Accessibility links

Азиадаға салынған спорт ғимараттары босқа тұр


2011 жылы өткен VІІ Қысқы Азия ойындары үшін салынған трамплин кешені. Алматы, 23 қыркүйек 2012 жыл.

2011 жылы өткен VІІ Қысқы Азия ойындары үшін салынған трамплин кешені. Алматы, 23 қыркүйек 2012 жыл.

Алматыда шаңғымен тұғырдан секіру бойынша жазғы әлем кубогының кезеңі аяқталды. Жарыс 2011 жылғы Азиада қарсаңында салынған халықаралық шаңғымен секіру кешенінде өтті. Мамандар «Қысқы Азия ойындары үшін Алматыда салынған осы нысан ғана пайдаға асып жатыр» дейді.

«КІШІ ХОККЕЙ АЙДЫНЫ – САҒАТЫНА 48 МЫҢ ТЕҢГЕ»

– Қазақстанда Азиадаға арналып аз кешен салынған жоқ. Бір Алматының өзінде «Медеу» мен «Шымбұлақ» қайта салынды. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы да күрделі жөндеуден өтті. Қаланың ортасында шаңғымен тұғырдан секіру кешені, Солдатсайда шаңғы трассасы, Табағанда фристайл кешені жаңадан салынды. Осы спорттық нысандардың ішінде Балуан Шолақ пен шаңғы кешені ғана жұмыс істеп жатыр. Ал Шымбұлақ, Солдатсай, Табағанда Азиададан кейін бірде-бір жарыс өткен жоқ, – деді спорт журналисі Жандос Байділда.

Сарапшы Жанболат Қайырханов та Азиададан кейін Алматының біраз нысандарында «жарыс түгіл жаттығу жиындары өтпегенін» айтты.

– «Азиададан кейін Солдатсайды жөндеуден өткіземіз» деген – бірақ жөнделген жоқ. «Табағанда фристайлдан әлем кубоктары мен Азия аймағындағы жарыстар Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты өткен орын - Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы. Алматы, 6 ақпан 2011 жыл.

Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты өткен орын - Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы. Алматы, 6 ақпан 2011 жыл.

болады» деген – болған жоқ. Бұл екі кешен ұмыт қалды. Былтырғы қыста бос тұрды. Биыл да бос тұратын түрі бар, – деді ол.

Сарапшының айтуынша, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы үздіксіз жұмыс істеп тұрғанымен, жалға алу құны қымбат.

– Мысалы, балаларға хоккей ойнайтын арнайы кіші мұз айдынның жалға алу құны – жай күндері сағатына 48 мың, ал демалыс күндері – 52 мың теңге. Мұны жекеменшік хоккей клубтары жалдамаса, спорт мектептерінде мұндай қаржы жоқ, – деді Жанболат Қайырханов.

Оның айтуынша, «спорттық ғимараттардың пайдалану жағынан Астана Алматыдан көш ілгері».

– Астанадағы «Алау» конькимен жүгіру кешенінде әлем кубогының кезеңі өтті. Алда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Аптасына екі рет бұқаралық коньки тебу шарасы болады. «Сарыарқа» мен «Қазақстан» спорт сарайлары да жарыстан босамайды, – деді Жанболат Қайырханов.

«ШЫМБҰЛАҚТА 2013 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ЖАРЫС ӨТЕДІ»

Алматыдағы Солдатсай шаңғы трассасы мен Табаған фристайл кешені Азиададан бері бос тұрғанын, Шымбұлақтағы тау шаңғысы базасында да Азиадан кейін жарыс Қысқы Азия ойындары жеңімпаздарына сыйлық тапсыру рәсімі. Табаған спорт кешені. Алматы, 1 ақпан 2011 жыл.

Қысқы Азия ойындары жеңімпаздарына сыйлық тапсыру рәсімі. Табаған спорт кешені. Алматы, 1 ақпан 2011 жыл.

өтпегенін Азия ойындарын және универсиаданы ұйымдастыру комитетінің қызметкері Нұрлан Түсіпов те растады.

– 2014 жылға дейінгі жоспар толық бекітілді. 2012 жылдың қалған айлары мен 2013 жылы Солдатсай мен Табағанда қандай да бір жарыс өткізу жоспарда жоқ. Ал Шымбұлақтағы тау шаңғысы базасында жарыс 2013 жылдың соңында ғана ұйымдастырылады, – деді комитет өкілі.

Солдатсай мен Табағандағы спорттық нысандарда 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиаданың шаңғы, биатлон және фристайл бәсекелері болады.

(Мақаланы әзірлеуге Нұржан Еркінұлы қатысты)
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG