуға тиіс, ал жоғары қуатты электр желілері кернеуіне байланысты 50 метрге дейін барады» дейді.

«ӨЗІМ КЕПІЛДІК БЕРЕМІН»

Алатау ауданы әкімшілігінде өткен бүгінгі жиналыста аудан әкімі Бағдат Мәнізоровқа ауыл тұрғындары осы өтініш мәселені айтты.

- Мен бұл өтінішті әлі көрген жоқпын. Білмейді екенмін. Түзетеміз, жөндейміз, - деді аудан әкімі.

Бірақ ол сөз арасында әкімдік қызметкерлерінің біріне «Сендер ана өтінішке 45 квадрат метр деп жазыпсыңдар. Ондай емес, 41-43 кв.метр. Әртүрлі. Ертең келісімшартқа отырған кезде дау болып жүрмесін» деп ескертіп жатты.

– Қалалық әкімшілікте жиналысым бар еді, - деп асыққан аудан әкімі Бағдат Мәнізоровтың айтқанынан түсінгеніміз: «Газ бен жоғарғы қуатты электр желісінің
Алатау ауданы әкімшілігінің тұрғындармен кездесуі. Алматы, 15 мамыр 2012 жыл.
Алатау ауданы әкімшілігінің тұрғындармен кездесуі. Алматы, 15 мамыр 2012 жыл.
бойында тұрған 175 үй бар. Соның алғашқы легі маусым айына дейін көшіріледі. Себебі қазір 41-43 шаршы метрлі 60 пәтер дайын тұр. Маусымның 2-сі күні болатын ауданның туған күнінде осы пәтерлердің кілті табыс етілуі тиіс».

- Сіздер тездетіп құжаттарыңызды өткізіп, келісім-шартқа отырыңыздар. Сосын үйлеріңізді бұзып болған соң, пәтердің ордерін қолдарыңызға ұстатамыз, - деді аудан әкімі жиылған жұртқа.

– Егер біз үйімізді бұзғаннан кейін уәделеріңізден тайқып кетсеңіздер қайтеміз, - деген тұрғындардың сауалына ол «өзінің кепілдік беретінін» айтты.

Әкімнің айтуынша жер де, пәтер де тегін беріледі.
XS
SM
MD
LG