Accessibility links

«Экстремистер» оқиғасында балалар да мерт болған


Терроризмге қатысы болуы мүмкін күдіктілер жойылған оқиға орнында жүрген полицейлер. Алматы облысы Қарасай ауданы "Таң" саяжайы, 17 тамыз 2012 жыл.
Терроризмге қатысы болуы мүмкін күдіктілер жойылған оқиға орнында жүрген полицейлер. Алматы облысы Қарасай ауданы "Таң" саяжайы, 17 тамыз 2012 жыл.
Бас прокуратура Алматы маңындағы «Таң» саяжай аумағында өткен арнайы операция кезінде бір бала, Таусамалы ауылындағы жарылыстан бес бала қаза тапқанын енді ғана растады.

«ТАҢДАҒЫ» ОҚИҒА: БІР БАЛА ҚАЗА ТАПҚАН

Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округіне қарайтын «Таң» саяжайлар алабындағы арнайы операция кезінде бала мерт болғанын Қазақстанның бас прокуратурасы Конституция күні қарсаңында – 29 тамызда мойындады.

Бұған дейін де жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қаза тапқан 13 адамның арасында бір бала болғанын жазғаны, бірақ билік орындары бұған байланысты ләм-мим демеген.

Бас прокуратура «Таңдағы» оқиғаны былай сипаттайды (түпнұсқаның стилі сақталды – ред.): «Құқық қорғау органдарымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен мүшелері 2012 жылғы 16 тамызда Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округінің «Таң» саяжай алабы үйлерінің бірінде екендігі анықталды.

Берілу жөніндегі бірнеше қайталанған ұсыныстарға олар қарсылық білдіріп, арнайы
"Терроризмге қатысы болуы мүмкін күдіктілер жойылған" маңда тұрған арнайы әскери көлік. Алматы облысы Қарасай ауданы "Таң" саяжайы, 17 тамыз 2012 жыл.
"Терроризмге қатысы болуы мүмкін күдіктілер жойылған" маңда тұрған арнайы әскери көлік. Алматы облысы Қарасай ауданы "Таң" саяжайы, 17 тамыз 2012 жыл.
бөлімше қызметкерлеріне қарулардан оқ ата бастаған. Бұл ретте арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ тиіп, жарақат алды.

Осыған байланысты, дереу терроризмге қарсы операция жүргізу жөнінде шешім қабылданды, жақын тұрған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге жеткізіліп, оқшаулау ұйымдастырылды».

Арнайы операция кезінде, бас прокуратураның хабарлауынша, «қылмыскерлер жасырынған үйде өрт шығып, төбе жабындысының құлауына және үй-жайдың едәуір бөлігінің жануына әкеп соқты. Бүгінгі күнге оқиға болған жерден 13 адамның өртеніп кеткен мәйіттері табылды. Сондай-ақ, терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде үйде қылмыскерлерден басқа адамдар бар екендігі жөнінде деректер болмағанын атап өтеміз. Алайда, арнайы операцияның аяқталу барысында үйде қылмыскерлермен бірге кәмелетке толмаған адамның болғаны белгілі болды».

Бас прокуратура оқиға орнынан бірнеше мылтық, көптеген қару-жарақ, әскери киім-кешек, діни әдебиеттер де табылғанын айтады.

«ТАУСАМАЛДАҒЫ» ОҚИҒА: ТӨРТ ӘЙЕЛ, БЕС БАЛА МЕРТ БОЛҒАН

«Таңда» көз жұмған бала экстремизмге байланысты оқиға кезінде қаза тапқан алғашқы бала емес.

Ол оқиғадан бір ай бұрын, 2012 жылы 11 шілдеде Алматы қаласының маңында, Қарасай ауданына қарайтын Таусамал ауылында бір үй жарылып кеткен еді. Бас
Терроризмге қатысы болуы мүмкін күдіктілер жойылған оқиға орнында жүрген полицейлер. Алматы облысы Қарасай ауданы "Таң" саяжайы, 17 тамыз 2012 жыл.
Терроризмге қатысы болуы мүмкін күдіктілер жойылған оқиға орнында жүрген полицейлер. Алматы облысы Қарасай ауданы "Таң" саяжайы, 17 тамыз 2012 жыл.
прокуратураның дерегіне қарағанда, ол жарылыстан тоғыз адам қаза тапқан, олардың төртеуі – әйел, бесеуі – бала.

«Тексеру кезінде үйден және шаруашылық жайлардан Калашников қол пулеметі, 4 автомат, 2 тапанша, 2 револьвер, «Вепрь» карабині, шолақ мылтық, үлкен көлемдегі оқ-дәрілер, 7,5 қапшық селитра және қолдан жасалатын жарылғыш құрылғының басқа компоненттері, жанғыш сұйық қоспасы бар 5 ыдыс, 4 рация және полицейлік әбзел табылған» деп мәлімдеді бас прокуратура.

Ол оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 24 және 233-баптары («терроризмге дайындалу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

АҚСАЙ ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ОҚИҒА: БІР БАЛА КӨЗ ЖҰМҒАН

Ресми мәлімдемелерге қарағанда, 13 тамызда Алматы маңындағы Ақсай шатқалынан табылған, беймәлім жағдайда көз жұмған 12 адамның біреуі де – жас бала.

Іле-Алатау ұлттық паркіндегі бұл қылмыс браконьерлерге қарсы күрескен орманшы Панайот Захаропулоға қарсы бағытталған деген де болжау айтылды. Бірақ ол
Орманшы Панайот Захаропуло (сол жақта) мен жұмысшылары.
Орманшы Панайот Захаропуло (сол жақта) мен жұмысшылары.
қылмыстың себебі әлі анықталған жоқ.

Бас прокуратура әуелі Ақсайдағы оқиға мен Алматыдағы экстремистік әрекеттерді байланыстырмаған еді. Бірақ қазір сайдағы 12 адамның өліміне «Таң» саяжайында жойылған «террористік топтың» қатысы болуы мүмкін деген болжамды айта бастады.

Министрлік жуықта сот-медициналық сараптаманың алғашқы нәтижесін жариялап, Іле-Алатау ұлттық паркіндегі қорықшы Шкелевтің өртенген үйінен табылған алты адамның да кім екені мәлім болғанын хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, мәйіттердің бірі – 13 жастағы Виктория Турищеваныкі. Ол ата-анасымен бірге қорықшының үйіне қонаққа барғанда мерт болған тәрізді.

«Марқұмдардың кім екені ресми түрде анықталған жоқ, тек болжам ғана» деп ескертеді ішкі істер министрлігі. Ол алты адам мына кісілер:

1. Шагин Иван Алексеевич, 1947 жылы туған;
2. Добрянский Василий Юрьевич, 1958 жылы туған;
3. Турищев Дмитрий Петрович, 1975 жылы туған;
4. Турищева Светлана Петровна, 1973 жылы туған;
5. Турищева Виктория Дмитриевна, 1999 жылы туған;
6. Таймурзаев Емберген, 1970 жылы туған.

Ішкі істер министрлігі Ақсай шатқалынан табылған 12 адамның алтауының кім екенін оқиға болған күннің ертеңінде анықтаған:

Орманшының ұлы Игорь Захаропулоның оқиға орнынан табылған көлігі. 13 тамыз 2012 жыл.
Орманшының ұлы Игорь Захаропулоның оқиға орнынан табылған көлігі. 13 тамыз 2012 жыл.
7. Захаропуло Панайот Евстафьевич, 1936 жылы туған, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық парк орманшысы.
8. Гузев Андрей Александрович, 1969 жылы туған, Алматы қаласының тұрғыны.
9. Карпызина Антонина Дорофеевна, 1938 жылы туған.
10. Синяков Виталий Федорович, 1952 жылы туған, жұмысшы.
11. Карпенко Ирина Юрьевна, 1959 жылы туған, П.Е.Захаропулоның бірге тұратын әйелі.
12. Мусахранов Дмитрий Владимирович, 1971 жылы туған, жұмысшы.

«ЭКСТРЕМИСТЕР» МЕН «ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР»

Бас прокуратура өздері «террорист» деп суреттеген, «Таң» саяжайында мерт болған адамдардың сипатын да айтты.

«Көрсетілген қылмыстық топтың құрамына 13 адам кірген, оның 9-ы бұған дейін ауыр қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған» деп жазады бас прокуратура олар туралы.
Діни экстремизм идеологиясына бой ұрған қылмыстық топ мүшелері... Қазақстанның әртүрлі аймақтарында террористік актілер жасауды жоспарлаған.
Бас прокуратура

Одан соң «діни экстремизм идеологиясына бой ұрған қылмыстық топтың мүшелері өздерінің заңға қайшы әрекеттеріне сылтау тауып, жаңа қылмыстар, соның ішінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарында террористік актілер жасауды жоспарлағаны» да айтылған.

Бас прокуратураның болжамынша, «топтың есірткіге тәуелді басшысы «Четыре брата» ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған және қаруды заңсыз сақтағаны және бопса жасағаны үшін екі рет сотталып, 10 жылдан астам уақыт бас бостандығынан айыру орнында болған».

Ал Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, «қарулы топтың ешқандай идеологиялық ұстанымы болмаған».
Тоғызы да не сотталған, не есірткіге тәуелді болған, тонаумен айналысқан.
Ермұхамет Ертісбаев

– ...Тоғызы да не сотталған, не есірткіге тәуелді болған, тонаумен айналысқан. Міне, ақыры осындай болды. Бұл – ешқандай идеологияға негізделмеген қылмыстық топ, – деді ол жергілікті телеарналардың біріне берген сұқбатында.

«Таңда» қаза тапқан белгісіз адамдардың ешқандай идеологиялық ұстанымы болмағанын айтқан Ермұхамет Ертісбаев сонда да олардың экстермизмге қатысы барын сөз етті.

– Соңғы тоғыз адамы жойылған банданың басшыларының бірі Түркияға барып, әлдебір радикал діни сектамен кездескен, – дейді ол.

Ертісбаевтың айтуынша, Қазақстанда ірі террористік топтар жоқ, тек жекелеген лаңкестер ғана бар.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG