Accessibility links

Қазақстандық сарапшылар реформа тілейтін тұрғындардың күрт өскенін айтады


Саясаттанушылар Досым Сәтпаев (сол жақта) пен Айдос Сарым. Алматы, 9 наурыз 2011 жыл
Саясаттанушылар Досым Сәтпаев (сол жақта) пен Айдос Сарым. Алматы, 9 наурыз 2011 жыл

Қазақстанның аналитикалық ұйымдар альянсының 2010-шы жылға жасаған сараптамасы бойынша ел тұрғындарының тек 8 пайызы ғана белсенді түрде наразылық акциясына дайын. Ал респонденттердің 40 пайызы «себеп бола тұрса да, ешқашан наразылық акциясына қатыспайды».


Қазақстан аналитикалық ұйымдар альянсының есебінде көрсетілгендей, 2010 жылы Қазақстанда әр салада айтарлықтай құлдырау байқалмағанымен жеткен жетістіктер де көп емес.

НАРАЗЫЛЫҚ БАР, БЕЛСЕНДІЛІК ЖОҚ

Елдегі дағдарыс, халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, тұрғындардың үкіметке сенімінің төмендеуі қайта құруды қажет етеді. Егер, 2008 жылы сауалнамаға қатысқандардың 15,9 пайызы елге реформа қажет десе, 2010 жылы осы пікірді қолдайтындардың саны 40,8 пайызға жеткен.

Қазақстанның төрт облысы мен Алматы және Астана қалаларында жүргізілген әлеуметтік зерттеуге барлығы 1807 респондент қатысқан. Сұрақ қойғандардың жауабына сүйеніп жарияланған есепте, тұрғындардың 73,4 –пайызы өздерінің материалдық жағдайын ортадан төмен бағалайтындығы жазылған.

Сарапшылар, қалыптасқан жағдайға қарамастан, көпшілік наразылық шарасына қатысу туралы сұраққа сақтықпен қарап, оған тек «жұмсақ» формада қосылуға дайын екендіктерін айтып отыр.
Толғанай Үмбетәлиева (сол жақта), Орталық Азиялық демократияны қолдау қорының басшысы. Алматы, 9 наурыз 2011 жыл
f
- Тұрғындар арасындағы әлеуметтік наразалық деңгейі тым төмен. Мәселен, сұрау салғандардың тек 8,8 пайызы ғана белсенді наразылық акцияларына шығуға дайын. Ал 40 ,8 пайызы «себептері бола тұра, шерулер мен митингтерге шықпайтындығын» айтып отыр, - дейді Демократияны дамыту жөніндегі Орталық Азия қорының директоры Толғанай Үмбетәлиева

2010 жылдың ең ірі саяси жобаларының бірі, елдің саяси жүйесінде жаңа тұлға – Ұлт көшбасшысының «пайда» болуы.

- Респонденттердің 79,7 пайызы Назарбаевтың «Ұлт көшбасшысы» атағына лайықты екендігін айтты. Солай бола тұра, бұл мәртебенің берілу механизміне қарсы шығушылар көп болды. Мәселен, жауап берушілердің 32,8 пайызы «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін заңдастырудың қажеті жоқ, бұл әдіс мемлекет басшысының абыройын төмендетеді деп есептейді. Ал 12 пайызы «Ұлт көшбасшысы» тағайындалмауы керек, оны халықтық референдум арқылы сайлау қажет деп есептейді, - дейді Толғанай Үмбетәлиева.

«НАЗАРБАЕВ КЕЗЕҢІНЕН КЕЙІН»

Сарапшы мамандардың жариялаған есебінде «Қазақстан Назарбаев кезеңінен кейін» деген мәселе де талқыланып отыр. Сасаяттанушылардың сөзінше, «Назарбаевтан кейінгі кезең Назарбаевтың биліктен қалай кететіндігімен тікелей байланысты» көрінеді.

- Барлығы да елде биліктің қалай орнатылатындығына байланысты. Егер де элита өзара ортақ консенсусқа келіп, билік ауысса, онда ішкі саясатта ешқандай да өзгеріс болмайды. Ал егер революциялық жолмен немесе элтталық топтардың өзара «келісімі» арқылы болса, онда ішкі саясатымыз күрт өзгереді, - дейді саясаттанушы Замир Қаражанов.
Мен ары қарай дамудың екі конструктивті нұсқасын көріп отырмын: президенттіктен де жоғары басқару үлгісі немесе Назарбаев ойда жоқта кетіп қалып форс-мажорлық жағдай қалыптасса, олигархиялық модель.

- Қазақстанның саяси жүйесі бір көшбасшының форматына байланысты құрылған. Егер Назарабаев кететін болса, онда жүйе толықтай фундаменталды трансформацияға ұшырайды. Оның толықтай сақталып қалуы мүмкін емес. Жаңадан келген элита өзінің мүддесіне сай жүйе қалыптастырады. Мен ары қарай дамудың екі конструктивті нұсқасын көріп отырмын: президенттіктен де жоғары басқару үлгісі немесе Назарбаев ойда жоқта кетіп қалып форс-мажорлық жағдай қалыптасса, олигархиялық модель, - дейді саясаттанушы Максим Казначеев.

- Сыртқы саяси жағдай билік басына келетін элитаның позициясына тәуелді болады. Егер ол ресейлік болса, онда вектор да ресейлік болады. Ал егер ол қытайлық болса, соған сәйкес вектор да қытайлық болады. Оның барлығы біздің тәуелсіздігіміз бен бостандығымызға кері әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан, біріншіден, ең маңыздысы – Қазақстан басына, сырттан тағайындалған емес, өз ішінен шыққан лидер отыруы қажет, - дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Мамандар, қазіргі президент кеткен жағдайда «Қазақстанның ұлттық саясаты өзгереді» дегенді айтады.

- Қазіргі негізгі саясат елде тұрып жатқан қазақтардың бір бөлігіне ұнамайды. Қазірдің өзінде этностар арасындағы қатынас аса белсенді емес. Этникалық топтардың мүдделері мемлекеттік саясаттың нысаны ретінде қаралмайды. Сондықтан жаңа келген президент «елдің нағыз басшысының» кім екендігін көрсетіп, анықтауы тиіс, - дейді саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева.
XS
SM
MD
LG