Accessibility links

Жансая мен Қайнардың айтысы


«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысушы ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.

«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысушы ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.

2010 жылы желтоқсанның 13-16 аралығында Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» жыр сайысының бірінші күнгі соңғы жұбы болып жас ақындар Жансая Мусина мен Қайнар Алакөзов шықты. Бұл екі ақын да үлкен айтысқа тұңғыш рет қатысып отырғандығы айтылды.


Қос жас ақын екеуара әзіл айтыс жасады. Арасында Астананың, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін мадақ жырға қосты.

Қайнар Алакөзов Тәуелсіздік туралы жырында Алашорда және Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлын да сөз етті.

– Ақылдың шекарасын шектемейін,
Тәуелсіздік айналса тақырыпқа,
Қалайша Алашордаға беттемейін.
Әлихан, Ілияс, Мағжандарды,
Айыпсыз атқандарға кектенейін.
Елім, жерім қазағым оянсын деп,
Жүрегін жүдетіп ед дертке дейін.
Қайрат, Ләззат, Ербол мен Сәбиралар,
Қарыштап өсер ме еді көкке дейін.
Алтынбек пен Заманбек ағалардың
Өліміне кінәлі оқ демейін.
Солардың артындағы Қайнар едім,
Әр күнімді халқыммен өткерейін, – деп жырлады ақтөбелік жас ақын Қайнар Алакөзов.

Ал, Қайнардың қарсыласы Жансая Мусина қалжың жырмен қарсыласын қағытып отырды.

– Көмейде тасығасын жыр кемері,
Тиек қып кетсем екен тілге нені.
Қайнаржан, сен ашқұрсақ студент ең,
Сондықтан жағдайың да күрделі еді.
Сен жайлы достарыңнан сұрап едім,
Жағдайы нашар оның мүлде деді.
Айына сабағына бір келеді,
Оқудан шығайын деп тұр деп еді.
Екі алып, емтиханнан құлап қалып,
Арбасын әре-е-ң сүйреп жүр деп еді.
Тақтаға шығарғанда түк айта алмай,
Тұрад дейд былықтырып бірдеңені.
Ау, Қайнар бұл рас па деп сұрап едім,
Ол өзі үндемеді, дым демеді.
Ал, енді айтыстағы жас ақынсың,
Санаса шексіз көп қой жүлделері.
Екімен оқитұғын баланың да,
Әйтеуір болады екен бір керегі, – деп қарсыласын әзілмен қағытты Жансая Мусина.

Жансая мен Қайнардың айтысын мына жерден тыңдай аласыздар:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG