Accessibility links

Үйін қорғау үшін кранға шыққан әйелдер отбасы


Наразы әйелдердің құрылыс алаңы ортасында қалған үйі. Астана, 11 қараша 2013 жыл.

Наразы әйелдердің құрылыс алаңы ортасында қалған үйі. Астана, 11 қараша 2013 жыл.

Үйлерін бұзуға қарсылық білдірген екі әйелдің Астанадағы құрылыс кранында отырғанына бес күнге айналды. Екеуінде ас-су да, байланысқа шығу мүмкіндігі де жоқ. Туыстарының айтуынша, кранда отырған әйелдерге ештеңе бергізбейді.

Екі отбасының 13 адамы тұратын үйін бұздырмауға тырысқан апалы-сіңілілі Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева кран басында отыр. Астананың аязды қысы қарсаңында екі отбасы далада қалайын деп тұр. Қала билігі үйлерін бұзып, жерін «мемлекет мұқтажына» деген уәжбен алмақ. Бірақ қарсылық білдіріп кранда отырған әйелдердің туыстары «Мардымсыз өтемақыға Астанадан жөні түзу баспана сатып алу мүмкін емес» дейді.

Ұялы телефонының қуаты бір күн бұрын таусылған Сандуғаш Серікбаевамен байланысу мүмкіндігі жоқ. Оның әпкесі Орынкүл Кендірбаева балалардың бірін ертіп, күнде бір құзырлы мекеменің есігін қағумен жүр. Бірақ онысынан ештеңе шықпады. Екі сіңлісінің биік кранда отырғанынан бесінші тәулікке айналды. Бұзылады деген үйдің төбесінде Қазақстанның мемлекеттік туын ілінген, қабырғасына «Президенттің атын жамылып, халықты тонап жатырсыңдар» деп жазылған.

Қарашаның 13-і күні полиция Орынкүл Кендірбаеваны ұстап әкетіп, бөлімшеде үш сағат ұстаған. Орынкүлдің айтуынша, оған «үйге журналистердің ешқайсысын шақырмаңдар» деп тапсырған. Енді «бөтен адамды» ол жаққа жібермейді.

САЯЖАЙДАҒЫ ҮЙ

Сандуғаш Серікбаева мен оның ағасы Ишан Кәрібаевтың жеке меншік үйіне қала орталығынан шыққан адам автобуспен бір сағатта, ал 1 мың 500 теңгеге такси жалдаған адам 20 минутта жетуге болады. Автобус Назарбаев Университеті бас корпусына таяу аялдамаға тоқтайды. Екі отбасы тұратын үйге Сандуғаш Серікбаеваның үйі. Астана, 11 қараша 2013 жыл.

Сандуғаш Серікбаеваның үйі. Астана, 11 қараша 2013 жыл.

бос жатқан алаңқай мен құрылыс алаңы арқылы тағы 10 минуттай жаяу жүріп жету керек. Үй Назарбаев Университетіне тиесілі ғимараттардың арт жағындағы құрылыс жүріп жатқан алаңның ортасында қалған.

Сандуғаш пен ағасының үйі тұрған жерді қала билігі дәл осы университет «мұқтаждығы» үшін алмақ. Сот Астана әкімдігі саяжай ретінде бағалаған үй мен жер телімі үшін үй иелеріне 4 миллион 988 мың теңге (32 мың доллар шамасында) өтемақы тағайындаған.

Екі шаңырақтың иелері бұл шартпен келіспейді. Олардың айтуынша, 13 адамы бар екі отбасыға Астанадан бұл ақшаға жатақхана бөлмесі болмаса, жөні түзу баспана сатып алу мүмкін емес.

Екі қабатты үй бұрын саяжайлар болған, қазір қызу құрылыс жүріп жатқан жерде тұр. Тұрмысқа жайсыз шағын үйлерді бұзып, орнына спорт және тағы басқа мемлекеттік нысандар тұрғызып жатыр.

Кезінде күнкөріс қамымен жұмыс іздеп келген, бірақ Астанада басқа баспана жалдауға шамасы жетпеген талай адам осы саяжайларда тұрған. Қазақстан астанасында бір бөлмелі пәтерді жалдау ақысы қазір айына 100 мың теңгеге дейін қымбаттап кеткен.

Бұрын саяжай болған жер қазір Астана қаласының аумағы болып есептеледі. Астаналық тұрғынға айналған азаматтар қаланың сол жағалауынан алыс, су мен жылуы жоқ, кейде жарық болмай қалады деп қысылмайды. Адамдар тіршілікке жайсыз жерлерге қоныстанып жатыр.

ЖЫЛУЫ МЕН СУЫ ЖОҚ ҮЙ

Екі отбасына арнап тұрғызылған үйдің екі есігі бар. Верандада су толтырылған ыдыстар, варенье салынған банкалар, жылы жерде тұрып бұзыла бастаған азық-түлік тұр. Ишан Кәрібаевтың үйіне кірген Азаттық тілшісін шайға шақырды. Дастархан басында отырған үш ер адамның бірі Павлодардан келгенін, пәтер Қиратылатын үйде тұратын балалар президент Назарбаевқа өтініш айтып тұр. Астана, 11 қараша 2013 жыл.

Қиратылатын үйде тұратын балалар президент Назарбаевқа өтініш айтып тұр. Астана, 11 қараша 2013 жыл.

жөндеумен айналысатынын айтты. Отбасының басқа мүшелері де «құрылысшымыз, Астана тұрғындарының үйлерін жөндеп, күн көреміз» дейді.

Үй – тұрмысқа жайсыз, әжетханасы сыртта. Ересектер балаларды мектепке апарады да, қайтар жолда ыдысқа су толтырып ала келеді. 13 адам тұратын екі отбасына күніне 200 литр су жұмсайды. Оның үстіне, қазір үйде үлкен әпкесі мен інілері – үш туысы тұрып жатыр. Назарбаев Университеті түбінде тұрған бұрынғы саяжайлар орталық су құбырына қосылмаған.

Наразы әйелдердің әпкесі Орынкүл Кендірбаеваның айтуынша, суды жол-жөнекей кездескен колонкадан алады. Қыста үйді жылыту үшін екі отбасы сегіз тонна көмір сатып алады. Олардың айтуынша, қала билігі жарықты қиып тастамақ болған, бірақ құрылыс жүргізіп жатқан түрік компаниясы өзінің электр желісіне тегін қосылуға рұқсат беріпті.

Орынкүл Кендірбаеваның айтуынша, осы шетелдік компанияның өкілдері әкімдікке барып, Кран басында отырған әйелдер. Астана, 11 қараша 2013 жыл.

Кран басында отырған әйелдер. Астана, 11 қараша 2013 жыл.

крандағы әйелдерге ас-су көтеріп беруге рұқсат сұраған екен, бірақ рұқсат етпепті.

– Олар «екеуіне ешкім кранға шық деген жоқ, енді өздерінен көрсін» деді, – дейді Орынкүл Кендірбаева.

Орынкүл Кендірбаеваның айтуынша, өздері сияқты «саяжай тұрғындары» үйлері бұзылған соң далада қалады.

– Ешқайсысы ештеңе сатып ала алмады. Осы арада бір отбасы тұрған. Олардың да үйін бұзды. Емшектегі баласы ауырып қалды. Енді көрінгеннің босағасын жағалап жүр. Балалар мектепке бармайды. Мемлекет жұмысында істейтін әкелері жұмысын тастай алмайды. Қоянды, Қосшыдан жер сатып алғандардың үй салатын ақшалары жоқ, – дейді ол.

Ол сіңілісі мен інісі кішкентай балаларымен қайда барарын білмейтінін, тым болмаса уақытша паналай тұратын орындары да жоқ екенін айтты.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG