Accessibility links

Мусиннің хаты жарияланған соң сайт ашылмай қалды


Қазақстанның республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин. Астана, 1 маусым 2010 жыл.

Қазақстанның республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин. Астана, 1 маусым 2010 жыл.

Қазақстандық веб-сайт президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің Жаңаөзен оқиғасына қатысты айтылған жауабының көшірмесін жариялады. Бұдан соң сайт ашылмай қалды.

Қазанның 29-ы күні guljan.org веб-сайты республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинге сегіз сұрақтан тұратын хат жолдағанын жазған болатын. Қарашаның 1-інде хаттың жауабы осы сайтта жарияланды.

Азаттық тілшісіне бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Жанар Сәрсенбаева guljan.org сайтына жарияланған жауаптың Аслан Мусиндікі екенін растады:

- Сайтта жарияланған жауаптың есеп комитетінен жіберілгені рас. Сайтқа жарияланған жауап - есеп комитеті жіберген хат, - деді Сәрсенбаева.


Аслан Мусиннің жауабы деп guljan.org сайтына жарияланған хаттың скрин-шоты (3-ші бөлігі). 1 қараша 2012 жыл. Суретті бассаңыз, үлкейеді.

Аслан Мусиннің жауабы деп guljan.org сайтына жарияланған хаттың скрин-шоты (3-ші бөлігі). 1 қараша 2012 жыл. Суретті бассаңыз, үлкейеді.

Guljan.org жариялаған жауапта "Сіздің президент әкімшілігі жетекшісі қызметінен кетуіңіздің себебі не және ол қызметтен мәжбүрлі түрде кеттіңіз бе, ерікті түрді кеттіңіз бе?" деген сұраққа "Президент әкімшілігінің жетекшісі болып төрт жыл қызмет атқардым. Осы уақыт ішінде еңбек демалысын алмастан жұмыс істеуге тура келді. Мен президенттен басқа жұмысқа ауыстыруын сұрадым" деген жауап жазылған.

Бұдан бөлек, веб-сайтқа келген жауап-хатта "Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевпен жұмыс барысында ғана араластым" деген жауап бар.

Мусиннен келді деген жауап-хатта Жаңаөзен оқиғасы туралы сұраққа "Мен Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер туралы 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні, күндізгі сағат 12.30 шамасында құқық қорғау органдары басшыларының баяндамасынан білдім. Қару қолдану туралы бұйрықты мен де, ел басшылығы да берген жоқ" деп жауап берілген.

Қазақстанның Маңғыстау облысында орналасқан Жаңаөзен қаласында 2011 жылы 16 желтоқсанда полиция алаңға шыққан адамдарға оқ атып, ресми мәлімет бойынша "64 адам атыс қаруынан жарақат алып, 14 адам қаза болды. 35 полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алған".

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG