Accessibility links

Йога семинарынан кейін соттан шақырту келді


Йога жаттығуын жасап отырған адамдар. (Көрнекі сурет)

Йога жаттығуын жасап отырған адамдар. (Көрнекі сурет)

Алматыда семинарда ұсталған бес йогашы бірнеше күннен бері әкімшілік сотты күтіп отыр. Оларды діни кітаптарды заңсыз таратты деп айыптайды. Оның ішінде вегетариандық кітаптар да бар.

Chintamani йога және медитация студиясының хатха-йога жаттықтырушысы Сергей Савельев қарашаның 5-інде Алматыдағы семинардан кейін өзін және тағы төрт йогты неліктен ұстап әкеткенін әлі түсінбей жүр.

«МЕДИТАЦИЯНЫ ҮЗІП ТАСТАДЫ»

Оның сөзінше, йога философиясы - медитациядан «Карма» тақырыбы бойынша өткен семинарға қалалық дін істері басқармасы қызметкерлері келіп, кейін полиция шақырған.

Сергей Савельев Алматыдағы Бостандық ауданы полиция бөлімінде үш сағат отырғанын және төлқұжатын әлі күнге дейін қайтармағанын айтады.
Facebook желісінде семинарға қатысқан Олег Хе де сол оқиға жайлы жазған.

«Мен бүгін кешкісін алматыдағы Chintamani йога және медитация студиясы семинарында болған оқиғадан есеңгіреп қалдым. «Астана» қонақүйіндегі залдан шыққан 160-170 адамды 10 шақты полицей және «дін істері бөлімі» (ҰҚК-ге не дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарайтын) қызметкерлері күтіп тұр екен.Семинарға қатысқандардың бәрін полицейлер дербес деректерін беруге мәжбүрледі. Кім екенін және іске қатысты жайттарды анықтау үшін ішінде Ресей мен Украинадан келгенжігіттер бар ұйымдастырушыларды көші-қон полициясынаалып кетті» дейді ол.

Ресей азаматы Сергей Савельев - әлгі семинарды ұйымдастырушылардың бірі. Олардың бәрін "рұқсат етілмеген орында діни кітаптарды таратты" деп айыптайды.

- Бірақ біз онша көп таратқан жоқпыз, олар тақырыпқа арналған шағын кітапшалар болатын. «Йога, медитация» тақырыбына семинар өткізуге әкімдіктен рұқсат алу керек екенін мен білген жоқпын, әлгі кітапшаны сатып алғысы келсе де рұқсат алу керек екен. Олар әкімшілік заң бұзды деп тіркеді, бізде әлгі кітаптарды таратуға алған рұқсатымыз жоқ, - дейді Сергей Савельев.

Оның сөзінше, семинарда рецептер жазылған пайдалы тамақтану туралы кітапшалар болған, семинарға қатысушылардың бірі олардыжәне «Бхагавадгита» кітабын сатып алған. Сергей Савельев оны «йога жөніндегі философиялық кітап» деп атайды, ал әкімдік қызметкерлері діни кітап деп санайды.

Олар бізге қазір терроризм қатерінің «сары» деңгейі жарияланған, сондықтан тексеруді күшейттік деді.

- Орталығымыз жұмыс істеген 5 жылда мұндай жағдайға бірінші рет тап болдық, әлгі лекцияларды үнемі өткіземіз. Олар бізге қазір терроризм қатерінің «сары» деңгейі жарияланған, сондықтан тексеруді күшейттік деді. Оларға бірдеңе табу керек болған, сондықтан бізді тапты, - дейді Сергей Савельев.

Ұсталған йогалардың сөзінше, олардың ісін қарайтын әкімшілік сот жуырда өтуі тиіс.

КІТАП ТАРАТУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ОРЫН

Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі өкілдері бұл іске қатысты ақпарат беруден бас тартты. Ресми өкіл Салтанат Әзірбек «дін істері жөніндегі бөлімнен сұраңыздар, солар түсіндіреді» деді.

Қызметкерлерінің құзырында адамдарды ұстауға өкілеттігі жоқ Алматы қаласы дін істері басқармасы полицияға «Астана» қонақ үйіндегі йога-семинарда«кришнаиттік мазмұндағы діни кітаптар таратып жатыр» деген шағым түскенін айтады.

Алматы қаласы дін істері басқармасыныңақпарттық-сараптама бөлімі басшысы Нұрмұхаммед Меймақожа қызметкерлері барған кезде әлгі ақпарат расталғанын айтады.

Әлгі қонақ үй діни ғимарат немесе діни кітаптар таратуға арналған орын емес.

- Қазақстан заңдары бойынша діни әдебиеттер тек арнайы бөлінген жерлерде - діни мекемелер аумағында, арнайы белгіленген және рұқсат етілген орындарда ғана таратылуы тиіс. Әлгі қонақ үй діни ғимарат немесе діни кітаптар таратуға арналған орын емес. Сондықтан әкімшілік кодекстің 409-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, енді процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр, - дейді Нұрмұхаммед Меймақожа Азаттыққа.

Оның сөзінше, ол семинарда йогалар 10-нан аса кітап және «Бхагавадгита» және өзге діни кітаптар ғана емес, вегетариандық кітаптарды да таратқан. Оның айтуынша, басқарма азаматтардың қоңырауына қарай әрекет етіп, қандай кітаптар таратып жатқанын тексеруі тиіс, «мүмкін, олар экстремистік мазмұнда шығар» дейді.

«Сергей Савельевтің төлқұжатын не себепті тартып алдыңыздар және оны қашан қайтарып береді?» деген сұраққа билік өкілдерінің ешқайсысы жауап бере алмады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG