Accessibility links

Қазақстан аллюминийіне және «жеңіл» көліктерге сұраныс


Алюминий өндірісі. (Көрнекі сурет)
Алюминий өндірісі. (Көрнекі сурет)

Жанармайды аз жұмсайтын, салмағы жеңіл көліктер шығаратын компаниялардың алюминийге сұранысы артады. Ал Қазақстан «бағасы арзан» деп, бұл металды өндіруді ұлғайтуға асығар емес.

Қаңтар айының соңында АҚШ-та Детройт автокөрмесі аяқталды. Көрмеге келушілер автомобиль жасау саласының соңғы үлгілерімен – сәнді салон, озық техникалық жаңалықтармен жабдықталған ондаған жаңа автомобильмен танысты. Әлемнің ірі автокомпаниялары енді клиенттерін жаңа материалдарды пайдалану арқылы да таңдандырмақ.

Ford F-150 көлігінің жаңа үлгісі жұрттың көбіне ой салды. Жаңа үлгіде шыққан пикаптың қорабы аллюминийден жасалғандықтан, көліктің салмағы 300 килограмға жеңілдеген. Салмағы жеңілдеген көлік жанармайды да аз жұмсайды. Пикаптың өте берік аллюминий корпусын жасауға әскери салаға арналған алюминий-берендер шығаратын әйгілі Alcoa Inc компаниясы қатысқан.

АЛЛЮМИНИЙГЕ СҰРАНЫС

Ford компаниясы машина жасау саласы әрі жеңіл, әрі берік материал ретінде келешекте алюминийді көп пайдаланылатынын дәлелдемек сияқты.

Алюминий құймаларын тиеп жатқан жұмысшы. (Көрнекі сурет)
Алюминий құймаларын тиеп жатқан жұмысшы. (Көрнекі сурет)
General Motors компаниясының баспасөз хатшысы Co Клаус-Питер Мартиннің мәлімдеуінше, «мұның қарапайым себептерінің бірі» - АҚШ үкіметінің жанармай үнемдеуге қатысты жаңа қатаң талаптарына қатысты.

Detroit News сайты оның «автомобильдің салмағын жеңілдететін әр грамм жанармай шығынын да азайтады» деген сөздерін келтірген.

Машина жасау саласының бұл жаңалықтарына қарағанда, жуырда аллюминий тапшылығы сезілетін сыңайлы. Қазір автомобиль өндірісінде әлемде шығатын алюминийдің алты пайызы ғана пайдаланылады. Ал онжылдық соңына қарай металдың бұл түріне деген сұраныс 25 пайызға дейін өседі.

Әлемде жыл сайын 60 миллион автомобиль шығады, оның 90 пайызы - жеңіл көліктер. Демек, көлік жасау саласында алюминийдің үлесі 25 пайызға дейін артса, оны шығаратын жоғары технологиялық өндіріс ошақтары қажет болады.

ҚАЗАҚСТАНҒА БІР МҮМКІНДІК

Егер менеджментті тиімді жүргізе білсе, Қазақстан автомобиль жасауға қажет аллюминий өндірісі саласында тиісті орнын алар еді. Мining.kz сайты жариялаған деректерге қарағанда, аллюминий өнеркәсібінің шикізат көзі - боксит қоры жағынан Қазақстан әлемде 10-орында. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі порталының дерегіне сәйкес, бокситтің қазіргі барланған қор көлемі бұл саланы 70 жыл бойы қамтамасыз етуге жетеді.

Қазақстанда боксит өндіру, глинозем (топырақтағы алюминий тотығы) және алюминий шығарумен Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ENRC PLC) тобының екі бөлімшесі айналысады. Олар – «Қазақстан аллюминийі» және Қазақстан электролиз зауыты.

ENRC PLC тобының дерегінше, 2009-2013 жылдары боксит өндіру, глинозем мен аллюминий шығару саласы көрсеткіштері төмендегідей болған (мың тоннамен):

Бірақ алюминийдің қазіргі бағасына өндірушілер разы емес. Қаңтар айында Лондон металл биржасында (London Metal Exchange, LME) аллюминийдің тоннасы 1 мың 732 доллардан сатылды, ал бір жыл бұрын оның орташа бағасы – 2 мың 37 доллар болған еді. Ең қымбат орташа баға тіркелген 2007 жылы ол 2 мың 638 доллар 40 цент болды. Енді ENRC тобы металл бағасының арзандауына байланысты аллюминий өндіру көлемін қысқартуы мүмкін.

ENRC акционерлерінің бірі Александр Машкевич.
ENRC акционерлерінің бірі Александр Машкевич.
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің хабарлауынша, қаңтар айында Павлодар қаласында болған ENRC акционерлерінің бірі Александр Машкевич «Бұрынғы көлемді сақтап қалуға тырысамыз. Жуырда бизнес-моделін жасаймыз. Ондай қажеттілік туса да, көлемін көп қысқартпаймыз» деп мәлімдеген.

Бірақ Машкевич «алюминийдің бағасы қымбаттаған бетте қосымша құны жоғары жобаларды іске қосамыз» деді.

Бұл жағдайда Қазақстанға өзінің көлік өнеркәсібіне арналған алюминий шығару үшін жоғары технологиялық өндіріс орындарын ашып, әлемнің басқа өндірушілерімен бәсекеге түсетін мүмкіндік туар еді.

Мақала авторы Дерия Атабаев – Азаттықтың экономикалық шолушысы.
XS
SM
MD
LG