Accessibility links

Айнабек пен Айнұрдың айтысы


Айнабек Бейсенғалиев пен Айнұр Тұрсынбаева. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Айнабек Бейсенғалиев пен Айнұр Тұрсынбаева. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Айтыстың алғашқы күні 10 жұп (20 ақын) сөз сайыстырды. Сахнаға алтыншы жұп болып оралдық Айнабек Бейсенғалиев пен астаналық Айнұр Тұрсынбаева шықты.

Сөз бастаған Айнабек Бейсенғалиев Астана қаласын мақтап, «Хан шатыр» – хас батырдың дулығасы» дей келе:

– Астанада бәрі бар дегенменен,
Мына өткізген ойынымыз ерек боп тұр.
Атсын, мейлің, бақытын оятпаққа
Айтысқа да Ақорда керек боп тұр, – деді.

«Астананың келбетін айтуда» Айнұр Тұрсынбаева да қарсыласынан қалыспады:

– Төбесі бұлтты тіреген
Ғимараттарды қарайын,
Әлемдік дінге ортақ үй
Пирамидаға барайын.
Опера, балет тағы бар,
Жарқыратып тұр маңайын, – деп, Астанадағы ғимараттарды түгендеп шықты.

Қазылар алқасы бұл жұптың жеңісін оралдық Айнабек Бейсенғалиевке берді.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG