Accessibility links

«Украина дағдарысындағы бітімгер Қазақстан» жайлы айтыла бастады


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сеул, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сеул, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Сарапшылар АҚШ пен Германия басшыларының Украинадағы жағдай жөнінде Қазақстан президенті Назарбаевпен де сөйлесуін әртүрлі жориды.

Наурыздың 11-інде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Барак Обама телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылағаны хабарланды.

Қазақстан президенті ресми сайтының жазуынша, президенттер Украинадағы дағдарысты осы елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін және барлық мүдделі тараптарды жақындастыруға септігін тигізетін дипломатиялық әдістерді пайдалана отырып бейбіт жолмен реттеу қажеттігін сөз еткен.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Қазақстанды Украина дағдарысын бейбіт жолмен шешуде белсенді роль атқаруға шақырған.

Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу үшін «ымыралы шешімдерді әзірлеуге өзінің сындарлы үлесін қосуға дайын екенін» бұдан бір күн бұрын Германия канцлері Ангела Меркельмен және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде де айтқан.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МИССИЯСЫНА КҮМӘН МЕН ҚОЛДАУ

Сарапшылар әлемдегі ірі елдер – АҚШ пен Германия басшыларының Украинадағы оқиғаға орай Қазақстан президентімен сөйлескенін әртүрлі түсіндіреді.

Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев АҚШ пен Германияның Ресей мен Бұрынғы дипломатиялық қызметкер Қазбек Бейсебаев.

Бұрынғы дипломатиялық қызметкер Қазбек Бейсебаев.

Украинаны бітістіру үшін Кеден Одағының бір мүшесі Қазақстанға хабарласуын қисынды көреді.

– Ресейге салынатын экономикалық санкциялар Қазақстанға да әсер етпей қоймайды. Осы мәселені де дипломатиялық жолмен құлағдар етуі мүмкін, – дейді Қазбек Бейсебаев.

Ол Украинадағы дағдарысты шешуге Қазақстанның ықпал ете аларына күмәнданады.

Журналист әрі саяси шолушы Сергей Расов та президент Назарбаевтың бітімгершілік міндетін атқарып шығарына күмәнмен қарайды. Ол президенттің 1990 жылдардың бас кезінде Таулы Қарабақ мәселесі бойынша Армения мен Әзербайжан арасында делдалдық етпек болғанын, бірақ одан нәтиже шықпағанын айтады.
Назарбаевтың белгілі бір мәселелер бойынша Путинге ықпал ете алатын мүмкіндігі бар.

Саясаттанушы, Еуразиялық зерттеулер институтының сарапшысы Данияр Қосназаров Назарбаевтың белгілі бір мәселелер бойынша Путинге ықпал ете алатын мүмкіндігі бар екенін айтады. Ол «Бұл жайт Обама мен Путин арасындағы салқын қатынастар кезінде маңызды рөл атқаруы мүмкін» деп біледі.

– Украинадағы оқиғаларды өте мұқият қадағалап отырған Қазақстан өз мүмкіндіктері шегінде бұл оқиғаны шешу жолдарына араласқысы келетін байқалады. Бітімгершілік, арағайындықтың халықаралық дипломатияда маңызы зор. Алайда Астана бәрібір Женева емес, – дейді Данияр Қосназаров.

Ал АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінің профессоры, Орталық Азия аймағындағы саяси процестерді зерттеуші ғалым Шон Робертс Нұрсұлтан Назарбаевты Украина дағдарысын шешуге арағайындық етуге лайықты саясаткерлердің бірі деп біледі.

– Назарбаев – бұрынғы Совет Одағы елдеріндегі Ресеймен жақсы қарым-қатынастағы президент. Бұл оқиға кезінде татуластыршы рөлін атқаруға оның өзі де құмар, – дейді сарапшы.

Шон Робертстің пікірінше, Қазақстан – Кеден Одағы мен еуразиялық интеграция үшін аса маңызды ел, сондықтан Ресей президенті Қазақстан басшысының пікіріне құлақ асады.

Профессор Шон Робертстің Азаттыққа берген сұхбатының толық нұсқасын сәрсенбі күні оқи аласыздар.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG