Accessibility links

Қайырымдылыққа – 20 мың доллар, оны насихаттауға – 700 мың доллар


«Алтын жүрек» ұлттық-қоғамдық сыйлығының құрылтайшысы Жұлдыз Омарбекова. Алматы, 2011 жыл.

«Алтын жүрек» ұлттық-қоғамдық сыйлығының құрылтайшысы Жұлдыз Омарбекова. Алматы, 2011 жыл.

«Қайырымдылық шарасына «Форбс» тізіміне енген қазақстандық миллиардерлер емес, орта таптағы қарапайым адамдар көбірек қатысады» дейді «Алтын жүрек» ұлттық-қоғамдық сыйлығын ұйымдастырушы Жұлдыз Омарбекова.

Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, Қазақстан мәжбүрлі қайырымдылықтан шыға алмай тұр, партиялар немесе әкімшілік хат жазып сұрағанда ғана қайырымдылық шарасына қатысады.

- Шетелдерде азаматтар мен компанияларды қайырымдылық шарасына қатысуға ынталандыратын заңдары мен салықтан берілетін жеңілдіктері болады. Ал Қазақстанда көптеген компаниялар қайырымдылық жасау елде тиімді емес, қамқорлыққа 2 пайыздан артық ақша бөлсең, салықты көбірек төлейсің дегенді айтады, - дейді Жұлдыз Омарбекова.

Ол соңғы кезде қоғамда баласының операциясына қажетті ақша сұраушылар көбейіп кеткенін елдегі медицина саласының артта қалуымен байланыстырып, «мемлекет өз балаларын емдей алмай, әрі оған қажетті ақшаны бөле алмай отыр» дейді.

Жұлдыз Омарбекованың айтуына қарағанда, «Қазақстанда соңғы кездері қайырымдылық кештері тым көбейіп кетті, бірақ оның ақшасы шынымен де қайырымдылыққа емес, өздерін жарнамалауға кетіп жатыр».

- Соңғы жүргізген зерттеуімізге қарағанда, бір қайырымдылық кешінің бюджеті 700 мың доллар болса, нақты қайырымдылыққа бөлгені бар болғаны 3 миллион теңге (шамамен 20 мың доллар), - дейді ол.

Сұқбаттасымыздың сөзіне қарағанда, «елде саны бар да сапасы жоқ қайырымдылық ұйымдары көп, оның санын жауапты министрліктің өзі дөп басып айта алмайды».

Азаттық радиосының Форумханасына қатысқан Жұлдыз Омарбекованың сұқбатын мына жерден тыңдаңыз:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG