Accessibility links

Уәлихан Қайсардың онлайн-конференциясы


Президенттікке талапкер Уәлихан Қайсар Азаттық радиосы ұйымдастырған онлайн-конференция сұрақтарына жауап беріп отыр. Астана, 10 ақпан 2011 жыл.
Президенттікке талапкер Уәлихан Қайсар Азаттық радиосы ұйымдастырған онлайн-конференция сұрақтарына жауап беріп отыр. Астана, 10 ақпан 2011 жыл.

Азаттық радиосының сайтына оқырмандардан келіп түскен сұрақтарға президенттікке талапкер Уәлихан Қайсар тікелей желіде өзі жауап берді. Сұрақтар қабылдау аяқталды.


Уәлихан Қайсар 2011 жылғы президент сайлауына түсуге өтініш білдіріп, қазақ тілі емтиханынан өтпей қалған еді.

Бұрынғы парламент депутаты Уәлихан Қайсар - оппозициялық көзқарас ұстанатын, тәжірибелі саясаткер. Қазір өзін «Кенесары Хан» қорының президенті ретінде таныстырады.

Уәлихан Қайсар 1965 жылы Қарағанды облысында, кенші отбасында дүниеге келген. Өмірбаянында мектепті алтын медальмен бітіріп, Совет армиясында екі жыл әскери борышын өтегенін және еңбек жолын көмір тиеуші болып бастап, кейін тау-кен саласында тәжірибе жинағанын жазады. Қазақстанда және шетелде жоғары білім алған. Бизнеспен де, саясатпен де шұғылданған.

Уәлихан Қайсардың өмірбаянында қазақ пен орыс тілдерінен бөлек ағылшын, испан және араб тілдерін еркін меңгергені жазылады. Бірақ, осы апта өткен мемлекеттік тіл бойынша тест кезінде комиссия мүшелері оның қазақ тілін меңгеру деңгейі Қазақстанда ел басқаруға жарамайды деп шешті. Осылайша Уәлихан Қайсардың президент сайлауына қатысуға екінші талпынысы сәтсіз аяқталды.

Азаттық радиосы ұйымдастырған онлайн-конференция ақпанның 10-ы күні Астана уақытымен сағат 15.00-де басталып 17.00-де бітті.

Баршаңызға рақмет!

Президенттікке талапкермен онлайн-конференция
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:17 0:00

XS
SM
MD
LG