Accessibility links

Асабаның «өнерге қатысы бар-жоғы» дау болды


Тоқтарәлі Таңжарық, ақын. Алматы, 29 қараша 2012 жыл.

Тоқтарәлі Таңжарық, ақын. Алматы, 29 қараша 2012 жыл.

Оқырмандардың кейбірі асабалық кәсіпті өнер деп дәріптеуге қарсы. Ал асабалар өз кәсіптерін «үлкен, әрі таза өнер» деп сипаттайды.

Жуықта Facebook әлеуметтік желісіндегі қазақ тілді қолданушылардың біразы той басқаратын асабалар туралы пікір таластырды. Бұл сөзге себеп болған жазбаның авторы Тоқтарәлі Таңжарықтың айтуынша, «Асабалық – өнер емес. Керісінше өнерде жүргендер асаба болу арқылы ақша табу жолына түсті».

– Тамада (асаба) болушылардың көбі өнер маңында жүргендер екені даусыз. Қазір эфирге шыққандардың дені тамада болып, ақша табуды көздейді. Олар сахнаны, эфирді той секілді елестетеді. Әнші болсын, жүргізуші болсын – солай. Және өздерін «өнердің қан майданында жүрміз, соны дамытушымыз, дәстүрді жалғастырушымыз» деп түсінеді. Тойда айтатын әндерін, сонда оқитын өлеңдерін өнер деп түсінеді, – дейді ақын Тоқтарәлі Таңжарық.

Оның айтуынша, «Халық та соған бейімделіп алған: «Пәленше деген телеарнада істейтін түгенше деген тамада келіп той жүргізді» деп мақтанады. Оларға әртістерді театрдан гөрі тойдан көру қызығырақ».

– Мәселе, шын өнер үшін қызмет еткің келсе, онда тойға жоламағаның абзал. Той арқылы қанша әншінің дауысы бұзылып, қанша ақынның арзан ұйқасқа ұрынып жатқанын көріп жүрміз. Тіпті, тойда ұзақ жүргендердің дені орынды-орынсыз сөйлей беретін, мағынасыздыққа да ұрынатын сыңайлы. Олар барлық жерді той секілді елестетіп тұрады, – дейді Тоқтарәлі Таңжарық.

«АСАБАЛЫҚ – ҮЛКЕН ӨНЕР»

Өзін «кәсіби асабамын» деп атаған Талант Арынғали «асабалық тек кәсіп қана емес, үлкен өнердің бірі» екенін айтады.

– Әр тойға кем дегенде 300 адам келеді. Әрине, бәріне бірдей жаға беруің мүмкін емес. Десе де тойға келген қауымның басым бөлігін бір арнаға тоғыстырып, айрандай ұйытып, жақсы көңіл-күймен қайтару – өнердің өнері, – дейді Талант Арынғали.

«Қазір осы асабалықтың арқасында нанын тауып жеп, отбасын асырап жүргенін» Талант Арынғали, асаба. Алматы, 16 қаңтар 2013 жыл.

Талант Арынғали, асаба. Алматы, 16 қаңтар 2013 жыл.

айтқан, әуелгі мамандығы журналист Талант Арынғали айтыс ақыны ретінде де танылған.

– Асабалыққа келуіме суырып салмалық қасиетім де себеп болды. Өйткені қазақтығы басым жандар көбіне-көп тойын ақындардың басқарғанын қалайды. Себебі болмашы жерде суырып салып, бағыт бергеннен кейін оны әрі дамытып, өлеңге айналдырып алып кетсең, халықты жылдам баурап аласың, – дейді ол.

Азаттық тілшісі одан «Кәсіби асаба ретінде өнеріңді қаншаға бағалайсың?» деп сұраған еді.

– Жасыратын ештеңесі жоқ, Алматыдағы тойға қасымда музыкантым бар, басқасы бар – командаммен 2 мың долларға барам. Жалпы, әр тойға кем дегенде екі апта дайындалып барамын. Ал той жасайтын адам бір-екі ай бұрын хабарласады. Барып, той иесі туралы, тойға келетін қонақтар туралы ақпараттардың барлығын аламыз. Осы секілді нәрселерді алдын ала екшеп, дайындалып келеміз, – деді.

Әңгіме соңында Талант Арынғали «қазір асабалар үшін өліара шақ» екенін, сенбі және жексенбі күндері ғана тойға шақырту алатынын айтты.

– Ал жаз айларында аптаның жеті күнінде де той басқаратын кездер жиі болады. Тіпті жұма күні Атырауда, сенбіде Астанада, жексенбіде Алматыда той басқаратын кездер де болады, – деді ол.

«АСАБАЛЫҚТЫ ТҮСІНБЕЙТІНДЕР 100 ДОЛЛАРҒА БОЛА БАРАДЫ»

Ал Ерғанат Көпжасарұлы есімді той басқарушының айтуынша, «Асаба – кәсіп емес, таза өнер, онда да маңдай термен қалыптасатын өнер».

Ерғанат асабалыққа кездейсоқ келгенін, кейін бұл кәсіптің көп ізденісті қажет ететінін аңғарғанын айтады.

– Себебі әр сөзіңді тойға келген жұрт бағып отырады. Сондықтан тойшыл жұрттың Ерғанат Көпжасарұлы, асаба. Алматы, 16 қаңтар 2013 жыл.

Ерғанат Көпжасарұлы, асаба. Алматы, 16 қаңтар 2013 жыл.

алдында жаңылмай сөйлеп, той иесін де, қонақтарды ды риза ету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал тойға еңбек еткен екенсің, еңбегіңнің өтеуін алуға тиіссің, – дейді ол.

Мемлекеттік телеарналардың бірінде таңғы бағдарламаны жүргізетін Ерғанаттың әуелгі мамандығы – домбырашы. Кейін педагогика-психология саласы бойынша білім алып, қазір әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша магистратурада оқып жүр.

Ерғанат Көпжасарұлы «асабалар жайлы теріс түсініктердің қалыптаса бастағанын, асабалықты тек кәсіп деп бағалайтындар көбейгенін» айтып, реніш білдірді.

– Қазір 100 долларға баратын асабалар да бар. 20 мың долларды менсінбейтіндер де кездеседі. Алғашқылары – тойдан нәпақа тапқысы келетін, асабалық өнердің салмағы мен жауапкершілігін түсіне алмағандар. Мен оларды асаба деп қабылдамаймын. Ал кейінгілер – өз салмағының қаншалықты екенін білетіндер, – деді.
Аузына келген әзілді оңды-солды айта беретіндердің бәрі бірдей асаба емес.

Асабаның ойынша, «қолына микрофон алып, тойға келгендерге сөз берумен шектелетін, одан-бұдан сөз жинап, елді күлдіргеннің жөні осы екен деп аузына келген әзілді оңды-солды айта беретіндердің бәрі бірдей асаба емес».

– Асабаның қасиеті – сөз бере білу мен керекті кездегі тапқырлық, сосын ұйымдастырушылық қасиеттің мықтылығы. Себебі тойға шақырылған қонақтардың тек кәсібі ғана емес, мінез-құлықтары да ала-құла. Солардың бәрін бір дастарханның басына тоқайластырып, көңілдерінен шығу – сырттай қарағанда оңай көрінуі мүмкін, іс жүзінде ең ауыр, ең қиын өнер, – дейді Ерғанат Көпжасарұлы.

АСАБАНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСІ – ТОЙ АГЕНТТІГІ

Асаба Талант Арынғали тек қана той ұйымдастырумен айналысатын агенттіктер мен орталықтар да бар екенін, олар «тойдың шақыру қағазынан бастап өтетін орынның Үйлену тойы кезінде қыдырып жүрген жас жұбайлар. (Азаттықтың Амантай Билялов есімді оқырманы жүктеген сурет)

Үйлену тойы кезінде қыдырып жүрген жас жұбайлар. (Азаттықтың Амантай Билялов есімді оқырманы жүктеген сурет)

безендірілуіне дейін, тіпті келетін қонақтардың отыратын орнына дейін белгілеп беретінін» айтады.

– Олар тойды тұтас шоуға айналдырады. Және еңбектерінің құнына 100 мыңдап сұрайды, Ал біздікі қарапайым, қазақы ортада танитын адамдардың арасында қазақы әзіл қалжыңмен сыпайы түрде, өздерінің берген бағдарламасы бойынша өткізіп беру ғана, – деді ол.

Асаба айтып отырған той орталықтарының бірі өз жарнамасында «сценарий дайындау мен екі тілде қатар сөйлейтін кәсіби асабалардан бастап, театрландырылған көріністерге дейін дайындайтынын» жазған. Орталық жетекшісі Қанат Алматы, Астана және Тараз қалаларында бөлімдері бар екенін айтып:

– Жеке асабаларға қарағанда біздің мүмкіншілігіміз көп. Кәсіби деңгейдегі асабаларды таңдап отырып шақырамыз. Бізде кәсіби асабалардың ақысы 1 мың доллардан 5 мыңға дейін барады, – деді.

Бірақ орталық жетекшісі қызметінің бағасын айтқысы келмеді.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG