Accessibility links

Ефрейтор Пірәлиева генералдарға қарсы шықты


Бұрынғы әскери қызметкер Шұғыла Пірәлиева. Алматы, 19 мамыр 2014 жыл.
Бұрынғы әскери қызметкер Шұғыла Пірәлиева. Алматы, 19 мамыр 2014 жыл.

Жалдамалы әскери қызмет атқарған Шұғыла Пірәлиеваның жұмысқа қайта тұруға тырысып жүргеніне бір жарым жыл болған. Әдетте сыртқа сирек шығатын мұндай жанжалдың сотқа дейін жететіні тіпті аз.

Алматы облысындағы Жетіген кентіндегі №65229 әскери бөлімнің жалдамалы қызметкері, ефрейтор Шұғыла Пірәлиеваны жұмыстан 2012 жылдың қарашасында шығарған. Ол «жұмыстан заңсыз шығарды» деген уәжбен сот арқылы қызметіне қайта тұруға тырысып жүр. Оның ісі бір рет жоғарғы сотқа дейін жеткен.

Енді ол екінші мәрте соттасып жатыр. Мамырдың 21-і күні Қазақстан әскери соты оның Алматы әскери гарнизоны сотының«жұмыстан шығарылуы заңды» деп тапқан шешіміне қарсы аппеляциялық шағымын қарайды.

Қазақстан армиясында басшылық пен қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы дау-жанжал жұртқа жария бола бермейді, ал сотқа дейін жететіні тіпті сирек кездеседі. Ресми дерекке сәйкес, Қазақстан қарулы күштерінде сегіз мыңнан аса әйел қызмет етеді.

КОНТРАКТ МЕРЗІМІ

Шұғыла Пірәлиева Алматы облысындағы Жетіген кентінде орналасқан авиация бөлімінде 2006 жылы қызмет ете бастаған. Келісім-шартта көрсетілген алғашқы мерзім аяқталып, 2009 жылы онымен екінші мерзімге үш жылға келісім-шарт жасалған. Оның мерзімі 2012 жылдың қараша айында бітіп, Шұғыла Пірәлиеваны
Алматы автовокзалындағы әскерге сарбаз жалдау орны. 28 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы автовокзалындағы әскерге сарбаз жалдау орны. 28 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
келісім-шарт мерзімі аяқталуына байланысты қызметінен босатқан.

Пірәлиеваның айтуынша, заңға сәйкес әскери қызметке бірінші келісім-шарт үш жылға, екіншісі бес жылға, ал үшіншісі 10 жылға бекітіледі.

Оның адвокаты Бекатай Әлмұханов «екінші қызмет мерзімін үш жыл деп көрсетіп, келісім-шартқа қол қойдырып, Шұғыланы шатастырған. Оған үш жыл мерзімге қол қой немесе жұмыстан шық деп қысым көрсеткен. Мұндай әрекет заңды бұзу болып есептеледі» дейді.

БАСШЫЛЫҚТЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ

Пірәлиеваның ісінде техника-эксплуатациялық бөлімнің бұрынғы бастығы (қазір зейнет демалысында), подполковник Андрей Ковтунның берген мінездемесі тіркелген. Ол 65229 әскери бөлімінің техника-эксплуатациялық бөлімінде жұмыс істеген кезде Шұғыла Пірәлиева «өзін жағымсыз жағынан көрсетті» деп жазған.

Пірәлиеваның мінездемесінде «командирлердің сын-ескертулерін дұрыс қабылдамайды» деп көрсетілген.

Андрей Ковтунмен хабарласу мүмкін болмады. Майор Дмитрий Жызиян Азаттық
Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. Алматы, 8 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан қарулы күштері сарбаздары. Алматы, 8 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
тілшісіне «Пірәлиева жұмысынан контракт мерзімі бітуіне байланысты босатылған» дейді. Пірәлиева мен басшылық арасындағы қарым-қатынасқа сипаттама беру туралы өтінішке Дмитрий Жызиян «ол сын-ескертулерді дұрыс қабылдамайтын» деп жауап берді.

Шұғыла Пірәлиеваның бұрынғы қызметтестері, оның ішінде келісім-шарт негізінде қызмет атқаратын Жанна Манева «Пірәлиеваның контракт мерзімі бітуіне байланысты жұмыстан шығарылғанын ғана білеміз» дейді.

Шұғыла Пірәлиеваның мінездемесінде «Өз міндеттерін қанағаттанарлық деңгейде атқарады. Жеке басының кінәсінен ұшу кезінде оқиғалар орын алған жоқ» деп жазылған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2009 жылдың қазанында Пірәлиева қызмет еткен әскери бөлім аэродромынан ұшып шыққан Су-24 ұшағындағы 120 миллиметрлік фугас авиабомбасы өзінен өзі атылып кетіп, тұрғын үйға түскен. Бірақ бомба жарылмай, адам өлімі болған жоқ, ешкім зардап шекпеген.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР

Шұғыла Пірәлиеваны жұмыстан шығару кезінде жайсыз жандарды қудалауға психиатрларды тартатын (постсоветтік кезеңде оған психологтар қосылды) советтік репрессивті стилі қолданылғаны байқалады.

Пірәлиеваның айтуынша, әскери қызметшілердің кезекті аттестациясы кезінде психолог оған төртінші дәрежелі шизофрения «диагнозын» қойған. Бірақ сот-медициналық сараптама ұйғарымы болмағандықтан, бұл «диагноз» оның іс
Әскери киімдегі әйелдер мәңгілік алауға гүл қойып жатыр. Ақтау, 13 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Әскери киімдегі әйелдер мәңгілік алауға гүл қойып жатыр. Ақтау, 13 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
материалдарында тіркелмеген. Шұғыла Пірәлиева психиатриялық диспансерге қаралып, «ақыл-есі сау» деген анықтама алуына тура келген.

Адвокаттың айтуынша, Шұғыла Пірәлиеваның психикалық ахуалы туралы мінездеменің оның талап-арызы бойынша азаматтық іске ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан бір-бірін терістейтін бұл екі құжат та іс материалдарына енбеген.

Шұғыла Пірәлиева қызметіне сотқа жүгінбей қайта тұруға әрекеттеніп көрген. Ол қорғаныс министрлігі бас штабына өтініш жолдаған. Бірақ бұрынғы қорғаныс министрі генерал Мұхтар Алтынбековтің баласы Мүслім Алтынбековтың қолы қойылған «мәселеңізді шешу үшін сотқа жүгінуге құқыңыз бар» деген жауап алған.

Осылай тығырыққа тірелген ефрейтор Пірәлиева сотта әділдік іздеп, генералдармен екінші мәрте дауласып жатыр.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG