Accessibility links

Астана абақтысына қалай түстім?


#FreeOrken хэштегімен бірге Facebook әлеуметтік желісінде тараған Өркен Жоямергенді қолдау суреті. (Авторы - Ардақ Қатарбаев есімді қолданушы).

#FreeOrken хэштегімен бірге Facebook әлеуметтік желісінде тараған Өркен Жоямергенді қолдау суреті. (Авторы - Ардақ Қатарбаев есімді қолданушы).

Еуразия экономикалық одағы келісіміне қарсылардың іс-шарасы туралы репортаж дайындамақ болған Азаттық тілшісі өзінің белсенділермен бірге түн ортасында қалай сотталып, абақтыға түскенін баяндайды.

Мамырдың 27-сі күні «Халықтық Альянс» және «Антигептил» ұйымының мүшелері Еуразия экономикалық одағына қарсы штаб құрды. Белсенділер Астана іргесіндегі Ильинка елді-мекені маңында киіз үй тігіп, мамырдың 29-ы күні қаланың бірнеше жерінде қарсылық шараларын өткізбек болып жоспар құрды. Алайда полиция оларға қарсы арандату ұйымдастырып, 10 адам абақтыға қамалды. Белсенділермен бірге 16/12 бейнепорталының журналисі Санат Орын Әли мен оператор Виктор Гудзь және мен қамауға түстім.

КИІЗ ҮЙДЕГІ КЕЗДЕСУ

Ильинка ауылының маңында белсенділерге арнап тігілген киіз үйдің иесі – Моңғолиядан көшіп келген оралман Саяхат Кәнжіл атты азамат. Ол мамырдың 26-сы күні киіз үйді ауыл шетіндегі өзен сағасына тігіп, өзі түнде сонда қонады. Саяхаттың айтуынша, түннің бір уағында оған белгісіз біреулер келіп, киіз үйге кіргізуін талап етеді. Ол киіз үйін белсенділерге жалға бергелі отырғанын айтып, ішке кіргізбейді. Белгісіз адамдар сол жерде баса-көктеп кіріп Саяхатты соққыға жығады. Үй иесі олардан әрең қашып құтылады. Жапа шегушінің айтуынша, кейіннен олар киіз үй ішіне кіріп, біраз айналған соң кетіп қалған.

Мамырдың 27-сі күні таңғы 11.00 шамасында киіз үйге 30 шақты азаматтық белсенді жиналды. Өткен түні Саяхаттың басынан кешкен оқиғаны естіген Еуразия Одағына қарсы белсенділер Ильинка ауылында жалға алған киіз үйде отыр. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

Еуразия Одағына қарсы белсенділер Ильинка ауылында жалға алған киіз үйде отыр. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

белсенділер қайсыбір мүдделі тараптар киіз үй ішіне тыңдау құрылғысын қойып кетуі мүмкін деп долбар жасады. Осылайша қала ішінде кездесу өткізсек, аңду болады деп қауіптеніп, Астана іргесіндегі ауыл маңынан үй жалдаған белсенділер бәрібір полиция назарынан тыс қалмағандарын ұқты. Олардың әлеуметтік желілер арқылы хабарланған жиыны туралы репортаж дайындауға 16/12 веб-порталының екі журналисі мен Азаттық тілшісі ғана келді.

Белсенділер мамырдың 29-ы күні қандай наразылық шараларын өткізуге болатынын ақылдасты. Бірі «топталып бір шара жасайық» десе, енді бірі полицияның ұстап әкетуіне мүмкіндік бермес үшін шараны әр жерде, әр уақытта жасауды ұсынды. Отырыстың соңына қарай Еуразия экономикалық одағы келісіміне қол қойылар сәтте Астананың бірнеше жерінде 2 сағат сайын қарсылық шараларын ұйымдастыратын болып келісті. Осыдан соң белсенділердің жартысы қалаға қайтып кетті. Алайда бірнеше көлікке мінген белсенділерді жол бойында полиция тоқтатып, Есіл аудандық ішкі істер бөліміне (ІІБ) алып кетті. Полиция оларға жиналысқа қатысушылар мінген көліктің «ұрланған болуы ықтимал» екендігін, өздеріне сондай мәлімет келіп түскенін айтқан. Осы күдікпен ІІБ-ге апарылғандар бес сағатқа жуық полиция басқармасынан шыға алмай қалады.

АРАНДАТУ

Ал үйлеріне қайту үшін дүниелерін жинастырып жатқан киіз үйде қалған белсенділерге бір топ белгісіз адам келіп, төбелес шығарып, арандатпақ болды. Түс кезінде екі көлікпен арнайы келіп, киіз үй маңына түскен белгісіз топтың ішіндегі жас шамасы отыздағы бір жігіт шу-шұрқан шығаруға тырысты. Жұртты жазықсыз балағаттап, жұдырығын ала жүгірген оны белсенділер басу айтып, тоқтатуға әрекеттенді. Өкінішке қарай, одан түк те шықпады. Белсенділер төбелес іздеген адаммен байланыспауға тырысты.
Белсенділер өздеріне қарсы арандату әрекеті жасалғанын аңғарып, дереу сол маңнан кету қажеттігін түсінді. Ал төбелес іздегендер барған сайын айғайын үдетіп, киіз үй маңына топтала бастады.


Киіз үйдің жанына келіп шу шығарғандардан 10-15 метр әріректе тағы бір көлік тұрды. Оның ішінде полиция формасын киген екі адам отырды. Үйлеріне кеткен белсенділердің әуелгі тобы қамауға алынғаны және полиция киімін кигендердің киіз үйдегі белсенділерге соқтыққан адамдарға шара қолданбауы күдікті көрінді. Белсенділер өздеріне қарсы арандату әрекеті жасалғанын аңғарып, дереу сол маңнан кету қажеттігін түсінді. Ал төбелес іздегендер барған сайын айғайын үдетіп, киіз үй маңына топтала бастады. Санаулы минуттарда жиналып үлгерген белсенділер мен журналистер үш көлікке мініп, киіз үй маңынан кетіп қалдық. Ал төбелес шықпағанына көңілі көншімеген шу шығарғыш жігіт көлігіміздің соңынан жаяу қумақ болып біраз жүгірді.

Өзен жағасынан шығып Ильинка ауылына жақындай бергенде күндіз киіз үй маңында арлы-берлі өтіп, бізді фото-видеоға түсірген полиция көлігі мен өзен жағасында аңдып тұрған ішінде екі «полицейі» бар ақ автокөлік ізімізге түсті. Көп ұзамай алдымыздан ОМОН жасағы тиелген «ПАЗ» автобусы мен «Мерседес» микроавтобусы шықты. Біз тас жолға шыққанда соңымыздан полиция көлігі қуып жетіп, полицей құжатымызды тексеріп, қайтармастан қалтасына салып алды. Сөйтті де полицияға «өзен жағасында төбелес болғаны» жайында қоңырау шалынғанын, соның арасында біздің бар- жоғымызды анықтау үшін өз көліктерінің соңынан еріп жүруді бұйырды. Журналист ретінде кәсіби қызметімізді атқарып жүргеніміз туралы сөзімізді жүре тыңдаған ол бізге Есіл аудандық ІІБ-ге баратынымызды айтты.

ТҮСІНІК

Полиция басқармасына келгенде түс әлетінде үйлеріне қайтып кеткен жиналысқа қатысушылардың барлығын сол жерден кезіктірдік. Белсенділер қатарында Желтоқсан оқиғасы кезінде сотталған азаматтар да болды. Біз оларды, олар бізді Еуразия Одағына қарсы шығып ұсталған белсенділер Есіл аудандық ІІБ-де отыр. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

Еуразия Одағына қарсы шығып ұсталған белсенділер Есіл аудандық ІІБ-де отыр. Астана, 27 мамыр 2014 жыл.

көріп таңқалыстық. Осылай жөн сұрасып жатқанымызда біз отырған бөлмеге өзен жағасында шу шығарған бір топ адам кіріп келді. Олардың әлі мастықтарынан айыға қоймағаны байқалып тұрды.

Сәлден соң прокурор келіп, мамырдың 29-ы күні қандай да бір наразылық шарасына қатысқысы келетіндерге ескерту жасап, қағаз таратып берді де, бізге дейін қамауға алынғандарды босатты. Ал «төбелеске қатысы бар» деп ұсталған екі журналист, бір оператор мен жеті белсендіні жібермеді. Арада жарты сағаттай уақыт өткенде полиция төбелес шығармақ болғандарды бір-бірлеп басқа бөлмеге шақыра бастады. Осы кезде соңғы ұсталған 10 адамға полиция бөлімшесіне нендей себеппен келгеніміз жайында түсінік жазу қажеттігін айтты. Мен де, жанымдағы әріптестерім де, белсенділер де жазған түсінігімізде Ильинка маңында болған жиын орнына келіп бір топ адамның төбелес шығармақ болғанын баяндап бердік. Түсінікті жинап алып кеткен полиция өкілдері журналист екеніміз туралы ескертпелерімізді елең қылмастан, еш жауап бермей кетіп қалды.

ТҮНГІ СОТ

Мамырдың 28-іне ауған түнгі 00.00 шамасында өздерін мемлекеттік адвокатпыз деп таныстырған екі кісі келгенде өзен жағасындағы көршілеріміздің үстімізден арыз жазғанын, енді сот болатынын түсіндік. Түнгі 02.00 шамасында «көшпелі Полицей Саховтың Өркен Жоямергенге байланысты жазған құжаты. Астана, 28 мамыр 2014 жыл.

Полицей Саховтың Өркен Жоямергенге байланысты жазған құжаты. Астана, 28 мамыр 2014 жыл.

сот» келіп, Есіл аудандық ІІБ ғимаратында бізді кезек-кезек шақырып, үкім оқи бастады.

10 адамның тоғызыншысы болып судья Б.Ахметқалиевтің алдына мен де бардым. Судьяға өзімнің Азаттық радиосының тілшісі екенімді айтып, құжаттарымды көрсеттім. Киіз үйдегі шараны редакция тапсырмасын орындау үшін барғанымды ескерттім. Судья маған сұрақ қойып, тағылған айыпқа қатысты ойымды сұрады. Маған тағылған айыпта менің «өзен жағасында демалып жатқан адамдарға бейәдеп сөз айтқаным» жазылыпты. Мен: «Бұл айып негізсіз және жала жабу» деп жауап бердім. Осы кезде сот отырысына қатысып отырған полиция капитаны Б.Сахов судьяға менің кінәлі екенімді айта берді. Полиция офицерінен нақты дәлел сұрадым. Көзіме тура қарай алмай, біресе тұтығып, біресе даусы дірілдеген капитан Б.Сахов мені кінәлап тұрып алды.

Ең қызығы сыртымыздан «төбелес шығарды, балағаттады» деп айып таққан масаң топпен біздің ешбірімізді беттестірмеді. Бар болғаны 10-15 минутқа созылған сот отырысының соңында судья форма кимеген, жай костюм-шалбар киіп тұрған прокурорға сөз берді. Ол мені «ұсақ бұзақылық жасады, кінәлі» деп тауып, 7 тәулікке қамауды сұрады. Ал түн ортасында пайда болған және бір заң өкілі – мемлекеттік адвокат менің жазықсыз екенімді айтты. Сөз алған судья Б.Ахметқалиев орнынан тұрып мені әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 330-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 4 тәулікке қамау жайында үкім шығарды.

АБАҚТЫДА

Оныншы адамға үкім оқылғанда сағат таңғы 04.10 болған еді. Тоғыз адам жоғарыда аталған бап бойынша 4 тәулікке, белсенді Ұлан Шамшет қана денсаулығына байланысты 3 тәулікке қамалатын болды. Үкімі шыққан бәрімізді автобусқа тиеп, алды-артымыздан екі полиция көлігі күзеткен күйі, Астана қаласындағы әкімшілік қамауға алынғандар ұсталатын абақтыға таңғы сағат 5 шамасында апарып табыстады. Алайда бізді камераға бірден кіргізбей, 7 Өркен Жоямерген сот үкімін күтіп тұр. Астана, 28 мамыр 2014 жыл.

Өркен Жоямерген сот үкімін күтіп тұр. Астана, 28 мамыр 2014 жыл.

cағаттай құжат толтырып ұстады. Полиция бөліміне түскенде я сусын, я кешкі ас ішпеген бізге абақтыда және таңғы ассыз ашқұрсақ қалдық. Тек түске қарай әрқайсымызды жеке камераға орналастырды.

Мен 106-камераға түстім. Екі адамдық орын екен. Жанымда құжаттары дұрыс болмай, 7 тәулікке қамалған 25 жастағы Ислам деген өзбек жігіті жатты. Екі кісілік камераның көлемі шамамен 10-12 шаршы метр. Ішінде екі темір кереует, бір сөре, бір тумбочка қойылған. Маған темір төсектің үстіне төсеу үшін жұп-жұқа матрац пен жамылу үшін жұлым-жұлымы шыққан жамылғы берілді. Бірінші күні-ақ темір үстіне төселген жұқа матрацтан бүйрегім ауыра бастады. Күзетші полицияларға қалың төсеніш беруін сұрағанымда олар бұған дейінгі жауаптарын қайталады. Сосын қаласам, үйден төсеніш, жастық әкелуіме рұқсат беретіндерін айтты. Мұны естігенде абақтыға барған күні бүктелген көрпе-жастықтарын көтеріп, үйіне қайтып бара жатқан адамдарды көргенім есіме түсті. Үй-ішіммен хабарласуға рұқсат берілмегендіктен 4 күн бойы темір төсек үстінде жатып шықтым. Қырсыққанда, біз қамалған күндері Астанада күн суық болды.

Біз барғанға дейін абақтыдағы 130-ға жуық қамалушы түске дейін бір, түстен кейін бір мәрте серуенге шығады екен. Біз келген күннен бастап, бұл ережеге өзгеріс енді. Күзетшілер басшылық жаңадан түскен журналистер мен белсенділерді бір-бірімен кездестірмеу туралы нұсқау бергенін айтты.

Абақтыда қамалушыларға күніне үш мезгіл тамақ беріледі. Алғашқы күні түскі және кешкі ас ретінде бірінші және екінші ыстық тағам жейтінбіз. Арада бір күн Солдан оңға: Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин Еуразия Одағы келісіміне қол қойған соң бірін-бірі құттықтап тұр. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

Солдан оңға: Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин Еуразия Одағы келісіміне қол қойған соң бірін-бірі құттықтап тұр. Алматы, 29 мамыр 2014 жыл.

өткенде түсте де, кешке де тек қара суға асылған арпа немесе күріш жейтін болдық.

Қамалғанымызға дәл төрт тәулік толғанда үш журналист, жеті белсендіні үкім оқылған таңғы уақыт бойынша бостандыққа шығарды. Осылайша астаналық белсенділердің Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге бейбіт түрде қарсылық білдіру әрекеті мен ол туралы хабар жасағысы келген журналистер жоспары жүзеге аспай қалды.

Төрт тәулік бойы сырт әлемнен хабары болмаған белсенділер Қазақстан, Ресей мен Беларусь президенттерінің Еуразия экономикалық одағы туралы келісімді бекіткендерін маусымның 1-і күні бір-ақ білді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG