Accessibility links

Ғали Мырзашев: «Азаматтық негізі жоқ өнер – өлі өнер»


Қазақстан аниматорлары ассоциациясының президенті Ғали Мырзашев. Алматы, 2 қараша 2011 жыл.
Қазақстан аниматорлары ассоциациясының президенті Ғали Мырзашев. Алматы, 2 қараша 2011 жыл.

Азаттық тілшісіне сұқбат берген Қазақстан аниматорлар қауымдастығының төрағасы Ғали Мырзашев «дұрыс жүйенің жоқтығынан, қажетті мамандар тартылмағандықтан анимация саласы тұралап қалды» деп есептейді.


– Ғали мырза, қазақ анимация өнерінде соңғы кездері шыққан қандай сапалы мультфильмдер бар?

– Қазіргі қазақ анимациялық өнерінде «халықаралық дәрежеге жетеді-ау» деген мультфильм жоқ. Оған себептер де көп.

Ақыры сұраған екенсің, айтайын – нақты жағдайда тарихқа көз салуға тура кеп тұр. 1967 жылы ВГИК-ті бітіріп келген азамат Әмен Қайдарға сол кездегі директор («Қазақфильмнің» директоры – ред.) Камал Смайылов «мультфильм шығара бастаңыз» дейді. Өндіріс ашып, қаражатын топтайды, жұмыс орнын бөледі. Жүйелі, тұрақты жағдай жасайды. Сол кезде маманға шығармашылық ерік бергеннен кейін суретші армандарын орындады.

«ЕҢ БАСТЫСЫ – ЖҮЙЕ МЕН ТҰЛҒА»

– Қазір анимация саласында шығармашылық еркіндік жоқ па сонда?


– Ол да бар. Қазір біреу «техниканы көбейту керек» десе, біреу «ақша көбейтсе» дейді. Жоқ, ең бастысы – тұрақты жүйе, анимация өнеріне сай тұлға керек.

Мысалы, үш жылда бір толық метражды фильм түсіру қажет пе – оны заңды түрде
Қазақстан президенті Назарбаев пен басқа да шенеуніктерді кейіпкер еткен "Сапа олимпиадасы" анимациялық фильмі. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Назарбаев пен басқа да шенеуніктерді кейіпкер еткен "Сапа олимпиадасы" анимациялық фильмі. (Көрнекі сурет)
бекіту керек. Қысқа фильмдердің жылына бесеуін жасау керек пе – заңды түрде бекітілсін. Анимация бала тәрбиелеу сияқты. Бір жұма тойындырып-киіндіріп, мектепке үзбей апарып, енді бір жұма аш ұстап, оқуға апармай қойсаңыз, нәтижесі қандай болатыны белгілі.

Қазіргі бітірген шаруамыз – бірінші жылы жеті фильм, екінші жылы – төрт өнім жасау, толықметражды «Ер Төстікті» асығыс бастау. Одан әрі не? Осы сұраққа нақты жауап жоқ. Жүйенің керек екенін осыдан-ақ көруге болады.

Ең бастысы, «Қазақмультфильм» атты ұлттық анимациялық орталық құрылуы керек. Оның дәрежесінде анимация туралы заң қабылдануы жөн. Мәскеудегі ВГИК-ке мамандарды оқытуға жіберу керек. Біздегі өнер академиясын бітіретін бір-екі студентті Мәскеудегі жоғарғы режиссерлік курстарға жіберуіміз қажет. Ол қымбат та емес. Олармен де, басқа да халықаралық өнер отауларымен де жиі араласуымыз қажет.
Қытайда 20 шақты студия бар, татар, башқұрт, якуттарда да анимация студиялары бар.

«Қазақмультфильмді» ашып алып, маманды тыңдамай, ойымызға келгенді істесек, әрине, бәрі құриды. Мысалы, Қытайда 20 шақты студия бар, татар, башқұрт, якуттарда да анимация студиялары бар. Ал бізде өте мол мүмкіндіктері бар үлкен өнер – «70-тегі киноның» «45-тегі мешел ұлы» боп қоржынында жүр.

Егер біз шынайы тәуелсіз ел болсақ, ұлттық анимация орталығы «Қазақмультфильм» болуы керек. Теледидар арқылы бөтен өнерді дәріптеп, бала-шағамыздан аластап, елдің болашағы, азаматын жат мәдениетпен тәрбиелеуді доғаруымыз керек. Анимация – идеологиялық майдан.

«ДҮНИЕЖҮЗІ МОЙЫНДАҒАН РЕСЕЙ»

– Сіз ВГИК-ті айтыңыз. Сонда мамандар даярлау жағынан Қазақстан әлі күнге дейін Ресейге тәуелді ме? Ресейді үлгі етуіңіздің себебі неде?

– Себебі біз бір тұрақты, жүйелі мәдениеттен тарадық қой. Советтер одағы кезінде тамаша шығармалар дүниеге келді емес пе? Оқу, кәсіби өсу, халықаралық талаптарға сай болу үшін біз Ресейдегі анимация ортасынан алшақтамағанымыз дұрыс. Олардың тәжірибесі мол, дүниежүзі мойындаған тамаша кәсіби мектебі бар. Ең маңыздысы – олар біз үшін таптырмас нарық.

Өнер – экономика, саясат емес – тәжірибе алмасудан тек ұтады. Тарихи мысал –
Қалмақтың ханы Шамалхан туралы анимациялық фильмнен көрініс. (Оқырманнан келген сурет)
Қалмақтың ханы Шамалхан туралы анимациялық фильмнен көрініс. (Оқырманнан келген сурет)
соғыстан соң Одақтың мықты мамандары шоғырланғаннан Алматыда біздің мамандардың шеберлігі ұшталып, көзқарасы кеңейіп, «Қыз Жібек» пен «Ақсақ құлан» сияқты туындылар жасалып, киноның «алтын ғасыры» 80-жылдарға дейін созылды.

Кейде бізге «Анимацияның керегі не?», «Шетелдікін аударып бере салмаймыз ба?» дейді. Олай болса, баланы да таппай ақ қояйық. Көп қой – қытайларды, үнділерді бауырға басайық. Тілді де сақтамайық – бәрібір бар қазақ орысша сөйлейді ғой! Тілді балаға үйретеміз, қазақша балабақшаға береміз де – үйде Nickelodeon-ды қосамыз.

«ТӨРТ ДӨҢГЕЛЕГІ ДЕ ЖОҚ МАШИНА»

– 10 минуттық мультфильм жасауға 12 миллион теңге бөлінеді екен. Бірақ сіз қазақ анимациясындағы үздік шыққан жаңа мультфильмді атай алмай отырсыз. Соған қарағанда, мәселе ақшада ғана емес сияқты ғой.


– Жүйе болса, тұрақтылық болса, мен бастаған мамандар да Әмен аға сияқты өнім бере алады. Бірақ «әттеген-айлар» көп-ақ.

Анимацияның қазіргі жағдайы, мүмкіндігі мол, бірақ төрт дөңгелегі жоқ, қарнымен жер сызған машинаға ұқсайды. Ол төрт дөңгелектің бірі – сценарий портфелі, екіншісі – бейнелеу шешімі, үшіншісі – өндірістік жүйе, төртіншісі – түсірілген фильмнің тағдыры. Сонымен бірге ол машинаның рулін анимация өнері өкілдері емес, дилетанттар басқарып, машинаны оңды-солды бұлғақтатып айдап барады. Сондықтан өнім халықтың назарынан тыс қалып отыр.

«ХАЛЫҚ МАЛ ЕМЕС ҚОЙ»

– Халықтың назарына ілініп, танымал болған кейбір азаматтар «саясатқа араласпаймын» деген себеп айтып, қоғамдағы оқиғаларға (мәселен, Жаңаөзенге) байланысты пікір білдіруден қашқақтайды. Оның себебі не?


– Жалпы, азаматтық негізі жоқ өнер – жалған, өлі, «жезөкше» өнер.

Жаңаөзен оқиғасы азаматтық, әлеуметтік ынтаны, халықтың тілек пен ниетін қоғамның әр саласының шенеуніктерінің елемегенінен, тыңдамағанынан туды. Жаңаөзендегінің бәрі – қазаққа, елге, мемлекетке масқара оқиға! Жарайды, «біреу тентектік көрсетті, дауыс көтерді» дейік, ал ондайға су, газ не қамшы бар емес пе? Неге бірден оқ атылды? Жалпы, халық мал емес қой!

Болашақтағы көрмемді «Азаматтық ынталардан зардап шеккендерге арнаймын!» деген ұранмен өткіземін. Себебі мұнайшылар әлеуметтік мәселені көтерем деп оққа ұшса, мен сияқтылар рухани сұрақтарды көтеріп, қоғамдық өмірден шеттетіліп жүр.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG