Accessibility links

Астанадағы айтыс: Бекарыс пен Құлмахан


Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайлас «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген тақырыппен ақындар айтысы өтті.


Айтыста үшінші жұп болып Ташкент (Өзбекстан) қаласынан келген Құлмахан Дүйсенов пен түркістандық Бекарыс Шойбеков сахнаға шықты.

Қос ақын жекпе-жек айтыстан гөрі дайын шумақтарды айтуға басымдық берді. Айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман сондықтан оларға «Айтысыңдар!» деп ескерту де жасады.

Айтысты бастаған Құлмахан Дүйсенов Қазақстанға былай деп мақтау айтты.

- Бүгінгі қазақстан кешегі емес,
Өркендеген елдердің бірі боп тұр.
ОБСЕ-ге төрағалық жасадыңдар,
Сөзімнің өтірік емес, шыны боп тұр.
...Отыз миллион биыл бидай жиып,
Осы жыл «Қазақстан жылы» боп тұр.

Ал Бекарыс Шойбеков Қазақстанның өткен тарихына шолу жасап, айтысты түйіндеді:

– Керей мен Жәнібегім хандық құрып,
Ел-жұрттың етек-жеңін жиып кетті.
Қасым хан бағындырған шекараға,
Түркінің тең жартысы сыйып кетті.
Онан кейін Абылай, Кенесары,
Беделіңді бұдан да биіктетті.
Желтоқсанда жауқазын жастарыңыз,
Өктемдік құрбаны боп күйіп кетті.
Көз жасы көк мұз боп қатқанменен,
Ет-жүрегімен отанын сүйіп кетті.
Азаттықтың азабын солар көріп,
Рахатын біздерге қиып кетті.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG