Accessibility links

Apple шағын iPad-ын таныстырды


Үшінші буын iPad-ы. Лондон, 7 наурыз, 2012 жыл
Үшінші буын iPad-ы. Лондон, 7 наурыз, 2012 жыл
Жаңа өнім бұрынғы айпадпен салыстырғанда 23 пайызға жұқарақ, 53 пайызға жеңілірек болып шыққан.

Қазанның 23-і күні Apple компаниясы бірнеше жаңа өнімін таныстырды. Оның арасында ақпарат құралдарында көптен бері айтылып келген iPad mini де бар болды.

Егер қарапайым iPad экранының диагоналі 9,7 дюйм болса, iPad mini-дікі - 7,9 дюйм. Apple-дың маркетинг бойынша вице-президенті Фил Шиллердің айтуынша, жаңа өнім осы наурыз айында шыққан үшінші буын iPad-ымен салыстырғанда 23 пайызға жұқарақ, 53 пайызға жеңілірек.

Бұған дейін айтылған болжам рас болып шықты: мини айпадқа iPad 2-дей А5 екі ядролық процессор орнатылған. Apple-дың өзге планшеттері сияқты батареясы 10 сағатқа шыдайды.

16 гигабайттық жадысы бар шағын айпад АҚШ пен өзге ел дүкендерінде қарашаның 2-сінен бастап, 329 АҚШ долларға сатыла бастайды деп жоспарланып отыр.

Мамандар жаңа айпадтың бағасына ғана қатысты сын айтуда. Дерек бойынша, ол - нарықтағы ең қымбат шағын планшет. Онымен салыстырғанда Google-дың дәл осыған ұқсас Nexus 7 планшеті де, Amazon-ның Kindle Fire да шамамен бір жарым есеге арзан.

Бір қызығы, Apple-дың негізін қалаушы Стив Джобс айпадтың экранын кішірейтуге қарсы болған екен. Ол жеті дюймдік планшет «смартфонмен бәсекелесу үшін тым зор, iPad-пен тайталасу үшін тым әлсіз» деп есептеген.

Бірақ мамандар практиканың өзі Джобстың бұл тұжырымы қате болғанын дәлелдегенін айтады. Дерек бойынша, Amazon әлем бойынша жеті миллион Kindle Fire сатса, Google үш миллион Nexus 7 өнімін өткізе алған.

Сейсенбі күні Apple шағын айпадтан бөлек, бұрынғыға қарағанда біршама "жұқарған" MacBook Pro ноутбугын, моноблоктық iMac компьютерін, жаңа процессормен жабдықталған Mac Mini компьютеріне презентация жасаған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG