Accessibility links

ЕАЭО келісіміне қарсыларды ұстап жатыр


Республика алаңында тұрған полиция көліктері. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

Республика алаңында тұрған полиция көліктері. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

Алматыда орталық алаңды полиция қоршап тұр. Астанада «ұсақ бұзақылық» үшін тағы бір белсенді екі тәулікке қамалды. Екі қалада ЕАЭО келісіміне қарсы белсенділер шетінен ұсталғаны жайлы әлеуметтік желіде хабарлап жатыр.

Бейсенбі күні Астанада Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің саммиті басталғаны хабарланды.

Астанаға Ресей президенті Владимир Путин сол күні таңертең, Беларусь президенті Александр Лукашенко одан бір күні бұрын келген еді.

Астанада олар 29 мамыр күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құру туралы келісімге қол қояды деп жоспарланып отыр.

Осы шараның қарсаңында Алматы мен Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілгені байқалады. Қазақстандық қоғамдық белсенділер бұл күні Еуразия одағына қарсылықтарын білдіретіндері туралы күнібұрын хабарлаған еді.

Мамырдың 29-ы күні Алматыда Республика алаңындағы Тәуелсіздік Республика алаңындағы темір шарбақтар. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

Республика алаңындағы темір шарбақтар. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

монументінің маңын полиция қоршауға алды.

Азаттық тілшісі монумент маңында ішкі әскер сарбаздары отырған екі автобус пен ішінде полицейлері бар екі шағын автобус тұрғанын көрген. Монумент маңы темір шарбақтармен қоршауға алынған.

Бейсенбі күні таңертеңгі сағат жетіден кете Алматыда полиция қызметкерлері азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты әйелімен бірге үйінің алдынан ұстап, Әуезов ауданындағы полиция бөлімшесіне апарған. Бұл туралы Азаттыққа белсендігің зайыбы Зоя Нарымбаева телефонмен хабарлады.

Оның сөзінше, полицейлер Ермек Нарымбаевқа оның Facebook әлеуметтік желісінде Еуразия экономикалық одағы келісіміне қарсы азаматтардың медициналық маска тағып алуы туралы жазған пікірлерін көрсеткен. Нарымбаевқа Әкімшілік құқық бұззушылық туралы кодекстің 373-бабы (жаппай жиналыс, митинг және шеру ұйымдастыру тәртібін бұзу) бойынша айып таққан.
Оқыңыз: Маска – Еуразия Одағына қарсылық белгісі

Ал бұл кезде Астанада полиция Бәйтерек кешені маңына Еуразия экономикалық одағының құрылуына қарсылықтарын білдіріп барған ондаған белсендіні полиция ұстады. «Антигептил» қозғалысы мүшесі Мақсат Нұрыпбаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, он шақты белсенді ЕАЭО құрылуына қарсылық ретінде беттеріне маска тағып Бәйтеректің жанына барған кезде полиция оларды ұстап әкеткен. Ол полиция өздерін Есіл аудандық ішкі істер басқармасына апарғанын айтты. Равкат Каманов, "Антигептил" қозғалысының мүшесі, Еуразия Одағына қарсылық білдіріп тұр. Астана, 29 мамыр 2014 жыл

Равкат Каманов, "Антигептил" қозғалысының мүшесі, Еуразия Одағына қарсылық білдіріп тұр. Астана, 29 мамыр 2014 жыл



Белсендінің сөзінше, полиция ұсталғандардың фотоаппараттары мен бейнекамераларын тартып алған.

28 мамыр күні Астанада Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қоятын күн қарсаңында қарсылықтарын білдіруге Алматыдан барған бірнеше азаматтық белсендіні полиция ұстады.

Астанаға барған белсенділердің бірі Мұратбек Есенғазы «ұсақ бұзақылық жасады» деген айыппен екі тәулікке қамалған. Тағы екі белсенді - Дәурен Жұмаділ мен Ағзамбек Айқынбаев 28 мамыр күні наразылық акцияларын өткізбеу және оған қатыспау туралы ескерту алған. "Солидарность" жұмысшы қозғалысының жетекшісі Сахиб Жаңабаева ұсталғандардың екеуі де полиция бөлімінде отырғанын айтады.

27 мамыр күні Астананың шетіндегі Ильинка кентінде полиция Еуразия одағының #FreeOrken хэштегімен бірге Facebook әлеуметтік желісінде тараған Өркен Жоямергенді қолдау суреті. Авторы - Ардақ Қатарбаев есімді қолданушы.

#FreeOrken хэштегімен бірге Facebook әлеуметтік желісінде тараған Өркен Жоямергенді қолдау суреті. Авторы - Ардақ Қатарбаев есімді қолданушы.

құрылуына қарсы белсенділер өткізген жиынға қатысқан бірнеше адамды, соның ішінде осы шарадан хабар дайындауға барған Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенді ұстаған еді.

Олардың ісін түні бойы қараған әкімшілік сот Өркен Жоямергенмен бірге "16/12" интернет порталының тағы екі журналисі мен бірнеше белсенді "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен үш тәуліктен төрт тәулікке дейінгі мерзімдерге әкімшілік қамауға алуға шешім шығарған.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосы компаниясы тілшісінің ұсталғанын Еуразия экономикалық одағы туралы ақпараттың таратылуына кедергі жасау және сөз бостандығын бұзу деп айыптаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG