Accessibility links

Қарттар үйіндегі әкелі-балалы Жидкихтер біреуге масыл болғысы келмейді


Андрей Жидкихтың ұлы Виктор. Ащыбұлақ ауылы, Алматы облысы. 1 желтоқсан 2010 жыл.

Андрей Жидкихтың ұлы Виктор. Ащыбұлақ ауылы, Алматы облысы. 1 желтоқсан 2010 жыл.

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылындағы қарттарға арналған үйде әкелі-балалы Жидкихтер тұрып жатыр. Азаттық радиосы биыл көктемде олардың тағдыры туралы хабарлаған еді. Арада сегіз ай өткенде тілшіміз оларға тағы жолығып қайтты.


Мүгедек Андрей Жидкихтің Алматы облысы, Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы Свято-Сергеев приходына қарасты қарттар үйінде тұрып жатқанына сегіз айдан асты. Оның мұндағы жалғыз ермегі – қарттар үйіндегі шеберханада тұрмыстық заттарды жөндеп, қалпына келтіру. Ас-суы мен
Мүгедек әке Андрей Жидких. Ащыбұлақ ауылы, Алматы облысы. 1 желтоқсан 2010 жыл.
тегін жатын орнын ол осылай өтейді.

– Жағдайымыз жаман емес, тамағы жақсы. Қарабайыр жұмыстарымен айналысамын. Техниканы жөндеймін, – дейді Андрей Жидких.

Әйткенмен, қарияларға көрсетіліп отырған қамқорлыққа ортақтасқанына өзін ыңғайсыз сезінетін Андрей Жидких «орда бұзар жаста өзгеге масыл болғысы келмейтінін» айтады.

Іле ауданы Междуречинск ауылында тұратын жалғыз басты әке Андрей
Әкімдік мүгедек әке мен баланы Свято-Сергеев приходының қарттар үйіне апарып тапсырды.
осыдан төрт жыл бұрын абайсызда жығылып, мертігіп, төсек тартып жатып қалған соң, 12 жасар ұлы Виктор әкесін 5 ай бойы бағып-күткені туралы Азаттық радиосы хабарлаған болатын.

Азаттықтың веб-сайтынан әкелі-балалы Жидкихтардың тағдырынан хабардар болған жұрт көмекке зәру отбасына қол ұшын созып, Андрейге мүгедектерге арналған арбаны сыйға тартқан еді.

Ал, журналистер келгенге дейін бұл отбасына назар салмаған ауыл әкімдігі де қимылға көшіп, әке мен баланы Свято-Сергеев приходының қарттар үйіне апарып тапсырды. Бұл мекеме қайырымдылық қорлары мен жеке тұлғалардың демеушілігіне қарап отырған қоғамдық ұйым екендігін айта кеткен жөн.

Сондай-ақ Междуречинск әкімдігі қызметкерлері мүгедектік жәрдемақы тағайындау үшін Андрейдің құжаттарын реттеуді қолға алғанын айтқан еді. Алайда, содан бері сегіз ай өтседе бұл шаруа әлі аяғына жеткен жоқ дейді Андрей Жидких:

– Құжаттарға байланысты олар әрқашан әлдебір себептерді сылтауратып шығады. Біресе бәрін қалпына келтіру керек дейді, енді бірде «сен әділет министрлігінде тіркеуде жоқсың» деп те айтады. Жоқ болсам, қалайша мен әскерде қызмет еттім? Қорғаныс мекемесінде құжаттарым бар, аудандық ішкі істер бөлімінде де құжаттарым болуы керек. Себебі, кезінде ескі паспортымды Қаскелеңде алғанмын.

Ал қиын-қыстау кезеңде әке күтімі мен үйдің бар шаруасын тындырған
Свято-Сергеев приходына қарасты қарттар үйінде тұрып жатқан кейуаналар. Ащыбұлақ ауылы, Алматы облысы. 1 желтоқсан 2010 жыл.
қаршадай ұл Виктордың көңілі қазір қош сияқты. Оның бізге сұқбат беруге де уақыты табылмады. Себебі Виктор Ащыбұлақ мектебіндегі сабағынан қалмауы тиіс.

Андрей Жидких денсаулығы бұрынғыға қарағанда оңалып қалғанын айтады, өткен қыста төсек тартып қалған шағы көрген түстей болып елестейді. Қазір таяққа сүйеніп ептеп жүре бастапты. Оның ендігі арманы – қарттар үйінен кетіп, ұлына еш салмақ салмай бар жұмысты өзі атқарып, қайтадан өз алдына шаңырақ көтеру.

– Олардың ойынша, мен осында түскен соң маған ештеңе керек жоқ: олар маған тамақ пен ішерге су болса жетеді деп біледі. Меніңше, әлі қартайып тұрған жоқпын, отбасын да құруым керек. Өмір бойы осында болмайтын шығармын. Маған құжаттарымды әзірлеп біткенше бір-бір жарым ай осында боласың, сосын Виктордің жазғы демалысы кезінде үйлеріңе қайтасыңдар деп айтқан еді. Сонымен жоғалып кетті. Наурыз айында осында келгенімізге бір жыл болады, – дейді Андрей Жидких.

Осы хабардың видеосын қараңыз

Сервердегі ақау

Oops, as you can see, this is not what we wanted to show you!

This URL has been sent to our support web team to look into it immediately. Our apologies.

Please use Search above to see if you can find it elsewhere

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG