Accessibility links

«Нұр Отанның» көзі мектеп ғимаратына түсті


Ақкөлдегі музыка мектебі. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

Ақкөлдегі музыка мектебі. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

Ақмола облысы Ақкөл қаласындағы музыкалық мектеп төңірегінде шу шықты. Жергілікті әкімдік мектеп ғимаратын «Нұр Отан» партиясына бермек. Әкімдіктің бұл шешіміне ата-аналар қарсы.

1992 жылдан бері Ақкөл музыкалық мектебі орналасқан нысан – Астанадан 100 шақырымдай жердегі аудан орталығының көрікті ғимараттарының бірі.

Жергілікті әкімдіктің бұл ғимаратты билік партиясының кеңсесі етіп, ал мектепке бөлек орын беру туралы ұсынысы ата-аналардың қарсылығына тап болды.

«ӨЗІМІЗ ЖӨНДЕТКЕН ҒИМАРАТ»

Мектептің көшірілетіні туралы сөз шыққанда алдымен алаңдаған – ата-аналар. Олар «120 бала тәлім алатын мектепті көшіруден зияннан басқа пайда жоқ» дейді.

Көшіруге қарсы болған ата-аналардың бірі – Наталья Носик. Музыкалық мектепте үш баласын оқытып отырған ол қанша жылдан бері ғимаратты күрделі Мектепті көшіруге қарсы ата-аналардың бірі Наталья Носик. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

Мектепті көшіруге қарсы ата-аналардың бірі Наталья Носик. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

жөндеуден өткізіп, балаларының еркін дайындалуына ата-аналар көп үлес қосқанын айтады.

Музыка мектебінде оқитын 7-сынып оқушысы Ольга Вернигорова да ата-аналарының пікірін қолдайды. Фортепианодан халықаралық байқаулардың жүлдегері мектеп басқа жерге көшсе, қосымша қиындық туатынын айтады.

– Мектепті көшіруге қарсымын. Басқа ғимаратқа көшсе, кей балалар ол жерге бара алмайды. Себебі ол ғимарат тұрған ауданға автобустар аз қатынайды, – дейді оқушы.

Азаттық тілшісімен сөйлескен музыкалық мектептің кейбір мұғалімдері бюджеттік 7-cынып оқушысы Ольга Вернигорова. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

7-cынып оқушысы Ольга Вернигорова. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

мекеме қызметкерлері болғандықтан ашық наразылық таныта алмайтындарын, бірақ ата-аналардың талап-тілектеріне қосылатындарын айтты.

ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТЫНА КӨШІРУ

Ақкөл ауданы әкімдігінің өкілдері бұл мәселеге қатысты басқаша уәж келтіреді. Олардың пікірінше, мектептің орын ауыстыруынан ақкөлдіктер зиян шекпейді. Өйткені жаңа мектеп үшін кеңдігі 500 шаршы метрлік орын ұсынылған. Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Анатолий Кривецкий қазіргі мектеп орналасқан нысан «аудандағы беделді ұйымға» берілетінін айтты.

– Мектеп орналасқан нысанды аудандық «Нұр Отан» партиясына бермекпіз. Бәріміз – осы партияның мүшесіміз. Партияның қабылдауына келетін адамдарға ыңғайлы болуы үшін ғимарат орталықта болғаны дұрыс. Әрі қаладағы Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Анатолий Кривецкий. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Анатолий Кривецкий. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

ғимараттарды тиімді пайдалану мақсатында бұл жерге партиямен бірге жастар ұйымдарын да орналастырамыз. Музыкалық мектепке арналған ғимаратты жаңа оқу жылы басталғанша күрделі жөндеуден өткіземіз, – дейді Анатолий Кривецкий.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Амангелді Ысқақовтың айтуынша, музыкалық мектепті көшіру мәселесі бос тұрған ғимараттарды оңтайландыру қажеттігі туралы облыс әкімдігінен тапсырма түскеннен кейін шыққан. Осыған байланысты ауданда арнайы комиссия құрылған. Комиссияның шешімімен музыкалық мектеп қалада жартылай бос тұрған оқу-өндірістік комбинатының бір бөлігіне көшірілмек.

– 1940 жылы салынған ғимараттың шатыры мен қабырғаларын жөндеуден өткізсе, ғимарат музыкалық мектеп болуға жарап тұр, – дейді Амангелді Ысқақов.

«Билік партиясына бөлек есігі бар еңселі ғимарат қажет» деп санайтын «Нұр "Нұр Отан" партиясының Ақкөл аудандық филиалы. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

"Нұр Отан" партиясының Ақкөл аудандық филиалы. Ақмола облысы, 17 маусым 2013 жыл.

Отан» өкілі көшу жүзеге аспаса, білім басқармасының бір бүйірінен алған үш бөлмелік орында отыра беруге бар екенін айтты.

Ал әкімдік ұсынған оқу-өндірістік комбинатын аралап көрген наразы ата-аналар жаңа оқу жылы басталғанша ғимараттан бөлінген орынды музыка мектебі етіп лайықтап жөндеп шығу мүмкін емес екенін айтады.

«Өндірістік мектептің бір бұрышына музыкалық мектепті орналастыру – оны кез-келген мектептегі үйірмемен теңестірумен бірдей. Музыкалық мектеп үйірме емес» деді олар Азаттық тілшісіне.

Ақкөлдегі музыка мектебі туралы видео


P.S. Сайтымызда осы мақала шыққан соң Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі Ақкөлдегі музыка мектебінің көшірілмейтіні туралы Азаттыққа хабарлады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG