Accessibility links

Әскерге шақырылғандарды шалғайға жібермекші


Әскерге шақырылғандар жиналатын орынға бара жатқан жастар. Алматы, 2 сәуір 2014 жыл.

Әскерге шақырылғандар жиналатын орынға бара жатқан жастар. Алматы, 2 сәуір 2014 жыл.

Қазақстанда міндетті әскери міндетін өтеуге шақыру басталды. Әскери бөлімдер экстерриториялық принцип бойынша жасақталады, яғни сарбаз әскери міндетін туған облысында орналасқан бөлімде өтей алмайды.

Алматы қаласындағы әскерге шақыру пункті жанынан армияға баруға құлшынған жас жігіттерді көптеп кездестіруге болады. Азаттық тілшісімен әңгімелескендердің көбі «қайда жіберсе де, бәрібір» дейді. Бірақ қалаған әскери бөлімшесіне бара алмайтынына қынжылған жігіттер де болды.

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛҒАНДАР

Бойшаң келген, шымыр денелі Кенже әскери міндетін ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) қарасты шекара әскерлерінде өтеп келіп, арнайы қызмет органдарына жұмысқа тұруды армандаған. Бірақ оны «Қазақстаннан тыс жерде - Қытайда туғансың» деп шекара әскерлеріне алмапты. Енді ол Қапшағайдағы десанттық-шабуыл бригадасында әскери міндетін өтеп келген соң арнайы қызмет органдарына жұмысқа алатын шығар деп үміттенеді.

Әскерге шақырылғандар мен олардың ата-аналарының арасында баласының әскери міндетін үйге жақын маңда өтегенін қалайтындар көп екені аудандық әскери комиссариат жанындағы әңгіме кезінде байқалды. Әсіресе аудандық әскери комиссариатқа бойшаң ұлымен бірге келген Шолпан есімді әйелдің сөзі есте қалды.
Алматы қаласындағы әскер қатарына шақырылғандар жиналатын орын. 2 сәуір 2014 жыл.

Алматы қаласындағы әскер қатарына шақырылғандар жиналатын орын. 2 сәуір 2014 жыл.

«Қайда қызмет еткің келеді?» деген тілші сұрағына ұлының орнына Шолпан жауап берді.

"Оны менен сұраңыз. Реті келсе, жақын маңда, тіпті осы Алматының өзінде қызмет еткіміз келеді" деді ол Азаттық тілшісіне ұлының жауабын күтпестен.

Биыл әскери бөлімдер тек экстерриториялық принцип бойынша жасақталатыны қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында да көрсетілген. Баспасөз қызметі Азаттық тілшісіне «бұл принцип бойынша Қазақстанның бір аймағынан шақырылған адам әскери міндетін басқа аймақта өтеуі тиіс» деп түсіндірді.

«Неліктен дәл биыл көктемгі шақыру науқанында экстерриториялық принцип қолданылып жатыр?» деген сұраққа баспасөз қызметі «мұндай сұрақтарға жауап беруге құзырлы емеспіз, оны қорғаныс министрлігі басшылығына жолдаңыз» деп жауап берді. Бірақ министрлік басшылығымен хабарласу мүмкін болмады.

Алматы қаласындағы аудандық әскери комиссариат қызметкерлерінің (олар қорғаныс істері жөніндегі аудандық басқарманы бұрынғысынша осылай атайды) айтуынша, әскери міндетін Алматы қаласында өтеуге қалатындар да болғанымен, армия бұрын да көбінесе экстерриториялық принцип бойынша жасақталатын.

ҚОС ГЕНЕРАЛДЫҢ ПІКІРІ

Қорғаныс министрінің жеке құраммен саяси-тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін бұрын әр түрлі мерзімде атқарған екі генерал «Армияны экстерриториялық принцип бойынша жасақтау қаншалықты қисынды?» және «Ел басшылығының бұл принципті дәл биылғы көктемгі шақыру науқаны тұсында қолдану себебі неде?» деген сұрақтарға бір-біріне қайшы жауап берді.

Генерал Айтқали Есенқұлов армияны экстерриториялық принцип бойынша жасақтауға толық көшуді қолдайды. Оның айтуынша, «әскерге шақырылғандар үйіне 500 шақырым жақын жерде міндетін өтеуіне болмайды» деген тәртіптің тиімділігі Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал-майор Айтқали Есенғұлов. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл.

Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал-майор Айтқали Есенғұлов. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл.

Совет Одағы кезінде "дәлелденген". Сондықтан қорғаныс министрлігі бұл принципке қайта оралып отыр.

Армияны территориялық принцип бойынша жасақтауға қарсы уәж ретінде Айтқали Есенқұлов өзін мысалға келтіреді.

"1993 жылы Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс қаласындағы қоймаларда қызмет еткен жеке құрамның Арыс қаласынан шақырылғаны дұрыс болды ма? 30 адам бірден самоволкаға кетіп қалды емес пе? Осы үшін облыстық әскери комиссарды қызметінен түсіруге тура келген" дейді ол.

Ал қарулы күштерді экстерриториялық принциппен жасақтауға қарсы генерал Әмірбек Тоғысов «Мысалы совет заманында мен әскерге Қазақстаннан шақырылып, сонау қиырдағы Магаданнан бір-ақ шыққанмын. Осы дұрыс па?» дейді.

Генералдың уәжінше, әскери міндетін өтеу үшін туған үйінен жүздеген, кейде тіпті мыңдаған шақырым алысқа кететін жас жігіт қысқа мерзім ішінде климатқа бейімделіп үлгермейді. Ал оған әскери міндетін үйінің іргесінде болмаса да, Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал-майор Әмірбек Тоғысов.

Қазақстан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал-майор Әмірбек Тоғысов.

жоқ дегенде бір климаттық белдеудегі әскери бөлімде өтеуге мүмкіндік берілсе, сарбаз тез бейімделеді. Оның үстіне, баласы міндетін өтеп жатқан әскери бөлім үйіне жақын болса, әке-шешесі де кез келген мезетте ұлына келе алады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет міндетін өтеу мерзімі - бір жыл. Қорғаныс министрлігінің дерегіне сәйкес, биыл көктемде әскерге 11 мыңнан аса адам шақыру жоспарланған. Олардың үш мыңға жуығы қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде, қалғаны ІІМ-нің ішкі әскерлерінде, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде, республикалық гвардия және төтенше жағдайлар министрлігінде әскери қызметтен өтеді.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG