Accessibility links

Алматы облысы Қарасай ауданында бір үйде жарылыс болып, өрт шықты. Ақпарат агенттіктері өртенген үйден жеті адамның мәйіті мен қару-жарақ табылғанын хабарлады.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің дерегіне қарағанда, Қарасай ауданы Таусамал кентіндегі үй 11 шілде күні түнгі сағат үш жарымда өртенген.

Өртенген үйде қаза тапқан жеті адамның екеуі - бала. Полиция марқұмдардың кім екенін, жарылыстың себебін анықтап жатқандарын хабарлады.

"Интерфакс-Казахстан" агенттігінің дерегіне қарағанда, өрт болған жерден қару-жарақ (автомат, тапанша) табылған. Дерек көзі "мерт болған адамдар жарылғыш зат жасап жатқанда өрт шыққан болар" деген болжам айтады. Өрт 100 шаршы метр аумақты қамтыған.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің айтуынша, тергеу ісі ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) берілген. ҰҚК-ден бұған байланысты мәлімет ала алмадық.

Алматы облысы прокуратурасы бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 233-2 бабының «б» тармағы («Лаңкестік») және 24-бабының 1-бөлімі («Қылмыс жасауға дайындық немесе оған оқталу») бойынша іс қозғаған.

Картадағы Таусамал (Каменка) кенті:


View Larger Map

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG