Accessibility links

Еуразиялық қайшылықтар одағы


Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) және Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) ЕАЭО келісіміне қол қойған соң. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) және Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) ЕАЭО келісіміне қол қойған соң. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

ЕАЭО іске қосылатын күн жақындаған сайын ұйымдағы саяси шиеленіс күшейе түсті. Бақылаушылар мұны Кремльдің әрекет және мәлімдемелерімен байланыстырады.

Доллар немесе еуроға балама еуразиялық валюта шығару туралы жаңа идея Ресейдің Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) бірлесіп құрған әріптес әрі көршілес елдерде сынға ұшырады. Нақты заң жобасы емес, депутаттардың қағаз бетіне түспеген ортақ ойы ғана болғанымен, Ресей мемлекеттік думасында ЕАЭО аясында еуро мен доллармен бәсекелесе алатын жаңа валюта енгізу туралы заң жобасына қатысты идеялар айтыла бастады.

«Азаматтық қоғам» қорының сарапшысы Виктор Ковтуновский кезінде бірыңғай валюта енгізу қажет екенін Қазақстан президенті айтып, тіпті «алтын» деген атауын да ойластырып қойғанын ескертеді.

– Мұны сырт жұртқа көз қылу үшін айтылып жатыр. Меніңше, бұл бағытта ешқандай нақты қадамдарға бармайды. Бірақ практикалық тұрғыдан алғанда да бұл идеяның іске аспайтынына сенімдімін. Еуразия одағында бірыңғай валюта болғанын ешкім қаламайды. Тіпті Ресеймен тығыз байланысты Беларусьте өзінің қаржы құралынан айырылып қалмас үшін мұны құптамасы анық, – дейді ол.

Ресей мен Беларусь шекарасында тұрған көліктер. 9 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей мен Беларусь шекарасында тұрған көліктер. 9 желтоқсан 2014 жыл.

Беларусь стратегиялық зерттеулер институты сарапшысы Андрей Елисеевтің айтуынша, бірыңғай валюта енгізу идеясына Минск өте сақтықпен әрі сыни көзбен қарайды, ал ресми тұлғалар «мүмкін, келешекте біраз жылдан кейін болып қалар» деген сырғытпа сөздер айтады. Саясаттанушының пікірінше, Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО туралы келісім-шартқа «мұнай өнімдерінен алынатын баж салығы (3 миллиард долларға жуық) жыл сайын біздің бюджетке түсуі тиіс» деген шартпен қол қойған деп есептеледі. Бұрын Минск бұл салықты еріксіз Ресей бюджетіне төлеп келген. Енді Ресей «қол қойған ақысына» бонус ретінде оларды Беларуське қалдыруға келіскен.

Бұл қадамдарға қарамастан, шекарада азық-түлік «соғысы» басталғаннан бері екі мемлекеттің арасы нашарлап кетті. Елисеев «Украинадағы жағдайды ескерсек, қазір Беларусь Кеден одағы аясында тауар тасымалдаудың логистикалық және транзиттік орталығына айналып барады» дейді.

– Мүше елдердің бірі үшінші елдерден келетін әрі халық көп тұтынатын тауарларға бір жақты эмбарго салса, кез келген кедендік одақта осындай жағдай болар еді.Мұның бәрін бақылау өте қиын, бірақ Лукашенко Путинге уәде берген, сөйтіп Ресей Минскіні кінәлады. Ал Минск шекарада кедендік тексеру енгізіп, қарымта жауап қайтарды. Бұл жағдайды тауар тасымалын электронды бақылау жүйесі реттер еді. Бірақ Беларусь, Ресей және Қазақстанда тауар тасымалын бақылайтын техникалық құралдар әлі жоқ. Қазіргі кезде осы мәселе тығырыққа тіреп тұр, – дейді Беларусь стратегиялық зерттеулер институты сарапшысы Андрей Елисеев.

Бірақ қазір «ЕАЭО өзара мүдделес елдер одағы емес» деген мәлімдемелер жиі естіле бастады. Одақтың төртінші мүшесі болмақ Арменияда парламент депутаттары көпшілік дауыспен ЕАЭО-ға кіруге дауыс берген. Бірақ Арменияның бұрынғы ұлттық қауіпсіздік министрі Давид Шахназарян «депутаттардың дауысы армян қоғамының пікірін білдірмейді» дейді.

Бұл – таза саяси одақ, путиндік, неоимпериялық саясаттың көрінісі.

– Бұл – таза саяси одақ, путиндік, неоимпериялық саясаттың көрінісі. Өкінішке қарай, парламентте отырған саяси күштердің көбі – ресейшіл. Бірақ армян қоғамында Арменияға,оның тәуелсіздігіне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық ахуалына ең үлкен қатер Ресейден төнуі мүмкін екенін білетіндер де, жақсы түсінетіндер де көп. Қазір Ресей мен Кеден одағы халықаралық тұрғыда оқшауланып қалды, – дейді ол.

Давид Шахназарянның сөзінше,«Қазіргі жағдайда Арменияның негізгі міндеті – постпутиндік кезеңге даяр болу. Бұл– Арменияға ғана емес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бәріне қатысты мәселе».

Қазақстандық саясаттанушы Виктор Ковтуновский Қазақстан бұл жобаға толық өз еркімен кірмеген, тіпті белгілі бір қысыммен «кіріп кетуі» мүмкін деп болжайды. Жергілікті сарапшы Андрей Елисеевтің айтуынша, Беларусьте азаматтардың жалпы интеграцияға деген көзқарасы түзу болғанымен, соңғы кезде жүргізілген зерттеулер ел азаматтарының арасында еуропалық интеграцияны да, еуразиялық интеграцияны да құптамайтын оқшаулану тенденциясы пайда бола бастағанын көрсеткен.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG