Accessibility links

Банк ғимараты тексерілді


Астанадағы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" қызметкерлері мен клиенттері эвакуацияланып, жарылғыш зат қойылуы мүмкін деген ғимарат тексерілді. Оқиға орнына сағат 16:00 шамасынан бастап полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері және қызметтік иттер әкелінді. Астана қалалық ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы София Қылышбекованың Азаттыққа хабарлауынша,әлдебір ер азамат ғимаратта жарылғыш зат бар деп полицияға қоңырау шалған. Алайда ақпарат жалған болып шықты. Астана, 16 ақпан 2016 жыл.

XS
SM
MD
LG