Accessibility links

Сақтандыру ақысын өндіріп алу ұзаққа созылды


Металлургтер ескерткіші. Теміртау. (Көрнекі сурет)

Металлургтер ескерткіші. Теміртау. (Көрнекі сурет)

«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылары «Альянс-Полис» компаниясынан ақша өндіріп алу туралы сот шешіміне қол жеткізсе де, сақтандырушылар төлеуден бас тартып отыр.

«АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) компаниясының денсаулығы нашарлаған 15 жұмысшысына сот «өтемақы төленсін» деген үкім шығарған. Бірақ оны төлеуі тиіс «Альянс-Полис» сақтандыру компаниясы «олар бізді әуелден-ақ алдап соқты» деп, сот шешімін орындамай отыр.

Қарағандылық Владимир Т. есімді азамат – «денсаулығына зиян келгені үшін төленетін бір реттік өтемақы мен аннуитеттік төлемдерді және зейнетақының жыл сайынғы өтемақысын» өндіріп алғысы келген жұмысшының бірі.

Владимир 2012 жылы АМТ компаниясына қарасты Костенко көмір шахтасында жұмыс істеп жүргенде өндіріс орнында болған апаттан жарақат алған. Сол жылы арнайы коммисия оқиғаны тексеріп, «апатқа жұмыс беруші компания 100 пайыз Ереуілге шыққан металлургтер. Теміртау, 29 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ереуілге шыққан металлургтер. Теміртау, 29 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

кінәлі» деп тапқан. Владимирдің денсаулығын қараған дәрігерлер оны үшінші топтағы мүгедек қатарына жатқызған. Апаттың кесірінен оның еңбек ету қабілеті 59 пайызға кеміген.

Сот сақтандыру компаниясынан зардап шеккен жұмысшыға денсаулығын емдеуге кеткен шығындарды өтеу үшін бір реттік 1 миллион 731 мың теңге сомасында айыппұл төлеуге үкім шығарған. Одан бөлек, арыз иесіне жыл сайын өтемақы төлеп отыруды міндеттеген. Сақтандыру компаниясын 2013 жылдың наурыз айынан бастап, жұмысшының кәсіби еңбек ету қабілеті қалпына келгенше, 2013 жылдың 15 тамызына дейін оған ай сайын 116 мың теңге өтемақыны төлей бастауды міндеттеген.

Сотта жеңгендердің көбі - Владимир сияқты АМТ компаниясының бұрынғы және қазіргі жұмысшылары. Соттың шешімі шыққан соң олар өндіріс орнында денсаулықтарының зардап шегуіне байланысты өтемақы алуға тиіс болатын. Олардың жарақат алып немесе кәсібінің кесірінен ауруға шалдыққан мерзімдері - 2011 жылғы тамыздың 9-ы мен 2012 жылғы тамыздың 8-і аралығы. Бірақ оларға әзірше ақша төленбеген. Бұл адамдарды «регрессниктер» деп атап кеткен. Оған денсаулықтарына тиген зиянға байланысты төлемақы алу үшін заңдық тұрғыда регресстік талап-тілек қойғандары себеп болған.

ЖҰМЫС БЕРУШІ САҚТАНДЫРУШЫҒА СІЛТЕЙДІ

АМТ компаниясы «Альянс-Полис» сақтандыру компаниясымен 2012 жылдың басында келісім жасасқан. Бірақ сақтандыру компаниясы мен металлургия компаниясының арасында «Өндіріс кезінде жарақат алған немесе кәсіби ауруға шалдыққан жұмысшыларға өтемақыны кім төлеуі керек?» деген дау басталған. Соған байланысты сақтандырушылар өтемақы төлеуді 2012 жылдың күзінде тоқтатып қойды.

АМТ компаниясының басшылары «Альянс-Полис» компаниясының өтемақы Металлургтер. Теміртау, 13 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Металлургтер. Теміртау, 13 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

төлеуден бас тартуы жұмысшылардың да, аталмыш компанияның да заңды мүдделеріне қайшы келеді» дейді.

АТМ басшыларының пікірінше, «соттың «регрессниктердің» пайдасына шешім шығаруы, сақтандыру компаниясының жауапты екенін тағы да дәлелдеді».

- Прокуратура қызметкерлері «Альянс-Полистің» жұмысшыларға сақтандыру өтемақыларын төлемей қоюын заңсыз деп тауып, «АМТ өкілдері сақтандыру компаниясына жалған мәліметтер берді» деген шағым шындыққа жанаспайды деп ұйғарған. Жұмысшыларға өтемақы төлеуге сақтандыру компаниясы жауапты деп санаймыз, - дейді АМТ компаниясының баспасөз қызметі.

АМТ басшылары «Альянс-Полистің» сот шешімін орындағанын күтіп отыр. Компания жұмысшыларға өтемақысын жуық арада төлеттіруді көздейді. АМТ компаниясының сайтында бұрынғы жасасқан келісім бойынша, жұмысшыны сақтандыру сомасы 100 миллиард теңге болған. Жұмыс беруші жақтың есептеуінше, АМТ-ның жұмысшыларға төлеген ақысы 500 миллион теңгеден аспаған (бұл сақтандыру сомасының 0,5 пайызын құрайды).

САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ УӘЖІ

«Альянс-Полис» өкілдері «Жұмысшылар АМТ компаниясында жұмыс істеп жүріп денсаулығын жоғалтқандықтан, негізгі өтемақыны АМТ компаниясы төлеуі тиіс, АМТ өндіріс орнында қажетті жағдай жасамаған» деп санайды. «Альянс-Полис» өкілдері «сақтандыру туралы келісім жасалғанда, АМТ компаниясының басшылары кәсіби ауруы бар адамдардың санын дұрыс көрсетпей, бізді алдады» дейді.

Сақтандыру компаниясының ақпараты бойынша, олар зардап шеккен жұмысшыға толық сауығып кеткенше, не өмірінің соңына дейін өтемақы төлеуге Металлургтер ереуілі. Теміртау, 29 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Металлургтер ереуілі. Теміртау, 29 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

дайын. Ондай төлемақының сомасы бір жылға шаққанда шамамен 1 миллион 300 мың теңге болады. Олардың сөзінше, «зардап шеккендердің» саны күрт көбейіп кеткен. Арызданушылардың басым бөлігі - кездейсоқ апаттан зардап шеккендер емес, кәсібіне байланысты ауруға шалдыққан жұмысшылар.

«Альянс-Полис» өкілдерінің айтуынша, сақтандыру шарты жасалып, жұмыс істей бастағанда ғана нақты ауру жұмысшылардың саны мәлім болған. Жұмысшылардың кәсібіне байланысты кеселге шалдығуына олардың өндіріс орындары тікелей әсер еткен.

Сақтандырушылар «жұмысшыны оқыс жағдайдан міндетті түрде сақтандыру туралы заңның кемшін тұстары өте көп, оны біржола өзгерту керек» деп санайды. Компанияның позициясы жұмысшының кәсіби сырқатына қатысты шығынды сақтандырушы мен жұмыс беруші теңдей бөліп төлеу керек дегенге саяды. «Альянс-Полис» өздерінің келтірген уәждерін сайттарына жариялады.

«Альянс-Полис» компаниясы сайтында «Бұл проблеманың ең өзекті тұсы сақтандыруға қатысты статистиканың азайтып көрсетілгендігі емес. Ең бастысы - өнеркәсіп компанияларында еңбек туралы заңды бұзатын тұстар жетіп артылады. Осының кесірінен жұмысшылар ауруға тез шалдығып, өндірісте апат жиі қайталанады. Төтенше жағдайлар министрлігі мен еңбек министрлігінің ресми есебі бойынша, өндіріс орындарында жүздеген заң бұзушылық тіркелген. Сол заң бұзу әрекеттері бойынша олар талай рет әкімшілік жазаға тартылған» деп жазылған.

Сайттағы мәлімдемеде АМТ компаниясына қойылған бірталай талаптар көрсетілген. «Талаптар орындалмайынша, өтемақы төленбейтіні» ескертілген. Атап айтқанда, «Альянс-Полис» басшылары АМТ компаниясымен тіл табысуға әзір екендерін, бірақ жұмысшылардың кәсіби ауруына қатысты өтемақыны жұмыс беруші өзі төлеуі тиіс екенін ескертеді.

«Альянс-Полистен» өтемақы талап етіп, арызданған жұмысшылар саны 70-тен асады. Сот шешімдері күшіне енсе де, арыз иелері тиісті өтемақысын әлі алған жоқ. Енді жұмысшыларға өтемақыны мәжбүрлі түрде төлету үшін бұл іске сот орындаушыларының араласатын түрі бар.

Мақаланы аударған - Сағынай Кәрім.
  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

XS
SM
MD
LG